«Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына толықтыру енгізу туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1546 қаулысына толы
қтыру енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 2, 34-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидалары 25 тармаққа сәйкес мынадай мазмұнмен толықтырылсын:

«25. Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде талдауға жататын республикалық меншік объектілерінің тізбесі мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган әзірлеген нұсқаулықпен анықталады.».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                                 А. Мамин

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

 

 

«Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы                                   № 1546 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

 

«Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасымен (бұдан әрі – Жоба) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде талдауға жататын республикалық меншік объектілерінің тізбесін айқындау тәртібін әзірлеу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның құзыретін айқындау көзделеді.

Жобаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі әзірледі.

Жоба бастамашылық негізде әзірленді.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

Жоба тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде талдауға жататын республикалық меншік объектілерінің тізбесін айқындау тәртібін әзірлеу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның құзыретін айқындау мақсатында әзірленді.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған Үкімет актілері:

Енгізілген өзгерістерімен бірге «Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысы.

Жоба қабылданған жағдайда, заңнаманы оған сәйкес келтіру талап етілмейді.

Жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі.

Жоба 2021 жылғы __ қарашада www.legalacts.egov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында (файл мемлекеттік және орыс тілдерінде ___, есеп қоса беріледі).

Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.

Жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі                                                                   Е.К. Жамаубаев

 

«Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына толықтыру
енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ

 

 

№ р/с

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме.

Тапсырмаға сілтемеден басқа:

1 ) түзетудің мәнін;

2) әрбір енгізілетін түзетудің нақты негіздемесін көрсету қажет.

1

2

3

4

5

«Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы

4 желтоқсандағы № 1546 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 2, 34-құжат)

1.

25 - тармақ

жоқ

25. Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде талдауға жататын республикалық меншік объектілерінің тізбесі мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган әзірлеген нұсқаулықпен анықталады.

Тұрақты өзгерістерді уақтылы анықтау, одан әрі дамуды болжау және мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалардың қызметіндегі теріс процестердің салдарын болдырмау және жою бойынша ұсыныстар әзірлеу және тиімділік мониторингін енгізуді жетілдіру мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде талдауға жататын республикалық меншік объектілерінің тізбесін айқындау тәртібін әзірлеу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның құзыретін анықтау ұсынылады

 

 

Вице-минитр                                                                                                                             Д.Е. Жаналинов

 

Дата публикации
09 ноября 2021