Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне» бөлімінде:
217-15, 217-16 жолдар алып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
«Direct Investment Fund «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF)» Ltd. және «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd. жеке компанияларының кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
|
р/с№ |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылып отырған редакция |
Негіздеме Тапсырмаларға сілтемеден басқа мыналарды көрсету қажет: 1) түзетудің мәні; 2) енгізілетін әрбір түзетудің нақты негіздемесі. |
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» қаулысы |
||||
|
Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесі |
||||
|
1. |
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне» бөлімінің 217-15, 217-16 жолдары |
217-15. «Direct Investment Fund «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF)» Ltd. жеке компаниясы
217-16. «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd. жеке компаниясы |
алып тасталсын |
Анықтамалық: «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd. жеке компаниясы (бұдан әрі – Басқарушы компания) 2019 жылғы 2 қыркүйектегі №2 Инвестицияларды басқару туралы шарттың негізінде «Direct Investment Fund «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF)» Ltd. жеке компаниясы (бұдан әрі – Қор) портфелінің инвестицияларын басқарушы болып табылады. Қазіргі уақытта басқарушы компания акцияларының мемлекеттік пакеті «АХҚО Әкімшілігі» АҚ-ның сенімгерлік басқаруында тұр. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы №34 қаулысына сәйкес ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.К. Жамаубаев Басқарушы компанияның директорлар кеңесінің құрамына сайланды. Сонымен қатар, Қордың жалғыз акционерінің құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган – ҚР Қаржы министрлігі болып табылады. Өзара байланысты компанияларда басқарушылық шешімдер қабылдау жөніндегі өкілеттіктерді осы ұштастыру инвестициялық жобалар бойынша мәмілелерді мақұлдау кезінде мүдделер қақтығысына алып келуі мүмкін. Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында Басқарушы компания мен Қор акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқығын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға қайтару ұсынылады. |
Қазақстан Республикасының
Қаржы вице-министрі Д. Жанәлінов
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайыловқа
«Direct Investment Fund «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF)» Ltd. және «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd. жеке компанияларының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Direct Investment Fund «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF)» Ltd. және «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd. жеке компанияларының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасымен (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» қаулысына иелік ету және пайдалану құқығы ҚР Қаржы министрлігіне берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінен «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd. және «Direct Investment Fund «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF)» Ltd. жеке компанияларын алып тастау бөлігінде өзгеріс енгізу көзделеді.
Жоба Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен әзірленді.
Жоба «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы заңына сәйкес әзірленді.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Үкіметтің бұрын қабылданған актілері:
Жоба қабылданған жағдайда, оны заңнамаға сәйкес келтіру талап етілмейді.
Жоба мен оған материалдарды «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беруге рұқсат етіледі.
Жоба Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында (www.minfin.gov.kz) 2022 жылғы ___ мамырда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) 2022 жылғы ___ маусымда орналыстырылды.
Жоба Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешіміне сәйкес келеді.
Жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғамайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың қарау нысанасы болып табылмайды.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қаржы министрі Е. Жамаубаев