Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 227 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларында:
2-тармақта:
«1) ағымдағы баға – бағаның арттырылуына байланысты аукцион нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын мүлік бағасы немесе бағаның төмендетілуіне байланысты аукцион нысанындағы сауда-саттық барысында жарияланған баға;
2) алғашқы баға – бағалаушы ұсынған мүліктің құнын бағалау туралы есеп негізінде айқындалатын және комиссия белгілейтін мүлік бағасы;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) аукцион нөмірі – қатысушыға Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;»;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) сату бағасы – сауда-саттық нәтижесінде белгіленген мүліктің түпкілікті бағасы;»;
22), 23) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«22) сауда-саттық – мүлікті сату тәсілі;
23) сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісі – бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен арттырылатын аукцион нысанындағы сауда-саттықта қолданылатын әдіс;
24) сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісі – бастапқы бағасы жарияланған қадаммен төмендетілетін аукцион нысанындағы сауда-саттықта қолданылатын әдіс;»;
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27) тізілімнің веб-порталы – мүлікті есепке алу және сату жөніндегі электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі – тізілім) интернет - ресурсы;»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүліктің мынадай түрлерін: бағалы қағаздарды, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін, қара және түсті металдардың сынықтарын, шикі мұнайды, жануарларды, жануарлардан алынатын шикізаттарды, алкоголь өнімін, темекі және темекі өнімдерін, ұялы телефондарды, төлем терминалдарын, ойын автоматтарын, ойын құралдары мен казино жабдықтарын, жойылуға жататын немесе үлестік меншіктегі мүлікті, сондай-ақ «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 210-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша түскен мүлікті қоспағанда, тізілімге енгізілетін мүлік оны сатуға дейін веб-портал арқылы мемлекеттік заңды тұлғаларға, оның ішінде әлеуметтік қызмет субъектілеріне олардың теңгеріміне беру үшін ұсынылуға жатады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне беру және оны бекіту мүліктің атауын, қажетті санын, сондай-ақ аппарат басшысының, ал мұндай лауазым болмаған жағдайда тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) басшысы не болмаса оны алмастырушы тұлға қол қойған мүлікті беру қажеттілігі туралы тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) қорытындысының электронды (сканерленген) көшірмесін қоса бере отырып, мүлікті беру қажеттілігінің негіздемесін көрсете отырып тізілімнің веб-порталында тіркелетін мемлекеттік заңды тұлғалардың электрондық өтініші (бұдан әрі – өтініш) негізінде жүзеге асырылады.
Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) қорытындысында осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген экономикалық орындылығы өлшемдері және мүлікті нысаналы пайдалану қажеттілігі, сондай-ақ көрсетілген мүліктің бекітілуі болжамдалған мемлекеттік заңды тұлға көрсетіледі.»;
7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда, 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган:
мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне (мемлекеттік меншіктің бір түрінің шегінде) бекіту туралы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларында (бұдан әрі – № 616 қағидалар) белгіленген тәртіппен мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру туралы шешімді қабылдайды.
№ 616 қағидаларда көзделген уәкілетті органның мекенжайына облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің өтінішхаты немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы органының мекенжайына уәкілетті органның келісімі көрсетілген мерзімде ұсынылмаған кезде мүлік сауда-саттыққа шығарылады.
Беруші және қабылдаушы тараптар мүлікті қабылдап алу-беру актісіне уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қол қояды;
Қабылдаушы тарап қабылдап алу-беру актісіне белгіленген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда, уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган тізіліммен қалыптастырылатын мемлекеттік заңды тұлғаның теңгеріміне берудің және бекітудің күшін жою туралы актіге қол қояды, содан кейін мүлік сауда-саттыққа шығарылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мүлікті сату мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) негізінде сауда ұйымдары арқылы:
жарамдылық (сақтау) мерзiмi шектелген азық-түлiк тауарлары;
бұрын пайдалануда болған өнеркәсiп тауарлары (көлiк құралдарынан, антикварлық бұйымдар мен тауарлардан басқа) өткізіледі;
2) қор биржасындағы сауда-саттықта бағалы қағаздар өткізіледі;
3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген өзге де мүлік аукциондарда өткізіледі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін сату «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге заңдарында белгіленген талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесін сату кезінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылар заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, қатысушылардың бірі қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатқан кезде оны сатып алуда үшінші тұлғалардың алдында артықшылық құқықты пайдаланады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушы (қатысушылар) үлесті сатып алуда артықшылық құқықтан бас тартқан жағдайда, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі үлес аукционда сатылады.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, аукциондарда екінші сауда-саттық нәтижелері бойынша өткізілмеген мүлік мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) негізінде сауда ұйымдары арқылы өткізуге беріледі.
