Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                       Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2022 жылғы «    »

№   қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған

кейбір шешімдерінің тізбесі

 

 

  1. «КИМЭП университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 898 қаулысы.
  2. «КИМЭП университеті» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 898 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 шілдедегі № 463 қаулысы.
  3. «КИМЭП Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 898 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы
    4 тамыздағы № 519 қаулысы.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Ә.А.Смайыловқа

 

 

 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің

күші жойылды деп тану туралы»

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

 

  1. 1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.

  1. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері.

Жоба Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Б. Тілеуберді 2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 21-11/3322//22-61-35/22-3356-1 тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.

  1. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисап, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдар.

Принятие проекта не повлечет за собой отрицательных
социально-экономических и/или правовых последствий.

  1. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтиже мерзімі.

Жобаны қабылдау «КИМЭП университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін нарықтық құны бойынша акцияларды сатып алуға мүдделілігі растамалған стратегиялық инвесторға («Бэнг білім беру қоры» қоғамдық қоры) тікелей атаулы сатуды көздейтін қаулының күші жойылды деп тануға мүмкіндік береді.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері және олардың іске асырылу нәтижесі туралы мәліметтер.

          Енгізілген өзгерістермен «КИМЭП университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2019 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 898 қаулысы.

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Талап етілмейді.

  1. Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат.

Халықаралық шарт болып табылмайды.

  1. Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі.

Рұқсат етіледі.

  1. Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт көлемі).

Жоба мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында (www.gov.kz) 2022 жылғы 25 тамызда, сондай-ақ 2022 жылғы 25 тамызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) (мемлекеттік және орыс тілдерінде файл – __ КБ, есеп қоса беріледі) орналастырылған.

  1. Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің немесе зияткерлік меншік құқықтарының саудасына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизін уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурсында орналастыру туралы ақпарат.

Талап етілмейді.

  1. Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Сәйкес келеді.

  1. Жобаның қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисап нәтижесі.

Талап етілмейді.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және кәсіпкерлік субъектілері сараптамалық кеңестерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі.

Талап етілмейді.

  1. Мемлекеттік органда қоғамдық кеңесті құру «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген жағдайды қоспағанда, егер Үкімет қаулысының жобасы азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін қозғайтын болса, қоғамдық кеңестің ұсынымымен келіспеу себептерінің негіздемесі.

Талап етілмейді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Орынбасары -

Қаржы министрі                                                                     Е. Жамаубаев

Дата публикации
25 августа 2022