«Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 196-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 196-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»;
8-тармақта:
2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) базалық қадағалау – талдау жасалуға тиіс мониторинг объектілерінің тізбесі айқындалатын жыл сайынғы ақпарат жинау;»;
9) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) жауапты басшылар – мониторинг объектінің қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспарлы көрсеткіштерін орындауына жауапты мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басшылары;
11) даму жоспары – ұйымның бес жылдық кезеңге арналған қызметінің негізгі бағыттары мен қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат.»;
14-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14-1 тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган, облыстық және аудандық уәкілетті органдар, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі жөніндегі уәкілетті орган органы мониторингті ұйымдастыру мақсатында мониторинг жүргізудің кезеңділігін, мерзімдерін және мониторинг объектілерінің тізбесін мынадай критерийлерге сүйене отырып айқындайды:
пайданы жоспарлап, есепті жылы шығын алған, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар;
есепті жылдың қорытындысы бойынша, жоспарланған шығынның артуына жол берген, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалар.»;
17-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ коммуналдық мүлік, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы, мүліктік жалдаудағы (жалға алудағы), концессиядағы не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша берілген мүлікті жылына бір реттен жиілетпей өткізілетін базалық кешенді тексеру;»;
19-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшасымен толықтырылсын:
«6) мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басшылары даму жоспарының жоспарланған көрсеткіштерін орындамағаны, шығындылыққа немесе жоспарланғаннан артық шығынға әкелгені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
Мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты, жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша құрылған тәуелсіз сарапшылардың есебі мен ұсынымдарын ескере отырып, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жауапты басшыларына Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес тәртіптік жаза қолдану туралы мәселені қарайды және шешім қабылдайды.»;
22-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жылына бір реттен жиілетпей өткізілетін мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы, мүліктік жалдаудағы (жалға алудағы), концессиядағы не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша берілген мүлікті базалық кешенді тексеру;»;
24-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшасымен толықтырылсын:
«4) мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басшылары даму жоспарының жоспарланған көрсеткіштерін орындамағаны, шығындылыққа немесе жоспарланғаннан артық шығынға әкелгені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
Мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты, жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша құрылған мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның талдауы мен ұсынымдарын ескере отырып, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жауапты басшыларына Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес тәртіптік жаза қолдану туралы мәселені қарайды және шешім қабылдайды.».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
«Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
|
№ р/с |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылатын редакция |
Негіздеме. Тапсырмаға сілтемеден басқа: 1 ) түзетудің мәнін; 2) әрбір енгізілетін түзетудің нақты негіздемесін көрсету қажет. |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
|
|
|
|
|
1. |
кіріспе |
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 196-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: |
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 196-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: |
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес заңнамалық актілерге сілтеме жасаған кезде олардың тіркелген нөмірлерін, сондай-ақ қабылданған күндерді көрсету талап етілмейді. |
|
«Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 2, 34-құжат) |
||||
|
|
|
|
|
|
|
2. |
1 - тармақ |
1. Осы Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 196-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды. |
1. Осы Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 196-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды. |