Ең төмен баға бойынша өткізілмеген мүлікті пайдалану және жою тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
17-тармақта:
3), 4) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) қор биржаларында мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды өткізу кезінде брокерлік компанияның ұсынымы бойынша сауда-саттық әдісін айқындайды;»;
18-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;
19-тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) шектеулер мен ауыртпалықтардың жоқ/бар екендігі туралы мәліметтерді;»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Кепілдік жарнаны сатушы:
1) жеңімпазға – сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайларда;
2) сатып алушыға – сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда қайтармайды.
Барлық қалған жағдайларда кепілдік жарна қатысушы бірыңғай операторға электрондық өтініш берген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзiмде қайтарылады. Кепілдік жарна сауда-саттыққа қатысушы, жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініште көрсеткен деректемелерге қайтарылады.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Сауда-саттыққа қатысу үшін мыналарды:
1) жеке тұлғалар үшін: ЖСН-ін, тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда);
2) заңды тұлғалар үшін: БСН-ін, толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде тізілімге енгізілген деректерге тиісті өзгерістер енгізеді.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Аукцион екі әдіспен:
1) бағаны көтеру;
2) бағаны төмендету арқылы өткізіледі.
Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукцион өткізген кезде мүліктің бастапқы бағасы мүліктің алғашқы бағасына тең болады.
Бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукцион өткізген кезде мүліктің бастапқы бағасы алғашқы бағаны 3-ке (үшке) тең арттыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.
Бірінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны көтеру әдісі қолданыла отырып шығарылады.
Екінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету әдісі қолданыла отырып, алғашқы бағаның 50 (елу) пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгілене отырып шығарылады.
Егер мүлік екінші сауда-саттықта өткізілмеген жағдайда, онда ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалған сауда ұйымына ол болған кезде алғашқы бағадан 50 (елу) пайыз мөлшеріндегі баға бойынша сатуға беріледі.
Осы тармақтың алтыншы бөлігінің ережелері мүліктің мынадай түрлеріне: жылжымайтын мүлік объектілеріне, мүліктік кешендерге, зауыттарға, көлік құралдарына, ауыл шаруашылығы және арнайы техникаға, жануарларға, мұнайға, мұнай өнімдеріне және қайта өңдеу өнімдеріне (шикi мұнайды және газ конденсатын қайта өңдеу өнімдеріне), жабдыққа, жарғылық капиталдардағы қатысу үлестеріне қолданылмайды.»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Үшінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, алдыңғы сауда-саттықтың ең төменгі бағасының 50 (елу) пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп шығарылады.
Төртінші және одан кейінгі сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету әдісі қолданыла отырып, 1 (бір) теңге мөлшерінде ең төмен баға белгіленіп шығарылады.
Аукцион нысанындағы кейінгі әрбір сауда-саттық алдыңғы аукцион күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей өткізіледі.»;
38, 39, 40, 41 және 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Мүлік бойынша аукцион басталған сәтте тіркелген қатысушылар болмаған жағдайда, осы мүлік бойынша аукцион өтпеді деп танылады және сатушы тізілімде қалыптастырылатын аукционның өткізілмегені туралы актіге қол қояды.
Егер мүліктің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және тіркелген қатысушылардың бірде-біреуі мүлікті сатып алу ниетін растамаса, онда бағаны төмендету аукционы өткізілмеді деп танылады.
Егер бағаны төмендету аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда осы мүлік бойынша аукцион өтпеді деп танылады.
