Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Инвестициялық жекешелендiру қорларының мәселелерi» туралы 1997 жылғы 1 тамыздағы № 1208 және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 1 тамыздағы № 1208 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 258 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Инвестициялық жекешелендiру қорларының мәселелерi» туралы 1997 жылғы 1 тамыздағы № 1208 және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы                                1 тамыздағы № 1208 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 1998 жылғы                 24 наурыздағы № 258 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мыналардың:

1) «Инвестициялық жекешелендiру қорларының мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 1 тамыздағы №1208 қаулысының;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 1 тамыздағы №1208 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы №258 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                            А. Мамин

 

 

 

 

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Инвестициялық жекешелендiру қорларының мәселелерi» туралы 1997 жылғы 1 тамыздағы №1208 және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 1 тамыздағы               №1208 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы №258 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

анықтама-негіздеме

 

 

1997 жылғы 1 тамызда «Инвестициялық жекешелендіру қорларының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1208 қаулысымен (бұдан әрі – 1208 қаулы) сырттай дауыс беру мүмкіндігін көздейтін Инвестициялық жекешелендіру қорларынан (бұдан әрі – Қорлар) қайта құрылған акционерлік қоғамдар акционерлерінің жалпы жиналыстарын дайындау мен өткізудің ерекшеліктері туралы ереже бекітілді.

Қорларды акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастыру купондық сауда-саттықта сатып алынған кәсіпорындардың акцияларын ашық сату жолымен олардың бағалы қағаздар нарығына қатысуын, өздері акционерлері болып табылатын АҚ-ға қатысты белсенді Инвестициялық саясат жүргізуді және соның салдарынан инвестициялық жекешелендіру купондарының салымшылары алдында қабылданған міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етті.

1208 қаулыны  орындау  үшін сырттай дауыс беру арқылы акционерлердің жалпы жиналысы өткізілді, Қорларға акционерлердің жалпы жиналысын дайындауға және өткізуге белгілі бір артықшылықтар беретін                    1208 қаулының қолданылу мерзімі  шектеулі – 9 ай болды.

Кейіннен Қорлардан қайта құрылған акционерлік қоғамдар акционерлерінің жалпы жиналыстарын дайындау мен өткізу ерекшеліктерін заңнамалық бекіту мақсатында Үкімет 2002 жылғы 21 мамырда қабылданған «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген Қорлардың қызметі мәселелері жөніндегі қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасады.

Осылайша Қорлардан  қайта құрылған  акционерлік қоғамдардың қызметі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

Осыған  байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Инвестициялық жекешелендіру қорларының мәселелері» туралы 1997 жылғы 1 тамыздағы  №1208 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы                      1 тамыздағы №1208 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 1998  жылғы                       24 наурыздағы №258 қаулыларының күшін жоюға қоюды орынды деп санаймыз.

 

 

Қазақстан Республикасының  

Қаржы вице-министрі                                                      Е. Қарашөкеев                       

 

 

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Инвестициялық жекешелендiру қорларының мәселелерi» туралы 1997 жылғы 1 тамыздағы №1208 және  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы                                1 тамыздағы №1208 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 1998 жылғы                 24 наурыздағы №258 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Инвестициялық жекешелендіру қорларының мәселелері» туралы 1997 жылғы 1 тамыздағы                               №1208 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 1 тамыздағы               №1208 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 1998  жылғы  24 наурыздағы №258 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингінің қорытындылары бойынша әзірленді.

Жобаны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әзірледі.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері:

«Инвестициялық жекешелендіру қорларының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 1 тамыздағы № 1208 қаулысы;

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 1 тамыздағы                     №1208 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы № 258 қаулысы.

Жоба қабылданған жағдайда, заңнаманы оған сәйкес келтіру талап етілмейді.

Жоба мен оған материалдарды «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беруге рұқсат етіледі.

Жоба мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында 2021 жылғы "__"_____,  http://www.legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2021 жылғы 3 шілдеде (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі файл 74 КБ, есеп қоса беріледі) орналастырылды.

Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.

Мемлекеттік қаржы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің Жобаны келісуі талап етілмейді.

Жобаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу талап етілмейді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі                                                                     Е. Жамаубаев

 

Дата публикации
12 августа 2021