Аналитикалық анықтама

2021 жылдың 12 ай бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету тізілімінде ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің жалпы саны 2 мемелкеттік қызмет көрсетуді құрады, оның ішінде:

1) «Мемлекеттiк мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)»;

2) «Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру».

Комитетепен 2021 жылдың 12 ай бойынша электрондық түрде 268 473   мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Ең көп «Мемлекеттiк мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар) мемлекеттік қызмет бойынша қызмет көрсетілді – 245 453.

Комитет есептік кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету кезеңінің (уақытының) бұзылуы болған жоқ.

Комитетке қызмет көрсеткеніне заңды және жеке тұлғалардан шағым түскен жоқ.

Дата публикации
13 апреля 2022