Аталған Қағиданың осы тармағында көзделген жағдайларда сатушы тізілімде қалыптастырылатын өткізілмеген аукцион туралы актіге қол қояды және осы мүлік өткізілмеген сауда-саттық шарттарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.
1) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 10 (он) пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгiленедi;
2) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгенінен бастап 50 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 7 (жеті) пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 (бес) пайыз мөлшерінде;
3) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50 000 еселенгенінен бастап 100 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгiленедi;
4) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгенінен бастап 250 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 2,5 (екі бүтін оннан бес) пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді;
5) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 250 000 еселенгенінен бастап 500 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 1 (бір) пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді;
6) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500 000 еселенген мөлшерінде және одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.
1) егер аукцион залында бастапқы баға расталған сәттен бастап 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірі мүліктің бастапқы бағасын осы Қағиданың 40-тармағына сәйкес белгіленген қадамға арттыру жолымен мүлікті сатып алуға өзінің ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;
2) егер аукцион залында бастапқы баға расталған сәттен бастап 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі бастапқы бағаны арттыру жолымен мүлікті сатып алуға өзінің ниетін растамайтын болса, онда бастапқы бағаны растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады;
3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі ағымдағы бағаны арттыру жолымен мүлікті сатып алу ниетін растамайтын болса, онда мүлікті сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады;
4) егер бағаны көтеру аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда мүлікті сатып алу ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз деп танылады және осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады.
Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.
Бір ғана қатысушы қатысқан бағаны көтеру аукционы, егер қатысушы бастапқы бағаны растаса, өтті деп танылады.
1) егер аукцион басталған сәттен бастап 2 (екі) минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда мүлікті сатып алу ниетін растамайтын болса, мүліктің бастапқы бағасы осы Қағиданың 40-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды;
2) егер баға азайғаннан кейін 2 (екі) минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі мүлікті сатып алу ниетін растамайтын болса, мүліктің соңғы ағымдағы бағасы белгіленген қадаммен азаяды.
Ағымдағы баға бойынша мүлікті сатып алуға өзінің ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукцион жеңімпазы болып танылады және осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады.
Бір ғана қатысушы қатысқан бағаны төмендету аукционы, егер қатысушы жарияланған бағаны растаса, өтті деп танылады.»;
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Сатып алу-сату шартына сауда-саттық өткізілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде тізілімде ЭЦҚ пайдалана отырып сатушы және жеңімпаз қол қояды. Шартта сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға шартты жасасу негіздемесі ретінде сілтеме көрсетіледі.
Сатып алу-сату шартын сатушы қалыптастырады және сауда-саттық өткізілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жеңімпазға келісуге жібереді.»;
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«54. Аванстық немесе түпкілікті төлем мерзімі 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге кешіктірілген жағдайда сатушы сатып алу-сату шарты бойынша кешіктірілген әрбір күн үшін төленбеген төлем сомасының 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыз мөлшерінде өсімпұл алады. Аванстық немесе түпкілікті төлем 10 (он) жұмыс күнінен астам мерзімге кешіктірілген жағдайда, сатып алу-сату шарты бір жақты тәртіппен бұзылады.
Жеңімпаз қабылдап алу-беру актісіне белгіленген мерзімде қол қоймаған жағдайда, сатушы сатып алу-сату шартын бір жақты тәртіппен бұзады.
Сатушы сатып алу-сату шартын бұзған кезде тізілімде қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды, содан кейін мүлік күші жойылған сауда-саттық талаптарымен сауда-саттыққа қайта шығарылады.»;
көрсетілген Қағидаға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осы тармақтың
1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
ТАӘ |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Бұйрыққа қосымша
Мүлікті тәркілеу бөлігінде
қылмыстық іс бойынша сот
үкімі негізінде не мүлікті
мемлекетке беру туралы шешім
негізінде тыйым салынған
мүлікті өткізу немесе пайдалану
қағидасына
1-қосымша
Нысан
Мүлікті сату бойынша ___________________________ қатысуға
(аукцион әдісі көрсетіледі)
|
№ р/с |
Мүліктің атауы |
Мүлік үшін кепілдік жарнаның сомасы, теңге |
|
|
Жиыны |
|
1) сауда-саттықөткізілетінкүніоныңнәтижелерітуралыхаттамағақолқоймаған;
2) белгіленгенмерзімдердесатыпалу-сатушартынақолқоймаған;
3) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайларда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтынына және сатушыда қалатынына келісемін(з).
