Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін операциялық бағалау нәтижелері туралы қорытынды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

«Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша

мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін операциялық

бағалау нәтижелері туралы

қорытынды

 

2021 жыл

     (есепті кезең)

 

№

Операциялық бағалау критерийлері

Балл

Макс. балл

1

Ашық деректер

18

18

2

Ашық бюджет

18

18

3

Ашық нормативтік құқықтық актілер

17,9

18

4

Ашық диалог

13,8

18

5

Ресми интернет-ресурты толықтыру

16,5

18

6

БАҚ арқылы ашықтық

3,54

10

7

Ведомстволық бағынысты ұйымдардық ашықтығы

0

-9

 

Критерийлер бойынша жалпы баға

87,74

100

 

Айыппұл баллдарын шегеру

0

0

 

Айыппұл баллдарын шегеруді ескере отырып, қорытынды баға

87,74

100

 

«Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы» блогының «Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қызметінің тиімділігін операциялық бағалау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасының, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің және Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірлескен бұйрығымен бекітілген мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын операциялық бағалау әдістемесіне сәйкес жүргізілді (бұдан әрі – Әдістеме).

 

Бағалау критерийлері бойынша қызметтің тиімділігін талдау:

 

  1. «Ашық деректер» өлшемі бойынша

 

Критерий бойынша бағалау бағаланатын мемлекеттік органдарды ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесі шеңберінде (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 774 қаулысымен бекітілген)  ашық деректер жинақтарын жариялауға және сұрау салулар бойынша, сондай-ақ АТ-қоғамдастықтар, кәсіпкерлік, академиялық, ғылыми-зерттеу және бұқаралық ақпарат құралдары мен коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің арасында ашық деректерге деген қажеттіліктерді талдауға ынталандыруға бағытталған.

«Ашық деректер» критерийі бойынша бағалау келесі индикаторлар бойынша жүргізілді:

1) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне сәйкес ашық деректер жиынтықтары жарияланымдарының саны

Бекітілген тізбеге сәйкес Министрлікке 94 ашық деректер жиынтығы бекітілген. Осылайша, есепті кезеңде «Ашық деректер» порталында 88 ашық деректер жарияланымы жариялануы тиіс болды.

Министрлік деректер жиынтығын автоматты режимде жүзеге асырады.

Баяндалғанды ескере отырып, индикатор бойынша 5 балл беріледі.

2) «Сұрау салулар негізінде қосымша жарияланған ашық деректер жиынтықтарының саны»

Қосымша деректердің саны – 8. Осылайша, 2 балл беріледі.

3) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне сәйкес ашық деректер жиынтықтары жарияланымдарының мерзімдерін сақтау

Порталда бар жарияланымдар мерзімінде орналастырылғаны анықталды, осыған байланысты осы индикатор бойынша 6 балл беріледі.

4) «Ашық деректер жиынтығын толтырудың дұрыстығы және толықтығы»

Қате деректер жиынтығы анықталған жоқ, осыған байланысты көрсетілген индикатор бойынша қорытынды балл 4 баллды құрады.

5) «Халықтың ашық деректерге қажеттілігін анықтауға бағытталған іс-шараларды іске асыру»

Халықтың ашық деректерге қажеттілігін анықтау бойынша осы іс-шараларды өткізу туралы ақпарат ұсынылған, сонымен бірге бұл ақпарат Әдістемеде көзделген іс-шараларға сәйкес келмейді. Индикатор бойынша баға 0 баллды құрады.

6) Ашық деректер жиынтығын орналастыруды автоматтандыру

Мемлекеттік орган ашық деректерге сәйкес деректер жиынтығын орналастырған және оны автоматты режимде (Application Programming Interface) API арқылы) жүзеге асырады. Деректер жиынтығын толтырудың дұрыстығы үшін қорытынды балл 1 баллды құрады.

Министрліктің «Ашық деректер» критерийі бойынша қорытынды балды есептеу бес индикатор бойынша нәтижелерді қосу арқылы жүргізілді және ол: мүмкін болған 18 баллдан 18 баллды құрады.

