«КИМЭП университеті» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 898 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«КИМЭП университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«КИМЭП университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 40 (қырық) проценті мөлшеріндегі мемлекеттік акциялар пакетін «Бэнгтің білім беру қоры» қоғамдық қорына (бұдан әрі – стратегиялық инвестор) тікелей атаулы сату жүзеге асырылсын.»;
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2020 – 2025 жылдар аралығындағы кезеңде жылына түлектердің орташа саны 500 (бес жүз) адамнан кем болмауын қамтамасыз ету;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін кредиторлық берешекті өтеу;».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А.Ұ.Маминге
«КИМЭП университеті» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 898 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«КИМЭП университеті» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 898 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасымен (бұдан әрі – Жоба) «КИМЭП» университетінің ұйымдық-құқықтық нысандарын және 2020 – 2025 жылдар аралығындағы кезеңде жылына түлектердің орташа саны 500 (бес жүз) адамнан кем болмауын қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін кредиторлық берешекті өтеу жөнінде стратегиялық инвестор үшін міндеттемелерді өзгерту бөлігінде «КИМЭП университеті» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 898 қаулысына өзгерістер енгізу көзделеді.
Жобаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі әзірледі.
Жоба:
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Жобаны қабылдау «КИМЭП университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 40 (қырық) проценті мөлшеріндегі мемлекеттік акциялар пакетін «Бэнгтің білім беру қоры» қоғамдық қорына тікелей атаулы сатуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері:
«КИМЭП университеті» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 898 қаулысы.
Жоба қабылданған жағдайда, заңнаманы оған сәйкес келтіру талап етілмейді.
Жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру рұқсат етіледі.
Жоба 2020 жылғы «___»_________ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (www.minfin.gov.kz) интернет-ресурсында, сондай-ақ 2020 жылғы «__»________ (http://legalacts.egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (файл орыс тілінде –__КБ, есеп қоса беріледі).
Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.
Жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды.
«КИМЭП университеті» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 898 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
|
№ |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция
|
Ұсынылып отырған редакция
|
Негіздеме. Тапсырмаларға сілтемелерден басқа: 1) түзетудің мәнін; 2) әрбір енгізілген түзетудің нақты негіздемесін көрсету қажет. |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
«КИМЭП университеті» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы |
||||
|
1. |
тақырып |
«КИМЭП университеті» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы» |
«КИМЭП университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы» |
2019 жылғы 1 шілдедегі заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы анықтамаға сәйкес «КИМЭП университеті» акционерлік қоғамы ұйымдық-құқықтық нысанын «КИМЭП университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына өзгертті. |
|
2. |
1-тармақ |
1. «КИМЭП университеті» акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 40 (қырық) проценті мөлшеріндегі мемлекеттік акциялар пакетін «Бэнгтің білім беру қоры» қоғамдық қорына (бұдан әрі – стратегиялық инвестор) тікелей атаулы сату жүзеге асырылсын. |
1. «КИМЭП университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 40 (қырық) проценті мөлшеріндегі мемлекеттік акциялар пакетін «Бэнгтің білім беру қоры» қоғамдық қорына (бұдан әрі – стратегиялық инвестор) тікелей атаулы сату жүзеге асырылсын. |
2019 жылғы 1 шілдедегі заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы анықтамаға сәйкес «КИМЭП университеті» акционерлік қоғамы ұйымдық-құқықтық нысанын «КИМЭП университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына өзгертті. |
|
3. |
2-тармақтың 2) тармақшасы |
2) 2020 – 2025 жылдар аралығында жыл сайынғы түлектер санының 500 (бес жүз) адамнан кем болмауын қамтамасыз ету; |
2) 2020 – 2025 жылдар аралығындағы кезеңде жылына түлектердің орташа саны 500 (бес жүз) адамнан кем болмауын қамтамасыз ету; |
Ұсынылып отырған редакция 2020 – 2025 жылдар аралығындағы кезеңде түлектердің санын орташалауға мүмкіндік береді, себебі олардың саны әлеуетті сатып алушының және жалпы «КИМЭП» университетінің қаржылық-шаруашылық қызметіне тікелей байланысты емес, тек болашақ студенттердің қалауы мен таңдауына байланысты. «КИМЭП» университеті ұсынған деректерге сәйкес, соңғы бес жыл ішінде (2015 жылы - 605, 2016 жылы - 638, 2017 жылы - 523, 2018 жылы - 503, 2019 жылы - 537) түлектердің орташа саны 560 адамды құрады. Бұдан басқа заңнамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасасқаннан кейін міндеттемелердің орындалуына тексеру көзделеді және ұсынылған редакция сатып алушының міндеттемелерді орындауы бойынша объективті қорытынды жасауға және сатып алу-сату шартын негізсіз бұзу тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді. |
|
4. |
2-тармақтың 6) тармақшасы |
6) 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін кредиторлық берешекті өтеу; |
6) 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін кредиторлық берешекті өтеу; |
2019 жылдың 3 желтоқсанында стратегиялық инвесторға тікелей атаулы сату туралы шешім қабылдады. Сонымен бірге стратегиялық инвесторға міндеттемелерді қайта қарау туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ә.А. Смайыловтың 2019 жылғы 12 желтоқсандағы хаттамалық тапсырмасына байланысты 2019 жылға сатып алу-сату шартын жасау мүмкін емес. |