Заңды тұлғалар үшін:
Атауы ___________________________________
БСН _____________________________________
Басшының Т.А.Ә. ________________________
Мекенжайы:______________________________
Телефон (факс) нөмірі: ________________
Кепілдік жарнасын қайтару үшін банк деректемелері:
Жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ЖСК) ___
Банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК) __
Банктің атауы _____________________________
Бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) ___________
Кепілдік жарнасын төлеген тұлғаның ЖСН/БСН:_
Жеке тұлға үшін:
Т.А.Ә. ___________________________________
ЖСН ____________________________________
Паспорт деректері _________________________
Мекенжайы: _______________________________
Телефон (факс) нөмірі: ______________________
Кепілдік жарнасын қайтару үшін банк деректемелері:
ЖСК ____________________________________
БСК _____________________________________
Банктің атауы _____________________________
Кбе ______________________________________
Кепілдікжарнасынтөлегентұлғаның ЖСН/БСН:_______ 20 __ жылғы «___» _______
(қолы) (жекетұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды
тұлғаның атауы және заңды тұлғаның
басшысының немесе заңды тұлғаның сенімхат
негізінде әрекет ететін өкілінің Т.А.Ә.)
Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы 20__ жылғы «___» ______ _____ сағат ___ минуттақабылдады.
Қатысушының аукцион нөмірі ______________
«Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде
тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы «__» ________ № ______бұйрығы жобасына
САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
|
Р/с № |
Құрылым |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылып отырған редакция |
Негіздеме |
||||||||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
||||||||||||
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №227 бұйрығымен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасы |
||||||||||||||||
|
1. |
бұйрықтың тақырыбы |
Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы |
Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы |
Қазақ және орыс мәтіндерінің ұқсастығын келтіру мақсатында. |
||||||||||||
|
2. |
2-тармақтың 1) тармақшасы |
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ағымдағы баға – сату барысында қалыптасатын мүліктің бағасы;
|
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ағымдағы баға – бағаның арттырылуына байланысты аукцион нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын мүлік бағасы немесе бағаның төмендетілуіне байланысты аукцион нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын жарияланған баға; |
Нақтылау редакциясы. «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) 100-бабының 3-тармағына сәйкес бір ғана қатысушы қатысқан аукциондар, егер қатысушы бастапқы немесе жарияланған бағаны растаса, өткізілді деп танылады. |
||||||||||||
|
3. |
2-тармақтың 2) тармақшасы |
2) алғашқы баға – тәуелсіз бағалаушының есебі негізінде комиссия белгілейтін баға;
|
2) алғашқы баға - бағалаушы ұсынған мүліктің құнын бағалау туралы есеп негізінде айқындалатын және комиссия белгілейтін мүлік бағасы; |
Мүліктің алғашқы бағасын айқындау бөлігінде Заңның 100-1-бабының 1-тармағына сәйкес келтіру. |
||||||||||||
|
4. |
2-тармақтың 5) тармақшасы |
5) аукцион нөмірі – қатысушыға электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде аукционға қатысу үшін берілетін нөмір; |
5) аукцион нөмірі - қатысушыға Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;
|
Нақтылау редакциясы. ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасының 2-тармағының 5) тармақшасына ұқсас баяндау ұсынылады. |
||||||||||||
|
5. |
2-тармақтың 19) тармақшасы |
19) сату бағасы – мүлікті өткізудің түпкілікті бағасы; |
