«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
мынадай мазмұндағы 450-1) және 450-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«450-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, орналастырылатын акцияларға ақы төлеуді, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны, сондай-ақ республикалық мүлікті, оның ішінде акцияларды, үлестерді, пайларды және жарғылық капиталға қатысудың өзге де нысандарын енгізу арқылы салым енгізуді жүзеге асырады;
450-2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекеттің акционер (қатысушы, салымшы, мүше) ретінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғаларды басқаруға қатысу құқықтарын «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілерінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады;»:
691) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«691) Қазақстан Республикасының атынан республикалық заңды тұлғаларға қатысты республикалық меншік құқығының субъект құқығын жүзеге асырады, оның ішінде өткiзу актiсiн, сондай-ақ республикалық заңды тұлғаларды қайта құру және тарату кезінде бөлу, аралық тарату балансын және тарату балансын бекітеді;»:
698) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«698) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға негізгі құралдарға жататын мүлікті иеліктен шығару немесе өзге тәсілмен билік етуді келісу;»:
мынадай мазмұндағы 698-1) тармақшамен толықтырылсын:
«698-1) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорынның өзіне бекітіліп берілген мүлікті (өзі өндірген өнімді сатуын қоспағанда) иеліктен шығаруына немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуіне, филиалдар (өкілдіктер) құруына жазбаша келісім береді;»:
729) тармақша алып тасталсын:
736) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«736) мемлекеттік материалдық резервті және арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жедел басқаруындағы мүлікті қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша, жүктелген функцияларды орындауға қажетті мүлікпен қамтамасыз етеді;».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
|
р/с№ |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылып отырған редакция |
Негіздеме Тапсырмаларға сілтемеден басқа мыналарды көрсету қажет: 1) түзетудің мәні; 2) енгізілетін әрбір түзетудің нақты негіздемесі. |
|
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде |
||||
|
1. |
16)-тармақтың 450-1)-тармақшасы |
жоқ |
450-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, орналастырылатын акцияларға ақы төлеуді, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны, сондай-ақ республикалық мүлікті, оның ішінде акцияларды, үлестерді, пайларды және жарғылық капиталға қатысудың өзге де нысандарын енгізу арқылы салым енгізуді жүзеге асырады. |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы заңына сәйкестендіру, оған сәйкес мемелкеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, орналастырылатын акцияларға ақы төлеуді, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны, сондай-ақ республикалық мүлікті, оның ішінде акцияларды, үлестерді, пайларды және жарғылық капиталға қатысудың өзге де нысандарын енгізу арқылы салым енгізуді жүзеге асырады. |
|
2. |
16)-тармақтың 450-2)-тармақшасы |
жоқ |
450-2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекеттің акционер (қатысушы, салымшы, мүше) ретінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғаларды басқаруға қатысу құқықтарын «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілерінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады. |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы заңына сәйкестендіру, оған сәйкес мемелкеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган 450-2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекеттің акционер (қатысушы, салымшы, мүше) ретінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғаларды басқаруға қатысу құқықтарын «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілерінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады. |
|
3. |
16)-тармақтың 691)-тармақшасы |
691) Қазақстан Республикасының атынан республикалық заңды тұлғаларға қатысты республикалық меншік құқығының субъект құқығын жүзеге асыру; |
691) Қазақстан Республикасының атынан республикалық заңды тұлғаларға қатысты республикалық меншік құқығының субъект құқығын жүзеге асырады, оның ішінде өткiзу актiсiн, сондай-ақ республикалық заңды тұлғаларды қайта құру және тарату кезінде бөлу, аралық тарату балансын және тарату балансын бекітеді. |
ҚР Азаматтық кодексінің 47-бабының 2-тармағына сәйкес өткiзу актiсi мен бөлу балансын заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешiм қабылдаған орган бекiтедi және құрылтай құжаттарымен бiрге жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды тiркеуге немесе нақтылы бар заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер енгiзу үшiн олар құрылтай құжаттарымен бiрге тапсырылады. |
|
4. |
16)-тармақтың 698)-тармақшасы |
698) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға негізгі құралдарға жататын мүлікті иеліктен шығару немесе өзге тәсілмен билік ету, дебиторлық берешекті беру және есептен шығаруды келісу; |
698) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға негізгі құралдарға жататын мүлікті иеліктен шығару немесе өзге тәсілмен билік етуді келісу; |
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына өзгерістар енгізілуіне байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Заңына сәйкес келтіру мақсатында. Дебиторлық берешекті беру және есептен шығару мәселесі тиісті саланың уәкілетті органдарының функцияларын жүзеге асыратын салалық министрліктер мен ведомстволардың құзыретіне кіреді. |
|
5. |
16)-тармақтың 698-1)-тармақшасы |
жоқ |
681-1) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорынның өзіне бекітіліп берілген мүлікті (өзі өндірген өнімді сатуын қоспағанда) иеліктен шығаруына немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуіне, филиалдар (өкілдіктер) құруына жазбаша келісім береді. |
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына өзгерістар енгізілуіне байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2021 жылғы 2 қаңтардағы Заңына сәйкес келтіру мақсатында. |
|
6. |
16)-тармақтың 729)-тармақшасы |
729) республикалық мүлiктi жекешелендiру бойынша сауданы жүргiзу туралы хабарламаны жариялау үшiн мерзiмдi баспа басылымдарын анықтау жөнiндегi конкурсты «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткiзу; |
алып тастау |
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына өзгерістар енгізілуіне байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2021 жылғы 2 қаңтардағы Заңына сәйкес келтіру мақсатында. |
|
7. |
16)-тармақтың 736)-тармақшасы |
736) мемлекеттік материалдық резервті және жедел басқарудағы мүлікті, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін жүктелген функцияларды орындауы үшін қажетті мүлікпен қамтамасыз ету; |
736) мемлекеттік материалдық резервті және арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жедел басқаруындағы мүлікті қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша, жүктелген функцияларды орындауға қажетті мүлікпен қамтамасыз етеді |
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына өзгерістар енгізілуіне байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2021 жылғы 2 қаңтардағы Заңына сәйкес келтіру мақсатында. |
Қазақстан Республикасының
Қаржы вице-министрі Д. Жанәлінов
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайыловқа
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі
№ 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасымен (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеге оны өзектілендіру мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.
Жоба Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен әзірленді.
Жоба:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 590 қаулысымен бекітілген мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге;
2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Заңына;
3) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Заңына;
4) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес әзірленді.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Үкіметтің бұрын қабылданған актілері:
Енгізілген өзгерістерімен және (немесе) толықтыруларымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысы.
Жоба қабылданған жағдайда, оны заңнамаға сәйкес келтіру талап етілмейді.
Жобаны және оның материалдарын Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру рұқсат етіледі.
Жоба 2022 жылғы ____ ақпанда мемлекеттік органдардың
интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында (www.beta.gov.kz) және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz) (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі файлдар – 147 КБ) 2022 жылғы ____ ақпанда орналастырылған.
Жоба Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешіміне сәйкес келеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың 2022 жылғы
____ ақпандағы қорытындысы.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Е. Жамаубаев