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес заңнамалық актілерге сілтеме жасаған кезде олардың тіркелген нөмірлерін, сондай-ақ қабылданған күндерді көрсету талап етілмейді. |
|
3. |
8 – тармағының 2), 9), 10), 11) және 12) тармақшалары |
8. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: ... 2) базалық қадағалау – тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде талдау жасалуға тиіс мониторинг объектілерінің тізбесі айқындалатын жыл сайынғы ақпарат жинау; ... 9) тәуекелдерді басқарудың жүйесі - қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындыларын ескере отырып, іріктеу қағидаттарына негізделген тиісті жылға арналған мониторинг объектілерінің тізбесін қалыптастыруды қамтамасыз ететін әкімшілік ету жүйесі. 10) жоқ 11) жоқ
|
8. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: ... 2) базалық қадағалау – талдау жасалуға тиіс мониторинг объектілерінің тізбесі айқындалатын жыл сайынғы ақпарат жинау; ... алып тастау 10) жауапты басшылар – мониторинг объектінің қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспарлы көрсеткіштерін орындауына жауапты мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басшылары; 11) даму жоспары – ұйымның бес жылдық кезеңге арналған қызметінің негізгі бағыттары мен қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат. |
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 12-тармағына сәйкес шығынданған ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың тиімділігіне олардың басшыларының жауапкершілігін қарастырып, себептеріне түсінік берумен және жалпы қағидаларды қабылдаумен талдау жүргізу көзделген. ЖІЖ 12-тармағы бойынша 2021 жылдың 2 желтоқсанында Президент Әкімшілігінің басшылығымен өткен кездесу барысында, ҚР Қаржы министрлігіне ҚР Ұлттық экономика министрлігіне шығынға ұшыраған ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындар басшыларының жауапкершілігін қарау туралы ұсыныс енгізу тапсырылды. Сонымен, ҚМ 2021 жылғы 16 қарашадағы № 003-КГ/Д-10023//21-64-4.12 хатымен критерийлер бойынша шығынды акциялар пакеті мемлекетке тиесілі (қатысу үлестері) акционерлік қоғамдар, сонымен қоса ұлттық компаниялар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың (бұдан әрі – Ұйым) тізімін анықтау және квазимемлекеттік сектор басшыларының келтірілген шығындары үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету ұсынылды. Осыған байланысты, 8-тармақты мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты тұлғаның тұжырымдамасын ашатын 10) және 11) тармақшалармен толықтыру ұсынылады. Сондай-ақ, 8-тармақтағы 9) тармақшаны алып тастау және 2) тармақшадағы «тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде» деген сөздерді алып тастау, мониторинг объектілердің тізімін анықтау кезіндегі әдістердің өзгеруіне байланысты ұсынылады. 14-1-тармақтың толықтыруларына сәйкес мониторинг объектілерінің тізбесі критерийлер негізінде айқындалатын болады. 8-тармақтың 12) тармақшасында орындалуы үшін мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың жауапты басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылатын құжат түрін нақтылау мақсатында «даму жоспары» түсінігі енгізілді. |
|
4. |
14-тармағының 1) тармақшасы |
14. Облыстық және аудандық уәкілетті органдар, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі жөніндегі уәкілетті орган мониторингті ұйымдастыру мақсатында: 1) облыстық коммуналдық және аудандық коммуналдық мүліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мониторингі объектілерінің тізбесін, тексеру жүргізудің кезеңділігі мен мерзімдерін белгілейді; ... |
14. Облыстық және аудандық уәкілетті органдар, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі жөніндегі уәкілетті орган мониторингті ұйымдастыру мақсатында: алып тастау ...
|
Мониторингті ұйымдастыру мақсатында облыстық және аудандық уәкілетті органдар, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі жөніндегі уәкілетті органға мониторинг жүргізу кезеңділігін, мерзімдерін және критерийлер негізінде мониторинг объектілерінің тізбесін айқындайтын 14-1-тармақпен толықтырылуына байланысты 14-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталады. |
|
5. |
14-1-тармағы |
жоқ |
14-1. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган, облыстық және аудандық уәкілетті органдар, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі жөніндегі уәкілетті орган органы мониторингті ұйымдастыру мақсатында мониторинг жүргізудің кезеңділігін, мерзімдерін және мониторинг объектілерінің тізбесін мынадай критерийлерге сүйене отырып айқындайды: пайданы жоспарлап, есепті жылы шығын алған, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар; есепті жылдың қорытындысы бойынша, жоспарланған шығынның артуына жол берген, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалар. |