19) сату бағасы - сауда-саттық нәтижесінде белгіленген мүліктің түпкілікті бағасы; |
Нақтылау редакциясы. ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасының 2-тармағының 16) тармақшасына ұқсас баяндау ұсынылады. |
||||||||||||
|
6. |
2-тармақтың 22) тармақшасы |
22) сауда-саттық – аукцион нысанында мүлікті сату тәсілі; |
22) сауда-саттық - мүлікті сату тәсілі;
|
«Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының 213-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бағалы қағаздар аукцион нысанындағы сауда-саттықта және қор биржасында сатылады. |
||||||||||||
|
7. |
2-тармақтың 23) тармақшасы |
23) сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісі – бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен арттырылатын сауда-саттық әдiсi; |
23) сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісі - бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен арттырылатын аукцион нысанындағы сауда-саттықта қолданылатын әдіс; |
Нақтылау редакциясы. ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасының 2-тармағының 20) тармақшасына ұқсас баяндау ұсынылады. |
||||||||||||
|
8. |
2-тармақтың 24) тармақшасы |
24) сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісі – бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен төмендетiлетiн сауда-саттық әдiсi; |
24) сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісі - бастапқы бағасы жарияланған қадаммен төмендетілетін аукцион нысанындағы сауда-саттықта қолданылатын әдіс; |
Нақтылау редакциясы. ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасының 2-тармағының 21) тармақшасына ұқсас баяндау ұсынылады. |
||||||||||||
|
9. |
2-тармақтың 27) тармақшасы |
27) тізілімнің веб-порталы – www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, Мүлікті есепке алу және сату жөніндегі электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс (бұдан әрі – тізілім); |
27) тізілімнің веб-порталы - мүлікті есепке алу және сату жөніндегі электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі-тізілім) интернет - ресурсы; |
«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру көзделгенін ескере отырып, мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталына (gosreestr.kz), оның ішінде оның атауын e-qazyna.kz-ке өзгерту бойынша ребрендинг жүргізу жоспарлануда. |
||||||||||||
|
10. |
4-тармақтың екінші бөлігі
|
4. … Мүліктің мынадай түрлерін: бағалы қағаздарды, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін, қара және түсті металдардың сынықтарын, шикі мұнайды, жануарларды, жануарлардан алынатын шикізаттарды, алкоголь өнімін, темекі және темекі өнімдерін, сондай-ақ жойылуға жататын немесе үлестік меншіктегі мүлікті қоспағанда, тізілімге енгізілетін мүлік оны сатуға дейін веб-портал арқылы мемлекеттік заңды тұлғаларға, оның ішінде әлеуметтік қызмет субъектілеріне олардың теңгеріміне беру үшін ұсынылуға жатады. |
4. … Мүліктің мынадай түрлерін: бағалы қағаздарды, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін, қара және түсті металдардың сынықтарын, шикі мұнайды, жануарларды, жануарлардан алынатын шикізаттарды, алкоголь өнімін, темекі және темекі өнімдерін, ұялы телефондарды, төлем терминалдарын, ойын автоматтарын, ойын құралдары мен казино жабдықтарын, жойылуға жататын немесе үлестік меншіктегі мүлікті, сондай-ақ «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 210-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша түскен мүлікті қоспағанда, тізілімге енгізілетін мүлік оны сатуға дейін веб-портал арқылы мемлекеттік заңды тұлғаларға, оның ішінде әлеуметтік қызмет субъектілеріне олардың теңгеріміне беру үшін ұсынылуға жатады. |
Мүлік түрлерін нақтылау, өйткені ұялы телефондар, төлем терминалдары, ойын автоматтары, ойын құралдары мен казино жабдықтары мемлекеттік заңды тұлғаларға ұсынылмайды және Тізілімде функционалға қолдау көрсетілмейді.
