«Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

 

 

 

«Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде
    № 10801 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 201-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі –  Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 201-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүліктің тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жүргізу тәртібін анықтайды.»;

14 тармақта:

3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарлары, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, оның ішінде мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарлары, даму жоспарлары және олардың орындалуы туралы есептер»;

 

 

14 тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшасымен толықтырылсын;

 «15-1) мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар бөлінісінде сыртқы және ішкі қарыз алу құрылымы туралы мәліметтер.»;

17-1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«17-1. Кәсіпкерлік ортада мемлекеттің қатысуы орындылығын анықтау мақсатында бәсекелестіктің тауар нарықтарындағы жай-күйін талдау нәтижелері бойынша тізілім мәліметтерін өзектендіруді Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұйымдар, мемлекеттік кәсіпорындар бойынша мәліметтерді тізілімінде жаңарту жолымен, оларға мынадай:

1) мемлекеттік меншікте тұрақты/уақытша сақтау;

2) тарату;

3) қайта ұйымдастыру;

4) жекешелендіру;

5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі мәртебелерін бере отырып жүргізеді

36 тармақтың 7 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7). ұйымдардың және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарау қолжетімді

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және  2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы    

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Республикалық бюджеттің атқарылуын

бақылау жөніндегі есеп комитеті

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Индустрия және

инфрақұрылымдық даму министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігі

 

 

 «КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы
         Ұлттық экономика министрлігі

 

 

«Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы
26 наурыздағы № 207 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі
бұйрығының салыстырма кестесі

 

Р/с №

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме

1.

кіріспе

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 201-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 201-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес заңнамалық актілерге сілтеме жасаған кезде олардың тіркелген нөмірлерін, сондай-ақ қабылданған күндерді көрсету талап етілмейді.

Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары

2.

1-тармақ

1. Осы Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 201-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүліктің тізілімін (бұдан әрі - тізілім) жүргізу тәртібін анықтайды.

1. Осы Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 201-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүліктің тізілімін (бұдан әрі - тізілім) жүргізу тәртібін анықтайды.

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес заңнамалық актілерге сілтеме жасаған кезде олардың тіркелген нөмірлерін, сондай-ақ қабылданған күндерді көрсету талап етілмейді.

3.

14-тармағының 3) тармақшасы

 

 

 

 

14. Қосымша кіші бөлімде мемлекеттік міндеттерді шешу үшін қажетті әр түрлі серпінді көрсеткіштер қамтылады:

          …;

 

   3) акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарлары, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау және олардың орындалуы туралы есептер;

 

14. Қосымша кіші бөлімде мемлекеттік міндеттерді шешу үшін қажетті әр түрлі серпінді көрсеткіштер қамтылады:

   …

     

 

          3) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарлары, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, оның ішінде мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарлары, даму жоспарлары және олардың орындалуы туралы есептер;

     

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 95-VII ҚРЗ Заңымен Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 199 бабының 2 тармағына өзгерістер енгізілдіктен, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес келтіру мақсатында. 

 

4.

14-тармағының 15-1) тармақшасы

14. Қосымша кіші бөлімде мемлекеттік міндеттерді шешу үшін қажетті әр түрлі серпінді көрсеткіштер қамтылады:

     …

 

 

15-1) жоқ;

14. Қосымша кіші бөлімде мемлекеттік міндеттерді шешу үшін қажетті әр түрлі серпінді көрсеткіштер қамтылады:

      …

 

      15-1) мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар бөлінісінде сыртқы және ішкі қарыз алу құрылымы туралы мәліметтер;

 

 

2030 жылға дейін мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдаға сәйкес (ҚР Президентіне қарастырылуына 2021 жылғы 28 желтоқсанындағы № 941 ҚҮҚ-мен енгізілді), квазимемлекеттік сектор міндеттемелерін толық есепке алу үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ішкі және сыртқы қарыздың мониторингін жүргізуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы №14 бұйрығымен бекітілген, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларында қарыз алу құрылымы туралы ақпарат беру көзделгенін есепке ала отырып.

Осыған орай, ҚР-сы қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №207 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларына қарыз алу құрылымы туралы ақпаратты қосымша мәліметтер құрамына қосуды жөн деп санаймыз.

 

 

4.

17-1-тармағы

17-1. Кәсіпкерлік ортада мемлекеттің қатысуы орындылығын анықтау мақсатында бәсекелестіктің тауар нарықтарындағы жай-күйін талдау нәтижелері бойынша тізілім мәліметтерін өзектендіруді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ұйымдар, мемлекеттік кәсіпорындар бойынша мәліметтерді тізілімінде жаңарту жолымен, оларға мынадай:

1) мемлекеттік меншікте тұрақты/уақытша сақтау;

2) тарату;

3) қайта ұйымдастыру;

4) жекешелендіру;

5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі мәртебелерін бере отырып жүргізеді.

17-1. Кәсіпкерлік ортада мемлекеттің қатысуы орындылығын анықтау мақсатында бәсекелестіктің тауар нарықтарындағы жай-күйін талдау нәтижелері бойынша тізілім мәліметтерін өзектендіруді Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұйымдар, мемлекеттік кәсіпорындар бойынша мәліметтерді тізілімінде жаңарту жолымен, оларға мынадай:

1) мемлекеттік меншікте тұрақты/уақытша сақтау;

2) тарату;

3) қайта ұйымдастыру;

4) жекешелендіру;

5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі мәртебелерін бере отырып жүргізеді.

 

 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Президентінің Жарлығымен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Ұлттық экономика министрлігінің құрамынан бөліну арқылы құрылды (монополияға қарсы орган).

Бұл ретте, Кәсіпкерлік кодекстің 90-6-бабы 11-тармағына сәйкес монополияға қарсы орган тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдауды жүзеге асырады.

Сол себепті, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды  Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне алмастыру қажеті туындады.

5.

36 тармақ

36. Жеке және заңды тұлғалар үшін тізілімнің веб-порталында мынадай функцияларға:

  … 

      7) ұйымдардың және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарлары мен даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді қарау қолжетімді.

 

36. Жеке және заңды тұлғалар үшін тізілімнің веб-порталында мынадай функцияларға:

     … 

      7) ұйымдардың және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарау қолжетімді.

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 95-VII ҚРЗ Заңымен Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының
1 бабының 37-2  тармағы толықтырылғандықтан, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес келтіру мақсатында. 

 

           

 

 

 

Дата публикации
10 февраля 2022