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 12-тармағына сәйкес шығынданған ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың тиімділігіне олардың басшыларының жауапкершілігін қарастырып, себептеріне түсінік берумен және жалпы қағидаларды қабылдаумен талдау жүргізу көзделген. ЖІЖ 12-тармағы бойынша 2021 жылдың 2 желтоқсанында Президент Әкімшілігінің басшылығымен өткен кездесу барысында, ҚР Қаржы министрлігіне ҚР Ұлттық экономика министрлігіне шығынға ұшыраған ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындар басшыларының жауапкершілігін қарау туралы ұсыныс енгізу тапсырылды. Сонымен, ҚМ 2021 жылғы 16 қарашадағы № 003-КГ/Д-10023//21-64-4.12 хатымен критерийлер бойынша шығынды Ұйымдардың тізімін анықтау және квазимемлекеттік сектор басшыларының келтірілген шығындары үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету ұсынылды. Осыған байланысты, тиімділік талдауға жататын шығынды мемлекеттік кәсіпорындар, бақылау акцияларының пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың, оның ішінде ұлттық компаниялардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі - Ұйым), тізбесін айқындау мақсатында, тізбеге енгізуге және қаржылық-шаруашылық қызмет түрлерін талдауға жататын Ұйымдарға қойылатын критерийлерді нақты анықтау қажет: - пайданы жоспарлап, есепті жылы шығын алған, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар; - есепті жылдың қорытындысы бойынша, жоспарланған шығынның артуына жол берген, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалар. |
|
6. |
17-тармағының 1) тармақшасы |
17. Коммуналдық мүлік объектілері мониторингінің мазмұнын: 1) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ коммуналдық мүлік, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы, мүліктік жалдаудағы (жалға алудағы), концессиядағы не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша берілген мүлікті жылына бір реттен жиілетпей өткізілетін базалық кешенді тексеру; ... |
17. Коммуналдық мүлік объектілері мониторингінің мазмұнын: 1) мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ коммуналдық мүлік, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы, мүліктік жалдаудағы (жалға алудағы), концессиядағы не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша берілген мүлікті жылына бір реттен жиілетпей өткізілетін базалық кешенді тексеру; ... |
17-тармақтың 1) тармақшасында«тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде» деген сөздерді алып тастау, мониторинг объектілердің тізімін анықтау кезіндегі әдістердің өзгеруіне байланысты ұсынылады. 14-1-тармақтың толықтыруларына сәйкес мониторинг объектілерінің тізбесі критерийлер негізінде айқындалатын болады. |
|
7. |
19-тармағының 6) тармақшасы |
жоқ |
19. Коммуналдық мүлік объектілеріне мониторинг мынадай тәртіппен жүргізіледі: … 6) мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басшылары даму жоспарының жоспарланған көрсеткіштерін орындамағаны, шығындылыққа немесе жоспарланғаннан артық шығынға әкелгені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты, жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша құрылған тәуелсіз сарапшылардың есебі мен ұсынымдарын ескере отырып, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жауапты басшыларына Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес тәртіптік жаза қолдану туралы мәселені қарайды және шешім қабылдайды. |
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 12-тармағына сәйкес шығынданған ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың тиімділігіне олардың басшыларының жауапкершілігін қарастырып, себептеріне түсінік берумен және жалпы қағидаларды қабылдаумен талдау жүргізу көзделген. ЖІЖ 12-тармағы бойынша 2021 жылдың 2 желтоқсанында Президент Әкімшілігінің басшылығымен өткен кездесу барысында, ҚР Қаржы министрлігіне ҚР Ұлттық экономика министрлігіне шығынға ұшыраған ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындар басшыларының жауапкершілігін қарау туралы ұсыныс енгізу тапсырылды. Сонымен, ҚМ 2021 жылғы 16 қарашадағы № 003-КГ/Д-10023//21-64-4.12 хатымен критерийлер бойынша шығынды Ұйымдардың тізімін анықтау және квазимемлекеттік сектор басшыларының келтірілген шығындары үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету ұсынылды. Осыған байланысты, 19-тармақты 6) тармақшамен квазимемлекеттік сектор басшысының келтірілген шығындар үшін тәртіптік сипаттағы жауаптылығын қамтамасыз ету туралы толықтыру ұсынылады. |
|
8. |
22-тармағының 1) тармақшасы |