|
||||||||||||
|
11. |
6-тармақ
|
6. Мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне беру және оны бекіту мүліктің атауын, қажетті санын, сондай-ақ жауапты хатшының, ал мұндай лауазым болмаған жағдайда тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) басшысы не болмаса оны алмастырушы тұлға қол қойған мүлікті беру қажеттілігі туралы тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) қорытындысының электронды (сканерленген) көшірмесін қоса бере отырып, мүлікті беру қажеттілігінің негіздемесін көрсете отырып тізілімнің веб-порталында тіркелетін мемлекеттік заңды тұлғалардың электрондық өтініші (бұдан әрі – өтініш) негізінде жүзеге асырылады. Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) қорытындысында осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген экономикалық орындылығы өлшемдері және мүлікті нысаналы пайдалану қажеттілігі, сондай-ақ көрсетілген мүліктің бекітілуі болжамдалған мемлекеттік заңды тұлға көрсетіледі. |
6. Мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне беру және оны бекіту мүліктің атауын, қажетті санын, сондай-ақ аппарат басшысының, ал мұндай лауазым болмаған жағдайда тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) басшысы не болмаса оны алмастырушы тұлға қол қойған мүлікті беру қажеттілігі туралы тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) қорытындысының электронды (сканерленген) көшірмесін қоса бере отырып, мүлікті беру қажеттілігінің негіздемесін көрсете отырып тізілімнің веб-порталында тіркелетін мемлекеттік заңды тұлғалардың электрондық өтініші (бұдан әрі – өтініш) негізінде жүзеге асырылады. Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) қорытындысында осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген экономикалық орындылығы өлшемдері және мүлікті нысаналы пайдалану қажеттілігі, сондай-ақ көрсетілген мүліктің бекітілуі болжамдалған мемлекеттік заңды тұлға көрсетіледі. |
Жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты редакциялық түзету (Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 495 Жарлығымен «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығының күші жойылды деп танылды). |
||||||||||||
|
12. |
7-тармақтың 7) тармақшасы
|
7… 7) комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда, он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган: мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне (мемлекеттік меншіктің бір түрінің шегінде) бекіту туралы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларында (бұдан әрі – № 616 қағидалар) белгіленген тәртіппен мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру туралы шешімді қабылдайды. № 616 қағидаларда көзделген уәкілетті органның мекенжайына облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің өтінішхаты немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы органының мекенжайына уәкілетті органның келісімі көрсетілген мерзімде ұсынылмаған кезде мүлік сауда-саттыққа шығарылады. Қабылдаушы тарап мүлікті қабылдап алу-беру актісіне уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қол қояды; жоқ |
7… 7) комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда, 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган: мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне (мемлекеттік меншіктің бір түрінің шегінде) бекіту туралы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларында (бұдан әрі – № 616 қағидалар) белгіленген тәртіппен мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру туралы шешімді қабылдайды. № 616 қағидаларда көзделген уәкілетті органның мекенжайына облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің өтінішхаты немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы органының мекенжайына уәкілетті органның келісімі көрсетілген мерзімде ұсынылмаған кезде мүлік сауда-саттыққа шығарылады. Беруші және қабылдаушы тараптар мүлікті қабылдап алу-беру актісіне уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қол қояды; Қабылдаушы тарап қабылдап алу-беру актісіне белгіленген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда, уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган тізіліммен қалыптастырылатын мемлекеттік заңды тұлғаның теңгеріміне берудің және бекітудің күшін жою туралы актіге қол қояды, содан кейін мүлік сауда-саттыққа шығарылады. |
Нақтылау редакциясы. Мүлікті одан әрі пайдалану жөніндегі рәсімдерді нақтылау мақсатында.
|
||||||||||||
|
13. |
9-тармақ |
9. Мүлікті сату мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) негізінде сауда ұйымдары арқылы: жарамдылық (сақтау) мерзiмi шектелген азық-түлiк тауарлары; бұрын пайдалануда болған өнеркәсiп тауарлары (көлiк құралдарынан, антикварлық бұйымдар мен тауарлардан басқа) өткізіледі; 2) қор биржасындағы сауда-саттықта бағалы қағаздар өткізіледі; 3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген өзге де мүлік аукциондарда өткізіледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін сату «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге заңдарында белгіленген талаптарды сақтай отырып жүргізіледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесін сату кезінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылар заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, қатысушылардың бірі қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатқан кезде оны сатып алуда үшінші тұлғалардың алдында артықшылық құқықты пайдаланады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушы (қатысушылар) үлесті сатып алуда артықшылық құқықтан бас тартқан жағдайда, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі үлес аукционда сатылады. жоқ |
9. Мүлікті сату мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) негізінде сауда ұйымдары арқылы: жарамдылық (сақтау) мерзiмi шектелген азық-түлiк тауарлары; бұрын пайдалануда болған өнеркәсiп тауарлары (көлiк құралдарынан, антикварлық бұйымдар мен тауарлардан басқа) өткізіледі; 2) қор биржасындағы сауда-саттықта бағалы қағаздар өткізіледі; 3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген өзге де мүлік аукциондарда өткізіледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін сату «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге заңдарында белгіленген талаптарды сақтай отырып жүргізіледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесін сату кезінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылар заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, қатысушылардың бірі қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатқан кезде оны сатып алуда үшінші тұлғалардың алдында артықшылық құқықты пайдаланады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушы (қатысушылар) үлесті сатып алуда артықшылық құқықтан бас тартқан жағдайда, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі үлес аукционда сатылады. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, аукциондарда екінші сауда-саттық нәтижелері бойынша өткізілмеген мүлік мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) негізінде сауда ұйымдары арқылы өткізуге беріледі. Ең төмен баға бойынша өткізілмеген мүлікті пайдалану және жою тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. |
Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу бөлігінде Заңның 213-бабының 1-тармағына сәйкес келтіру.