  1. «Ашық бюджет» өлшемі бойынша

 

«Ашық бюджет» өлшемі бойынша бағалау бағаланатын мемлекеттік органдарды бюджеттік ақпаратты жариялауға және келіп түскен түсініктемелер мен ұсыныстармен тиімді жұмыс істеуге ынталандыруға бағытталған.

Осы өлшем бойынша бағалау келесі индикаторлар бойынша жүргізілді:

1) «Шоғырландырылған қаржылық есептілікті орналастырғаны» үшін ең жоғары 3 балл беріледі.

2) «Стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есепті қалыптастыру күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде орналастыру». Стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есеп орналастырылған. Осы индикатор бойынша ең жоғары 1 балл беріледі.

3) «Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті оны қоғамдық кеңестің отырысына ұсынғанға дейін (бар болса), бірақ есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей орналастыру». Көрсеткіш бойынша баға 1 баллды құрады.

4) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарынан оларды алғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпаратты порталда орналастыру». Есепті кезеңде аудит жүргізілді, есептер уақытылы орналастырылды. Ең жоғары 1 балл беріледі.

5) «Азаматтық бюджетті орналастырғаны» үшін ең жоғары 1 балл беріледі.

6) «Кестенің 1-5 тармақтарымен көзделген бюджет материалдарын орналастырудың дұрыстығы және толықтығы». 1) – 5) индикаторлары бойынша бюджеттік материалдар дұрыс және толық көлемде орналастырылған. Ең жоғары 1 балл беріледі.

7) «Кестенің 1-5 тармақтарымен көзделген бюджет материалдарын орналастырудың уақытылығы». Сондай-ақ, ең жоғары               1 балл беріледі.

8) «Бюджеттік бағдарламалар жобаларын орналастырудың дұрыстығы және толықтығы» бойынша ең жоғары 1 балл беріледі.

9) «Бюджеттік бағдарламалар жобаларын орналастырудың уақтылығы» бойынша  ең жоғары 1 балл беріледі.

10) «Пайдаланушылардың ұсыныстары мен түсініктемелерін мониторингілеу және қарау». Пайдаланушылардың ұсыныстары мен түсініктемелерінің болмауына байланысты порталдың әрбір тілдік нұсқасы үшін 1,5 баллдан (барлығы 3 балл) беріледі.

11) «Бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жария талқылауларды өткізу мерзімдері туралы халықты хабардар етуге бағытталған ақпараттық хабарламаларды, баспасөз релиздерін интернет-ресурстарда жариялау». Министрлік осы индикатор бойынша МО ИРБП-да ақпараттық хабарламалар орналастырды. Осыған байланысты, 4 балл беріледі.

Министрліктің «Ашық бюджет» критерийі бойынша қорытынды баллды есептеу индикаторлар бойынша баллдарды қосу арқылы жүргізілді және ол: ықтимал 18 баллдан 18 баллды құрады.

 

  1. «Ашық нормативтік құқықтық актілер» өлшемі бойынша

 

«Ашық нормативтік құқықтық актілер» өлшемі бойынша операциялық бағалау бағаланатын мемлекеттік органдарды нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және заң жобаларының тұжырымдамаларын жариялауға ынталандыруға, сондай-ақ келіп түскен түсіндірмелер мен ұсыныстармен тиімді жұмыс істеуге бағытталған.

Осы өлшем бойынша бағалау келесі индикаторлар бойынша жүргізілді:

1) «Заң жобаларының тұжырымдамаларын орналастыру». Есепті кезеңде «Ашық НҚА» порталында заң жобаларының Тұжырымдамалары әзірленбеуіне байланысты орналастырылмаған. Осылайша, индикатор бойынша Министрлікке 2 балл беріледі.

2) «Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен бірге (өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) орналастыру». Есептік кезеңде порталда нормативтік құқықтық актілердің 370 жобасы жарияланды. Осыған байланысты, осы индикатор бойынша Министрлікке 2 балл беріледі.