22. Республикалық мүлік объектілері мониторингінің мазмұнын: 1) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жылына бір реттен жиілетпей өткізілетін мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы, мүліктік жалдаудағы (жалға алудағы), концессиядағы не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша берілген мүлікті базалық кешенді тексеру; ... |
22. Республикалық мүлік объектілері мониторингінің мазмұнын: 1) жылына бір реттен жиілетпей өткізілетін мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы, мүліктік жалдаудағы (жалға алудағы), концессиядағы не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша берілген мүлікті базалық кешенді тексеру; ... |
22-тармақтың 1) тармақшасында «тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде» деген сөздерді алып тастау, мониторинг объектілердің тізімін анықтау кезіндегі әдістердің өзгеруіне байланысты ұсынылады. 14-1-тармақтың толықтыруларына сәйкес мониторинг объектілерінің тізбесі критерийлер негізінде айқындалатын болады. |
|
|
24-тармағының 4) тармақшасы |
жоқ |
24. Республикалық мүлік объектілерінің мониторингі мынадай тәртіппен жүргізіледі: … 4) мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басшылары даму жоспарының жоспарланған көрсеткіштерін орындамағаны, шығындылыққа немесе жоспарланғаннан артық шығынға әкелгені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты, жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша құрылған мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның талдауы мен ұсынымдарын ескере отырып, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жауапты басшыларына Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес тәртіптік жаза қолдану туралы мәселені қарайды және шешім қабылдайды.
|
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 12-тармағына сәйкес шығынданған ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың тиімділігіне олардың басшыларының жауапкершілігін қарастырып, себептеріне түсінік берумен және жалпы қағидаларды қабылдаумен талдау жүргізу көзделген. ЖІЖ 12-тармағы бойынша 2021 жылдың 2 желтоқсанында Президент Әкімшілігінің басшылығымен өткен кездесу барысында, ҚР Қаржы министрлігіне ҚР Ұлттық экономика министрлігіне шығынға ұшыраған ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындар басшыларының жауапкершілігін қарау туралы ұсыныс енгізу тапсырылды. Сонымен, ҚМ 2021 жылғы 16 қарашадағы № 003-КГ/Д-10023//21-64-4.12 хатымен критерийлер бойынша шығынды Ұйымдардың тізімін анықтау және квазимемлекеттік сектор басшыларының келтірілген шығындары үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету ұсынылды. Осыған байланысты 24-тармақты 4) тармақшамен квазимемлекеттік сектор басшысының келтірілген шығындар үшін тәртіптік сипаттағы жауаптылығын қамтамасыз ету туралы толықтыру ұсынылады. |
Вице-минитр Д.Е. Жаналинов
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайыловқа
«Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасымен (бұдан әрі – Жоба) мониторинг объектілері басшылары ұйымның шығындылығы үшін жауапкершілігін анықтау және критерийлер негізінде мониторинг объектілерінің тізбесін қалыптастыру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.
Жоба Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен әзірленді.
Жоба Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
М.Ә. Нұртілеудің 2022 жылғы 23 ақпандағы № 7766-3 ПАБ мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 12-тармағын орындау туралы қарарына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Т.Сұлтановтың 2022 жылғы 1 наурыздағы № 20-02/01-86//659 п. 12 бұйрығын орындау мақсатында әзірленді.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Жобаны қабылдау мониторинг объектілері басшыларының ұйымға келтірген шығындары үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Үкіметтің бұрын қабылданған актілері:
Енгізілген өзгерістерімен бірге «Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысы.
Жоба қабылданған жағдайда, оны заңнамаға сәйкес келтіру талап етілмейді.
Жобаны және оның материалдарын Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру рұқсат етіледі.
Жоба 2022 жылғы ____ наурызда мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында (www.beta.gov.kz) және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz) (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі файлдар – 147 КБ) 2022 жылғы ____ наурызда орналастырылған.
Жоба Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешіміне сәйкес келеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың 2022 жылғы ____ наурыздағы қорытындысы.
Жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Е.К. Жамаубаев