«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 934 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 489 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 12 шілдедегі                 № 695 бұйрығына cәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 934 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 19), 20), 21)-тармақшалармен толықтырылсын:

«19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Абай облысы бойынша мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Жетісу облысы бойынша мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Ұлытау облысы бойынша мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

көрсетілген бұйрыққа «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы ереже» деген 3-қосымшада:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Департаменттің заңды мекенжайы: 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Д. Қонаев көшесі, 1.»;

көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес 19, 20, 21-қосымшаларымен толықтыру.

  1. Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттерінің басшылары:

1) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген шараларды қабылдауды;

2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Сейтахметов М.И.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға                                                                                            Б. Тәшенов

 

 

Дата публикации
18 июля 2022