3) «Нысандарды толтырудың дұрыстығы (жолдардың толықтығы, нұсқалық, тілдік орналасу)». Нысандар дұрыс толтырылған, сәйкессіздіктер анықталмады. Осылайша, осы индикатор бойынша 2 балл беріледі.

4) «Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына және реттеушілік әсерді талдаудың қорытындыларына пайдаланушылардың ұсыныстары мен түсініктемелерін мониторингілеу және қарау» - азаматтардан 1365 комментарийлер мен ұсыныстар келіп түсті, олардың 12-не мерзімін бұзып жауап берген. Осыған байланысты Министрлікке 6,9 балл беріледі.

5) «Интернет-ресурстарда нормативтік құқықтық актілердің жобаларына жария талқылауларды өткізу мерзімдері туралы халықты хабардар етуге бағытталған ақпараттық хабарламаларды, баспасөз релиздерін жариялау»

Министрлік нормативтік құқықтық актілер жобаларының жария талқылауларын өткізу мерзімдері туралы халықты хабардар етуге бағытталған ақпараттық хабарламаларға, баспасөз релиздеріне сілтемелер ұсынды. Көрсеткіш бойынша баға 3 баллды құрады.

6) «Есепті кезеңде бекітілген заң жобасын ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламаларын іске асыру (іс-шаралардың жариялылық дәрежесі бойынша)» - Әзірленген заң жобалары бойынша есептік ақпаратқа сәйкес ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламаларын әзірлеу талап етілмеді. Осыған байланысты 2 балл беріледі.

Министрліктің «Ашық нормативтік құқықтық актілері» критерийі бойынша қорытынды балды есептеу 6 индикатор бойынша нәтижелерді қосу арқылы жүргізілді және ол: ықтимал 18 баллдан 17,9 баллды құрады.

 

  1. «Ашық диалог» өлшемі бойынша

 

«Ашық диалог» критерийі бойынша бағалау бағаланатын мемлекеттік органдарды мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының блог-платформасы және жетекшілік ететін салалардағы мемлекеттік органның қызметіне қатысты қоғамдық пікірді талдау арқылы жеке және заңды тұлғалармен тиімді өзара іс-қимыл жасауға ынталандыруға бағытталған.

Осы өлшем бойынша бағалау келесі индикаторлар бойынша жүргізілді:

1) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдер мен талаптарға сәйкес мемлекеттік органдар бірінші басшыларының блог-платформасында жауаптар алған сұрақтардың үлесі».

2021 жылы Министрлік 2441 өтінішке жауап берді, оның ішінде 85 өтінішке мерзімі бұзылып жауап берілген. Көрсеткіш бойынша баға                       7,7 баллды құрады.

2) «Интернет-конференциялар мен сауалнамалар өткізу». 2021 жылы Министрлік 0 интернет-конференция және 1 сауалнама жүргізді. Көрсеткіш бойынша баға 1,5 баллды құрады.

3) «Бірінші басшысының блогын жүргізуі (жазбалардың болуы)». «Ашық диалог» порталындағы бірінші басшының блогында есептік кезеңде жазбалар орналастырылған, алайда, тұрақты негізде емес. Индикатор бойынша баға 0,6 баллды құрады.

4) «Ашық отырыстарды (алқаларды) онлайн трансляциялау режимінде өткізу». Министрлік осы бағыт бойынша 1 ашық отырыстың онлайн-көрсетілімін өткізді, сілтемелері бар ақпарат ұсынылды. Осыған байланысты, осы индикатор бойынша 4 балл беріледі.

Министрліктің «Ашық диалог» критерийі бойынша қорытынды баллды есептеу 4 индикатор бойынша нәтижелерді қосу арқылы жүргізілді және ол: ықтимал 18 баллдан 13,8 баллды құрады.

 

  1. «Ресми интернет-ресурсты толықтыру» өлшемі бойынша

 

«Ресми интернет-ресурсты толықтыру» өлшемі бойынша бағалау бағаланатын мемлекеттік органдарды ресми интернет-ресурста ақпаратты орналастыруға және өзектендіруге ынталандыруға бағытталған.

