«КИМЭП Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 898 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КИМЭП Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы                         № 898 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «КИМЭП университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 898 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Стратегиялық инвесторға:

1) 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде 70000000 (жетпіс миллион) теңге мөлшерінде инвестициялар енгізу;

2) 2021 – 2026 жылдар аралығындағы кезеңде жылына түлектердің орташа саны 500 (бес жүз) адамнан кем болмауын қамтамасыз ету;

3) 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін қызмет бейінін сақтау;

4) 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін штат санын сақтау;

5) 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін штат санының кемінде үштен екісін Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлермен қамтамасыз ету;

6) 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін кредиторлық берешекті өтеу;

7) 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақының уақтылы төленуін қамтамасыз ету;

8) мәмілелер жасасуды (қайта сату, кепілге қою, басқаруға беру мен басқалары) шектеу және (немесе) жекешелендіру объектісіне қатысты
2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгілі бір әрекеттерге тыйым салу жөніндегі міндеттемелер белгіленсін.».

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.

 

 

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                               А. Мамин

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

 

 

«КИМЭП университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 898 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

 

«КИМЭП Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 898 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасында (бұдан әрі – Жоба) объекті 2020 жылы сатылмағандықтан, стратегиялық инвестордың кейбір міндеттемелерін іске асырудың мерзімдеріне өзгерістер енгізу көзделеді.

Жобаны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әзірледі.

Жоба «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                 105-бабының 4-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының 1.2-тармағын және Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2019 жылғы
5 сәуірдегі № 17-3/И-138 шешімін орындау мақсатында әзірленді.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған Үкімет актілері:

Енгізілген өзгерістермен «КИМЭП Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 898 қаулысы.

Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.

Жобаның мақсаты стратегиялық инвестордың міндеттемелерді орындауының кейбір мерзімдерін өзектендіру, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтау туралы редакциялық сипаттағы түзету енгізу болып табылады.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Қабылданған жағдайда заңнаманы Жобаға сәйкес келтіру талап етілмейді.

Жоба мен оған материалдарды «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беруге рұқсат етіледі.

Жоба 2021 жылғы 14 маусымда мемлекеттік органдардың
интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылды www.gov.kz (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі файл - 42 Кб), ашық нормативтік құқықтық актілерді интернет-порталға http://legalacts.egov.kz орналастыру талап етілмейді, өйткені жоба нормативтік құқықтық акт болып табылмайды, өйткені онда құқық нормалары жоқ.

Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.

Жобада енгізілетін түзетулер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғамайтындықтан, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерімен, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі жанындағы Мемлекеттік қаржы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңеспен келісу талап етілмейді.

 

 

Қазақстан Республикасының

                      Қаржы министрі                                                        Е. Жамаубаев

 

 

                                                                                          

 

«КИМЭП Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 898 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына

САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ

 

№

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме

Тапсырмаларға сілтемелерден басқа:

1) түзетудің мәнін;

2) әрбір енгізілген түзетудің нақты негіздемесі көрсету қажет.

1.      

2-тармақтың

1) тармақшасы

1) 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде 70000000 (жетпіс миллион) теңге мөлшерінде инвестициялар енгізу;

1) 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде 70000000 (жетпіс миллион) теңге мөлшерінде инвестициялар енгізу;

Нысанның 2020 жылы сатылмауына байланысты мерзімді өзгерту.

2.      

2-тармақтың

2) тармақшасы

2) 2020 – 2025 жылдар аралығындағы кезеңде жылына түлектердің орташа саны 500 (бес жүз) адамнан кем болмауын қамтамасыз ету;

2) 2021 – 2026 жылдар аралығындағы кезеңде жылына түлектердің орташа саны 500 (бес жүз) адамнан кем болмауын қамтамасыз ету;

Нысанның 2020 жылы сатылмауына байланысты мерзімді өзгерту.

3.      

2-тармақтың

3) тармақшасы

3) 2029 жылғы 31 желтоқсанға дейін қызмет бейінін сақтау;

3) 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін қызмет бейінін сақтау;

Нысанның 2020 жылы сатылмауына байланысты мерзімді өзгерту.

4.      

2-тармақтың

4) тармақшасы

4) 2029 жылғы 31 желтоқсанға дейін жұмыс орындарын сақтау;

4) 2030 жылғы
31 желтоқсанға дейін
штат санын сақтау;

Өзара байланысты 4), 5), 7) тармақшаларды сәйкестікке келтіру қажет. ҚР Еңбек кодексінде жұмыс орны ұғымы еңбек қызметі процесінде Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің тұрақты немесе уақытша болатын орнын білдіретіндігіне байланысты тұжырымның өзгеруі. Ұсынылған редакция стратегиялық инвестордың міндеттемесін нақтылауға мүмкіндік береді.

Нысанның 2020 жылы сатылмауына байланысты мерзімді өзгерту.

5.      

2-тармақтың

5) тармақшасы

5) штат санының кемінде үштен екісін Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлермен қамтамасыз ету;

5) 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін штат санының кемінде үштен екісін Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлермен қамтамасыз ету

Өзара байланысты 4), 5), 7) тармақшаларды сәйкестікке келтіру қажет. Сондай-ақ, нақтылаушы түзету стратегиялық инвестордың міндеттемелерді орындау мерзімін нақтылауға мүмкіндік береді, бұл жекешелендіруден кейінгі бақылауды жүргізу кезінде қажет.

6.      

2-тармақтың

6) тармақшасы

6) 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін кредиторлық берешекті өтеу;

6) 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін кредиторлық берешекті өтеу;

Нысанның 2020 жылы сатылмауына байланысты мерзімді өзгерту.

7.      

2-тармақтың

7) тармақшасы

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақының уақтылы төленуін қамтамасыз ету;

7) 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақының уақтылы төленуін қамтамасыз ету;

Өзара байланысты 4), 5), 7) тармақшаларды сәйкестікке келтіру қажет. Сондай-ақ, нақтылаушы түзету стратегиялық инвестордың міндеттемелерді орындау мерзімін нақтылауға мүмкіндік береді, бұл жекешелендіруден кейінгі бақылауды жүргізу кезінде қажет.

8.      

2-тармақтың

8) тармақшасы

8) мәмілелер жасасуды (қайта сату, кепілге қою, басқаруға беру мен басқалары) шектеу және (немесе) жекешелендіру объектісіне қатысты 2029 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгілі бір әрекеттерге тыйым салу жөніндегі міндеттемелер белгіленсін.

8) мәмілелер жасасуды (қайта сату, кепілге қою, басқаруға беру мен басқалары) шектеу және (немесе) жекешелендіру объектісіне қатысты 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгілі бір әрекеттерге тыйым салу жөніндегі міндеттемелер белгіленсін.

Нысанның 2020 жылы сатылмауына байланысты мерзімді өзгерту.

 

 

   Қазақстан Республикасының

         Қаржы вице-министрі                                                                                                                                         Е. Қарашөкеев

Дата публикации
14 июня 2021