«Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 404 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 404 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

         «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
211-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулыға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және
2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі                                                          А. Мамин

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы «   » ________
№ ____ қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы «4» маусымдағы
№ 404 қаулысына
1-қосымша

Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлері

Р/б

 №

Мүліктің атауы

1

2

1

Тұрғынжайлар, жер учаскелерін және көпжылдық екпелерді қоспағанда, жылжымайтын мүлік

2

Аяқталмаған құрылыс объектілері

3

Көлік, медициналық мақсаттағы көлікті қоспағанда

4

Өнеркәсіп тауарлары, медициналық бұйымдарды қоспағанда

5

Мұнай және оның өңделген өнімдері

6

Бағалы қағаздар, жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері

7

Техникалық құрылғылар

8

Бағалы металдар, асыл тастар және олардан жасалған бұйымдар

9

Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы «   » ________
№ ____ қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы «4» маусымдағы
№ 404 қаулысына
2-қосымша

Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлері

Р/б

№

Мүліктің атауы

1

2

1

Тұрғынжайлар, жер учаскелері және көпжылдық екпелер

2

Жануарлар, жануарлардан алынатын шикізат

3

Жемшөп

4

Азық-түлік тауарлары

5

Астық

6

Ағаш материалдары

7

Дәрілік заттар, медициналық бұйымдар

8

Минералды шикізат, пайдалы қазбалар

9

Агрохимикаттар, пестицидтер

10

Этил спирті және алкоголь өнімі

11

Темекі және темекі бұйымдары

12

Медициналық мақсаттағы көлік

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

«Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін айқындау туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 404 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

«Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 404 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) тұрғынжайларын, этил спиртін, алкоголь өнімін, темекіні және темекі бұйымдарын, медициналық бұйымдарды, медициналық мақсаттағы көлікті мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан (бұдан әрі – уәкілетті орган) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарға (бұдан әрі – ЖАО) қайта бөлуді, уәкілетті органның мүлік түрлерін қара және түсті металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен толықтыруды көздейді.

Жобаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі әзірледі.

Жоба нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингінің қорытындылары бойынша, Көліктегі заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 1кс/21-19 хаттамасының ұсынымдарына сәйкес әзірленді.

Жобаны қабылдау уәкілетті орган немесе ЖАО оған қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын мүлік түрлерін оңтайлы бөлуді белгілеуге, этил спиртін, алкоголь өнімін, темекіні және темекі бұйымдарын мемлекет кірісіне айналдыру бөлігінде жекелеген сот актілерінің жедел орындалуын қамтамасыз етуге, осы мүлікті облыстың жекелеген елді мекендерінен облыс орталықтарына тасымалдауға арналған мемлекеттік бюджеттің шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаты уәкілетті орган немесе ЖАО оған қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын мүліктің түрлерін толықтыру, түзету болып табылады.

Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаражат талап етпейді.

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері:

«Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 404 қаулысы.

Жоба қабылданған жағдайда, заңнаманы оған сәйкес келтіру талап етілмейді.

Жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі.

Жоба 2021 жылғы «__»_____   мемлекеттік органдардың
интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, 2021 жылғы «__» ______ http://www.legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің
интернет-порталында орналастырылған (файл мемлекеттік және орыс тілдерінде _____ КБ, есеп қоса беріледі).

2021 жылғы 16 шілдедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысы.

Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі                                                                  Е. Жамаубаев

 «Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың
жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын,
жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін айқындау туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 404 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
»
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ

Р/с№

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме

1

2

3

4

5

1

кіріспе

      «Мемлекеттік мүлік туралы»
2011 жылғы 1 наурыздағы
Қазақстан Республикасының Заңы 211-бабының 
2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      «Мемлекеттік мүлік туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының
211-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Респубикасы Заңының
25-бабы 5-тармағының үшінші абзацына сәйкес заңнамалық актілерге сілтеме жасау кезінде олардың тіркелген нөмірлерін, сондай-ақ қабылданған күндерін көрсету талап етілмейді.

2

1-қосымша

Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлері

Р/с
№

Мүліктің атауы

1

2

1

Жер учаскелерін және көпжылдық екпелерді қоспағанда, жылжымайтын мүлік, аяқталмаған құрылыс объектілері

2

Көлік

3

Этил спирті және алкоголь өнімі

4

Темекі және темекі бұйымдары

5

Өнеркәсіп тауарлары

6

Мұнай және оның өңделген өнімдері

7

Бағалы қағаздар, жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері

8

Техникалық құрылғылар

9

Бағалы металдар, асыл тастар және олардан жасалған бұйымдар

Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлері

Р/с
№

Мүліктің атауы

1

2

1

Тұрғынжайлар, жер учаскелерін және көпжылдық екпелерді қоспағанда, тұрғын емес жылжымайтын мүлік

2

Аяқталмаған құрылыс объектілері

3

Көлік, медициналық мақсаттағы көлікті қоспағанда

4

Өнеркәсіп тауарлары, медициналық бұйымдарды қоспағанда

5

Мұнай және оның өңделген өнімдері

6

Бағалы қағаздар, жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері

7

Техникалық құрылғылар

8

Бағалы металдар, асыл тастар және олардан жасалған бұйымдар

9

Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары

     «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы
1-тармағының 12-7) тармақшасына сай Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етеді.

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы 2-тармағының
14) тармақшасына сәйкес республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары осы Заңда айқындалған шарттарда және тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды жекешелендіруді жүзеге асырады.

     Осыған байланысты, қаулы жобасында тұрғынжайлар, жер учаскелерін және көпжылдық екпелерді қоспағанда, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның
(бұдан әрі – уәкілетті орган) құзыретіне жатқызу көзделеді.

