Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларында:
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кешенді бағалау әдістемесі – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган бекітетін, тәуелсіз консультанттардың ұсыныстарында көрсетілген сапалық және сандық сипаттамаларды, көрсетілетін қызметтердің және (немесе) жұмыстардың бағасын және өзге де шарттарды ескере отырып, тәуелсіз консультанттардың ұсыныстарын бағалау үшін комиссия әзірлеген әдістеме;»;
3) тармақша алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – ұсыныстар дайындау және жекешелендіру объектілерін сатуды жүргізу, сондай-ақ тәуелсіз консультантты іріктеуді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган құратын алқалы орган;»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) комиссияның ұсыныстар сұратуды жасауы және шарт жобасын дайындау;»;
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Комиссия:»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комиссия сатушыға жекешелендіру түрі, жекешелендіру объектісін сату шарттары және жекешелендіру объектісін сатып алушыға және тәуелсіз консультанттарға қойылатын талаптар туралы ұсынымдарды енгізеді.».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.
«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығы (бұдан әрі – Жарлық), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 274 қаулысымен бекітілген Жарлықты іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары).
Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаражат талап етпейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Жарлықтың 10-тармағын, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың санын екі есе қысқарту бөлігінде осы Жарлықты іске асыру жөніндегі Iс-қимыл жоспарын орындау үшін.
Енгізілген өзгерістерімен «Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 қаулысы.
Талап етілмейді.
Халықаралық шарт болып табылмайды.
Рұқсат етіледі.
Жоба 2022 жылғы ___ ___________ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ 2022 жылғы ______________ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (88 килобайт).
Жоба тауарларды, қызметтерді саутуға немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты емес.
Сәйкес келеді.
Талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қаржы министрі Е. Жамаубаев
«Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 маусымдағы №382 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
|
№ р/с |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылып отырған редакция |
Негіздеме Тапсырмаларға сілтемеден басқа мыналарды: 1) түзетудің мәнін; 2) енгізілетін әрбір түзетудің нақты негіздемесін көрсету қажет |
|
Тәуелсіз консультантты тарту қағидалары |
||||
|
1. |
2-тармақтың 1) тармақшасы |
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) кешенді бағалау әдістемесі – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган бекітетін, тәуелсіз консультанттардың ұсыныстарында көрсетілген сапалық және сандық сипаттамаларды, көрсетілетін қызметтердің және (немесе) жұмыстардың бағасын және өзге де шарттарды ескере отырып, тәуелсіз консультанттардың ұсыныстарын бағалау үшін жобалау кеңсесі әзірлеген әдістеме;
|
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) кешенді бағалау әдістемесі – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган бекітетін, тәуелсіз консультанттардың ұсыныстарында көрсетілген сапалық және сандық сипаттамаларды, көрсетілетін қызметтердің және (немесе) жұмыстардың бағасын және өзге де шарттарды ескере отырып, тәуелсіз консультанттардың ұсыныстарын бағалау үшін Комиссия әзірлеген әдістеме;
|
«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі №872 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 10-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын қысқарту бойынша жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта Қағидалардың қолданыстағы редакциясында жұмыс тобы (Жобалық кеңсе) мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия үшін ұсынымдар (сатудың түрлері мен шарттары, сатып алушылар мен тәуелсіз консультанттарға қойылатын талаптар) әзірлейді, содан кейін комиссия сатушыға ұсынымдар енгізеді. Бұдан әрі Сатушы осы ұсынымдарды экономиканы жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссияның қарауына енгізеді. Осыған байланысты мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдарын әзірлеу жөніндегі функцияларын сақтай отырып, бюрократиядан арылту мақсатында жұмыс тобын (жобалық кеңсе) қысқарту ұсынылады. Бұған дейін Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары жекешелендіру және квазимемлекеттік сектор активтерін бәсекелі ортаға беру жөніндегі жобалық кеңсе құру жөніндегі іс-шараларды да қамтығанын атап өтеміз, ал Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған қолданыстағы кешенді жоспарында аталған іс-шаралар көзделмеген. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның әдістемені бекітуі бөлігінде түзету редакциялық түзету болып табылады және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 1-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында енгізіледі. |
|
2. |
2-тармақтың 3) тармақшасы |
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: … 3) жұмыс тобы (жобал кеңсесі) (бұдан әрі – жұмыс тобы) – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес айқындалатын консультант қалыптастырған, мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия жанындағы жұмыс тобы; |
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: … Алып тасталсын |
«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі №872 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 10-тармағын орындау үшін консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының санын қысқарту бөлігінде мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссияға функцияларды жүктей отырып, жұмыс тобын (жобалық кеңсе) алып тастау ұсынылады. Сондай-ақ, Заңның 100-1-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға тәуелсіз консультантты таңдау бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайтынын атап өтеміз. |
|
3. |
2-тармақтың 7) тармақшасы |
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: … 7) мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – ұсыныстар дайындау және жекешелендіру объектілерін сатуды жүргізу, сондай-ақ тәуелсіз консультантты іріктеуді жүзеге асыру үшін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган құратын алқалы орган; |
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: … 7) мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – ұсыныстар дайындау және жекешелендіру объектілерін сатуды жүргізу, сондай-ақ тәуелсіз консультантты іріктеуді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган құратын алқалы орган; |
Редакциялық түзету. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның құзыретін айқындау бөлігінде Заңның 1-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес келтіру. |
|
4. |
3-тармақтың 2) тармақшасы |
3. Тәуелсіз консультантты тарту рәсімі мынадай іс-шараларды қамтиды: … 2) жұмыс тобының ұсыныстар сұратуды жасауы және шарт жобасын дайындау; |
3. Тәуелсіз консультантты тарту рәсімі мынадай іс-шараларды қамтиды: … 2) комиссияның ұсыныстар сұратуды жасауы және шарт жобасын дайындауы; |
«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі №872 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 10-тармағын орындау үшін консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының санын қысқарту бөлігінде мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссияға функцияларды жүктей отырып, жұмыс тобын (жобалық кеңсе) алып тастау ұсынылады. |
|
5. |
7-тармақтың бірінші абзацы |
7. Жұмыс тобы комиссия үшін:
|
7. Комиссия ұсыныстар әзірлейді:
|
«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі №872 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 10-тармағын орындау үшін консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының санын қысқарту бөлігінде мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссияға функцияларды жүктей отырып, жұмыс тобын (жобалық кеңсе) алып тастау ұсынылады. |
|
6. |
8-тармақ |
8. Комиссия жұмыс тобының осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген ұсыныстарын қарайды және сатушыға жекешелендіру түрі, жекешелендіру объектісін сату шарттары және жекешелендіру объектісін сатып алушыға және тәуелсіз консультанттарға қойылатын талаптар туралы ұсынымдарды енгізеді. |
8. Комиссия сатушыға жекешелендіру түрі, жекешелендіру объектісін сату шарттары және жекешелендіру объектісін сатып алушыға және тәуелсіз консультанттарға қойылатын талаптар туралы ұсынымдарды енгізеді. |
«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі №872 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 10-тармағын орындау үшін консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының санын қысқарту бөлігінде мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссияға функцияларды жүктей отырып, жұмыс тобын (жобалық кеңсе) алып тастау ұсынылады. |