|
||||||||||||
|
14. |
17-тармақтың 3), 4) тармақшалары
|
17. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады: … 3) әрбір мүлік бойынша сауда-саттық шарты, нысаны мен әдістері туралы шешім қабылдайды; 4) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату туралы шешім қабылдайды; |
17. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады: … 3) алып тасталсын;
4) алып тасталсын; |
Бұл тармақшаларды алып тастау ұсынылып отыр, себебі сауда-саттықтың нысаны мен әдістері Қағидамен бекітілген, сауда-саттық аукцион нысанында өткізілген кезде талаптар қойылмайды.
|
||||||||||||
|
15. |
17-тармақтың 8) тармақшасы
|
17. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады: … 8) жоқ |
17. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:… 8) қор биржаларында мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды өткізу кезінде брокерлік компанияның ұсынымы бойынша сауда-саттық әдісін айқындайды; |
Нақтылау редакциясы. Сауда-саттықтың аукцион нысанындағы әдістері Қағидамен айқындалған. |
||||||||||||
|
16. |
18-тармақтың 7) тармақшасы
|
18. Сатушының функциялары: … 7) сауда-саттық әдісін анықтау, оның ішінде қор биржаларында мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды сату кезінде брокерлік компанияның ұсынымдары бойынша биржалық сауда-саттықты жүргізу; |
18. Сатушының функциялары: … 7) алып тасталсын; |
Бағалы қағаздарды сату кезінде сауда-саттық әдісін айқындау жөніндегі нормаларды 17-тармақтың 8) тармақшасына енгізу қайталануды болдырмау мақсатында ұсынылады. |
||||||||||||
|
17. |
19-тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасы
|
19… Сауда-саттық өткізу туралы хабарлама мынадай мәліметтерді: … 4) шектеулер мен ауыртпалықтардың (сот орындаушылары және басқалар салған мүлікке тыйым салулар) жоқ екендігі туралы мәліметтерді; |
19… Сауда-саттық өткізу туралы хабарлама мынадай мәліметтерді: … 4) шектеулер мен ауыртпалықтардың жоқ/бар екендігі туралы мәліметтерді; |
Нақтылау редакциясы
|
||||||||||||
|
18. |
27-тармақ |
27. Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қойылмаған жағдайда, жеңімпазға кепiлдiк жарна қайтарылмайды. Барлық қалған жағдайда кепiлдiк жарна қатысушы бірыңғай операторға электрондық өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзiмде қайтарылады. Кепілдік жарна сауда-саттыққа қатысушы, жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініште көрсеткен деректемелерге қайтарылады.
|
27. Кепілдік жарнаны сатушы: 1) жеңімпазға - сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайларда; 2) сатып алушыға - сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда қайтармайды. Барлық қалған жағдайларда кепілдік жарна қатысушы бірыңғай операторға электрондық өтініш берген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзiмде қайтарылады. Кепілдік жарна сауда-саттыққа қатысушы, жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініште көрсеткен деректемелерге қайтарылады. |
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына ұқсас сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда (қабылдап алу-беру актісіне қол қоймау, төлемді белгіленген мерзімде енгізбеу) кепілдік жарнаны қайтармау ұсынылады
|
||||||||||||
|
19. |
29-тармақ |
29. Сауда-саттыққа қатысу үшін мыналарды: 1) жеке тұлғалар үшін: ЖСН-ін, тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: БСН-ін, толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. |
29. Сауда-саттыққа қатысу үшін мыналарды: 1) жеке тұлғалар үшін: ЖСН-ін, тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: БСН-ін, толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде тізілімге енгізілген деректерге тиісті өзгерістер енгізеді. |
Нақтылау редакциясы.
