Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы
№ 920 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 13-1 тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен асатын жекешелендіру объектісінің нарықтық құнын бағалау және оны сату жөніндегі мәмілені сүйемелдеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпке сәйкес тәуелсіз консультанттар тартылады.».
2) «Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Тәуелсіз консультантты тарту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 100-1-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің
2 500 000 еселенген мөлшерінен асатын жекешелендіру объектісінің (бұдан әрі-жекешелендіру объектісі) нарықтық құнын бағалау және оны сату жөніндегі мәмілені сүйемелдеу мақсатында тәуелсіз консультантты тарту тәртібін айқындайды.».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
А.Ұ. Маминге
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 және «Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.
Жоба халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз бағалауды және мәмілелерді сүйемелдеуді талап ететін ірі жекешелендіру объектілерін сату кезінде тәуелсіз консультантты тарту мақсатында «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100-1-бабының 5-тармағына сәйкес және оны орындау үшін әзірленді.
Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Жобаны қабылдау теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен асатын жекешелендіру объектісін сату жөніндегі мәмілені қолдап отыру үшін тәуелсіз консультанттарды тарту мүмкіндігі үшін құқық нормаларының коллизиясын жоюға мүмкіндік береді.
«Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 қаулысы, «Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысы.
Талап етілмейді.
Халықаралық шарт болып табылмайды.
Рұқсат етіледі.
Жоба 2021 жылдың 20 желтоқсанында мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында (www.gov.kz) және ашық нормативтік құқықтық актілерді интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) орналастырылды.
Талап етілмейді.
Сәйкес келеді.
Талап етілмейді.
Талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Е. Жамаубаев
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы»
2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 және «Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
|
№ |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылып отырған редакция |
Негіздеме Тапсырмаларға сілтемелерден басқа: 1) түзетудің мәнін; 2) әрбір енгізілген түзетудің нақты негіздемесі көрсету қажет. |
|
«Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы |
||||
|
1 |
13-1 тармақ |
Жоқ |
13-1. Баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен асатын жекешелендіру объектісінің нарықтық құнын бағалау және оны сату жөніндегі мәмілені сүйемелдеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпке сәйкес тәуелсіз консультанттар тартылады. |
Баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің |
|
«Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы |
||||
|
1. |
1 тармақ |
1. Осы Тәуелсіз консультантты тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 100-1-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және мынадай: баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен асатын жекешелендіру объектісінің (бұдан әрі – жекешелендіру объектісі) нарықтық құнын бағалау; жекешелендіру объектісін екі кезеңдiк рәсiмдер түріндегі конкурс арқылы сату бойынша мәмілені сүйемелдеу мақсатында тәуелсіз консультантты тарту тәртібін айқындайды. |
1. Осы Тәуелсіз консультантты тарту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 100-1-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен асатын жекешелендіру объектісінің (бұдан әрі-жекешелендіру объектісі) нарықтық құнын бағалау және оны сату жөніндегі мәмілені сүйемелдеу мақсатында тәуелсіз консультантты тарту тәртібін айқындайды. |
Баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің |
Қазақстан Республикасының
Қаржы вице-министрі Д. Жанәлінов