Осы өлшем бойынша бағалау келесі индикаторлар бойынша жүргізілді:

1) «Өзекті байланыс деректерінің (пошталық мекенжайы; электрондық пошта мекенжайы; кеңсе, баспасөз қызметінің, басшылықтың, Әдеп жөніндегі уәкілдің, құрылымдық бөлімшелердің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың телефондары; әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ресми аккаунттарға сілтемелер), мемлекеттік органның және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің (аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының) басшылығы туралы ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік орган басшылығының азаматтар мен ұйымдарды қабылдауы кестесінің болуы»;

Министрліктің ресми интернет-ресурсында өзекті ақпарат орналастырылған. Индикатор бойынша баға 3 баллды құрады.

2) «Мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға қатысты және қолжетімділігі шектеулі ақпаратқа жатқызылмаған өзекті ақпараттың болуы». Министрліктің ресми интернет-ресурсында мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға қатысты ақпарат орналастырған. Алайда, бюджет бөлімінде жоспарлау кезеңінде 2021 жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы есептер жоқ. Индикатор бойынша баға 1,5 баллды құрады.

3) «Мемлекеттік орган, оның аумақтық органдары, ведомстволық бағынысты ұйымдары өз өкілеттіктері шегінде жүргізген тексерулер нәтижелері туралы, сондай-ақ мемлекеттік органда, оның аумақтық органдарында, ведомстволық бағынысты ұйымдарда жүргізілген тексерулер нәтижелері туралы өзекті ақпараттың болуы».

Министрліктің ресми интернет-ресурсында мемлекеттік органда немесе мемлекеттік орган жүргізген тексеру нәтижелері туралы өзекті ақпарат орналастырылған. Индикатор бойынша баға 3 баллды құрады.

4) «Мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметі туралы өзекті ақпараттың болуы». Министрліктің ресми интернет-ресурсында Мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметі туралы өзекті ақпарат орналастырылған. Индикатор бойынша баға 3 баллды құрады.

5) «Мемлекеттік органның өзекті статистикалық салалық деректерінің болуы». 2021 жылы Министрліктің ресми интернет-ресурсында өзекті статистикалық салалық деректер орналастырылған. Индикатор бойынша баға 3 баллды құрады.

6) «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасындағы «Сұрақ қою» сервисінде жауап алған сұрақтардың үлесі». 2021 жылы мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында 14 сұрақ келіп түсті, оның барлығына жауаптар ұсынылды. Индикатор бойынша баға 3 баллды құрады.

Министрліктің «Ресми интернет-ресурсын толықтыру» критерийі бойынша қорытынды балды есептеу 6 индикатор бойынша нәтижелерді қосу арқылы жүргізілді және ол: ықтимал 18 баллдан 16,5 баллды құрады.

 

  1. «БАҚ арқылы ашықтық»

 

«БАҚ арқылы ашықтық» өлшемі бойынша операциялық бағалау бағаланатын мемлекеттік органдарды БАҚ-пен тиімді, жедел және клиентке бағдарланған өзара іс-қимыл жасауды ынталандыруға бағытталған.

«БАҚ арқылы ашықтық» өлшемі бойынша операциялық бағалау мемлекеттік органдардың есептік деректерін талдау нәтижелері негізінде жүзеге асырылады:

1) «Мемлекеттік орган іске асыратын ақпараттық саясаттың жариялылығы». Министрлік ақпараттық саясат шеңберінде растаушы материалдарды қоса бере отырып, жариялылық деңгейі жоғары (анонстаумен, онлайн-трансляциямен, журналистерді шақырумен және мүдделі тұлғалардың тікелей эфирде сұрақ қою мүмкіндігімен) іс-шаралар өткізді. Осы индикатор бойынша 5 балл беріледі.

2) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдер мен талаптарға сәйкес жауап алған БАҚ-тың сұрау салуларының үлесі. 2021 жылы Министрлікке БАҚ-тың 58 сұрау салулар келіп түсті, оның барлығына жауаптар уақытылы берілді. Осыған байланысты 2 балл беріледі.

3) Халықтың отандық БАҚ-та мемлекеттік саясатты жария етуге қанағаттану деңгейі (әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша). Әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша халықтың отандық БАҚ-та мемлекеттік саясатты жария етуге қанағаттану деңгейі 69%-ды құрады. Индикатор бойынша 2 баллды ұсынылады.

Мемлекеттік органның ашықтық дәрежесіне қанағаттанған БАҚ-тың үлесі 22%-ды құрайды.

Министрліктің «БАҚ арқылы ашықтық» критерийі бойынша қорытынды баллды есептеу бекітілген формулаға сәйкес жүргізілді және ол: ықтимал 10 баллдан 3,54 баллды құрады.

 

  1. «Ведомстволық бағынысты ұйымдардың ашықтығы» өлшемі бойынша

 

«Ведомстволық бағынысты ұйымдардың ашықтығы» өлшемі бойынша бағалау бағаланатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды ведомстволық бағынысты ұйымдармен олардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тиімді өзара іс-қимыл жасауға ынталандыруға бағытталған.

Осы критерий бойынша бағалау мынадай өлшемшарттар мен индикаторлар бойынша жүргізілді:

1) «Интернет-ресурстың толықтырылуы». Министрлік осы индикатор бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың интернет-ресурстарында ақпараттың орналастырылғанын растайтын есептік деректерді ұсынды, осыған байланысты 0 айыппұл баллдары беріледі.

2) «Ашық деректер». Министрлік ведомстволық бағынысты ұйымдардың ашық деректерді орналастырғанын растайтын осы индикатор бойынша есептік деректерді ұсынды, осыған байланысты 0 айыппұл баллдары беріледі.

3) «Ашық диалог». Министрлік осы индикатор бойынша ведомстволық бағынысты ұйымның бірінші басшысында блогтың болуын және блогқа келіп түсетін өтініштердің уақытылы қаралуын растайтын есептік деректерді ұсынды, осыған байланысты 0 айыппұл баллдары беріледі.

Министрліктің «Ведомстволық бағынысты ұйымдарының ашықтығы» критерийі бойынша қорытынды балды есептеу мүмкін болған 9 айыппұл баллдан 0 айыппұл баллы берілді.

 

Айыппұл баллдарын шегере отырып, «Ммемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша Министрліктің тиімділігін бағалаудың жалпы баллы ықтимал 100 баллдан 87,74 баллды құрады.

 

Қорытындылар мен ұсыныстар:

Жүргізілген бағалау нәтижелері мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы бөлігінде мемлекеттік органның ашықтығын қамтамасыз ету бойынша министрлік қызметі тиімділігінің жоғары дәрежесін көрсетеді.

Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау сапасын арттыру мақсатында:

«Ашық диалог» порталындағы блог-платформаны дұрыс және тұрақты түрде жазбалармен толтыру (аптасына кемінде 1 жазба);

 бірінші басшының блогына келіп түсетін сұрақтарға жауаптардың уақытылы қаралуын және орналастырылуын бақылауды күшейту;

 бірінші басшының блогына аптасына кемінде 1 жазбадан кезеңділікпен тұрақты орналастыруды қамтамасыз ету;

 есеп беру кезеңінде бекітілген заң жобасын ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламаларының іс-шараларын іске асыру кезінде олардың анонстауын, онлайн-трансляцияларын, журналистерді шақыруды және тікелей эфирде сұрақ қою мүмкіндігін қамтамасыз ету;

 НҚА жобаларына келіп түскен барлық түсініктемелерге уақытылы жауап беруге  ұсынылады.

 

 

Уәкілетті органның

басшысы                                                    ____________  _________________________
                                                                                    (қолы)        (қолтаңбаның толық жазылуы)

«____» ______________ 20 ___ ж.

 

Дата публикации
08 июня 2022