     Уәкілетті органның аумақтық органдары облыстардың аудандарында (облыстық маңызы бар қалаларда) филиалдары, өкілдіктері болмаса да, облыс орталықтарында, астанада, республикалық маңызы бар қалаларда орналастырылады.  

  Практикада облыс аудандарының аумағында (жекелеген аудандардан облыс орталығына дейінгі қашықтық 500 км-ден асады) алкоголь өнімін (оның ішінде болмашы
көлемдер - 1 бөт. және т. б.) мемлекет кірісіне айналдыру орын алады.

    Өнімнің болмашы партияларын аудандардан облыстық орталыққа жеткізудің экономикалық орынсыздығына байланысты уәкілетті органның аумақтық органдары оларды тасымалдауды көлемінің жиналуына қарай жүзеге асырады, бұл олардың мемлекет кірісіне айналдыру туралы сот актілерін орындау мерзімінің созылуына әкеп соғады.

   Бұдан басқа оларды облыс орталықтарындағы сақтау орындарына тасымалдау бюджет үшін экономикалық жағынан тиімсіз, себебі бұл өнім көбінесе қауіпсіздік пен сапа бөлігінде заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты жойылуға жатады.

    Осыған ұқсас жұмыстар темекі өнімдері бойынша жүргізіледі.

     Осыған байланысты сот актілерін жедел орындау және тасымалдауға мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында алкоголь өнімін, этил спиртін, темекі мен темекі бұйымдарын уәкілетті орган мүлік түрлерінен алып тастап, аудандық, облыстық маңызы бар қалалық жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі -  ЖАО) құзыретіне жатқызу ұсынылады.

     Көліктегі заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысының
2021 жылғы 15 наурыздағы
№ 1кс/21-19 хаттамасының
3-тармағының 9) тармақшасымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне мүлікті тәркілеу рәсімін жетілдіру, бюджет қаражатын ұтымды пайдалану және сот орындаушыларына артық жүктемені болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуратурасымен және Әділет министрлігімен бірлесіп, сотқа тәркіленген медициналық мақсаттағы тауарды әкімдіктердің денсаулық сақтау бөлімшелеріне қалдыруға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулеріне бастамашылық жасау.

      Баяндалғанды ескере отырып, жобада уәкілетті органның құзыретінен медициналық бұйымдарды, медициналық мақсаттағы көлікті алып тастау және оларды ЖАО құзыретіне жатқызу көзделеді.

       Практикада қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары мемлекет меншігіне айналады, оларды есепке алуды және олармен тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды уәкілетті орган жүзеге асырады, бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 4 маусымдағы № 404 қаулысымен белгіленген мүлік түрлерінде мүліктің бұл түрі жоқ.

      Осыған байланысты қаулы жобасында уәкілетті органның мүлік түрлерін қара және түсті металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен толықтыру көзделеді.

3

2-қосымша

Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлері

Р/с
№

Мүліктің атауы

1

2

1

Жер учаскелері және көпжылдық екпелер

2

Жануарлар, жануарлардан алынатын шикізат

3

Жемшөп

4

Азық-түлік тауарлары

5

Астық

6

Ағаш материалдары

7

Дәрілік заттар

8

Минералды шикізат, пайдалы қазбалары

9

Агрохимикаттар, пестицидтер

Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлері

Р/с

№

Мүліктің атауы

1

2

1

Тұрғынжайлар, жер учаскелері және көпжылдық екпелер

2

Жануарлар, жануарлардан алынатын шикізат

3

Жемшөп

4

Азық-түлік тауарлары

5

Астық

6

Ағаш материалдары

7

Дәрілік заттар, медициналық бұйымдар

8

Минералды шикізат, пайдалы қазбалар

9

Агрохимикаттар, пестицидтер

10

Этил спирті және алкоголь өнімі

11

Темекі және темекі бұйымдары

12

Медициналық мақсаттағы көлік

     «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы
1-тармағының 12-7) тармақшасына сай Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етеді.

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы 2-тармағының
14) тармақшасына сәйкес республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары осы Заңда айқындалған шарттарда және тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды жекешелендіруді жүзеге асырады.

      Осыған байланысты қаулы жобасында ЖАО мүлікке қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын олардың түрлерін тұрғынжайлармен толықтыру көзделеді.

     Сот актілерін жедел орындау және тасымалдауға мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында алкоголь өнімін, этил спиртін, темекі және темекі бұйымдарын ЖАО құзыретіне жатқызу ұсынылады.

     Көліктегі заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысының
2021 жылғы 15 наурыздағы
№ 1кс/21-19 хаттамасының
3-тармағының 9) тармақшасымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне мүлікті тәркілеу рәсімін жетілдіру, бюджет қаражатын ұтымды пайдалану және сот орындаушыларына артық жүктемені болдырмау мақсатында Бас көлік прокуратурасымен және Әділет министрлігімен бірлесіп, сотқа тәркіленген медициналық мақсаттағы тауарды әкімдіктердің Денсаулық сақтау бөлімшелеріне қалдыруға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулерге бастамашылық жасау.

      Көлікте заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысының
2021 жылғы 15 наурыздағы
№ 1кс/21-19 хаттамасының ұсынымдарын ескере отырып, жобада уәкілетті орган оларға қатысты тиісті жұмыстарды ұйымдастыратын мүлік түрлерінен алып тастай отырып, медициналық бұйымдарды, медициналық мақсаттағы көлікті ЖАО құзыретіне жатқызу көзделеді.

Қазақстан Республикасының

Қаржы вице-министрі                                                                                                                               М. Сұлтанғазиев

Дата публикации
23 июля 2021