|
||||||||||||
|
20. |
35-тармақ |
35. Аукцион екі әдіспен өткізіледі: бағаны көтеру және бағаны төмендету арқылы. Бағаны көтеруге арналған аукционды өткізген кезде бастапқы баға мүліктің алғашқы бағасына тең болады, бағаны төмендетуге арналған аукцион өткізілген жағдайда, бастапқы баға алғашқы бағаны 3-ке тең болатын арттыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.
Мүліктің алғашқы бағасы нарықтық құнның негізінде айқындалады және оны комиссия белгілейді. Бірінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны көтеру әдісі қолданыла отырып шығарылады. Екінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, алғашқы бағаның елу пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп шығарылады. Егер мүлік екінші сауда-саттықта өткізілмеген жағдайда, онда ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалған сауда ұйымына ол болған кезде алғашқы бағадан елу пайыз мөлшеріндегі баға бойынша сатуға беріледі. жоқ |
35. Аукцион екі әдіспен: 1) бағаны көтеру; 2) бағаны төмендету арқылы өткізіледі. Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукцион өткізген кезде мүліктің бастапқы бағасы мүліктің алғашқы бағасына тең болады. Бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукцион өткізген кезде мүліктің бастапқы бағасы алғашқы бағаны 3-ке (үшке) тең арттыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады. Бірінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны көтеру әдісі қолданыла отырып шығарылады. Екінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету әдісі қолданыла отырып, алғашқы бағаның 50 (елу) пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп шығарылады. Егер мүлік екінші сауда-саттықта өткізілмеген жағдайда, онда ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалған сауда ұйымына ол болған кезде алғашқы бағадан 50 (елу) пайыз мөлшеріндегі баға бойынша сатуға беріледі. Осы тармақтың алтыншы бөлігінің ережелері мүліктің мынадай түрлеріне: жылжымайтын мүлік объектілеріне, мүліктік кешендерге, зауыттарға, көлік құралдарына, ауыл шаруашылығы және арнайы техникаға, жануарларға, мұнайға, мұнай өнімдеріне және қайта өңдеу өнімдеріне (шикi мұнайды және газ конденсатын қайта өңдеу өнімдеріне), жабдыққа, жарғылық капиталдардағы қатысу үлестеріне қолданылмайды. |
Нақтылау редакциясы
Мүліктің алғашқы бағасын айқындау жөніндегі нормаларды қайталануды болдырмау мақсатында осы Қағиданың 2-тармағында ғана қалдыру ұсынылады. Аталған мүлікті өткізу үшін әлеуетті өнім берушіге сауда ұйымдары бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім беру үшін адамдар тобын шектейтін тиісті лицензияның болуы қажеттілігіне байланысты сауда ұйымына берілетін алкоголь өнімін, мұнай мен оны қайта өңдеу өнімдерін алып тастау ұсынылады. Бұдан басқа мүліктің, оның ішінде жылжымайтын мүлік объектілерінің осы түрлерін өткізу қосымша бақылауды және сатып алу-сату кезінде тиісті ресімдеуді талап етеді. |
||||||||||||
|
21. |
36-тармақ
|
36. Үшінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, алдыңғы сауда-саттықтың ең төменгі бағасының елу пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп шығарылады. Төртінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, бір теңге ең төмен баға белгіленіп шығарылады. Кейінгі әрбір сауда-саттық күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
|
36. Үшінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, алдыңғы сауда-саттықтың ең төменгі бағасының 50 (елу) пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп шығарылады. Төртінші және одан кейінгі сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету әдісі қолданыла отырып, 1 (бір) теңге мөлшерінде ең төмен баға белгіленіп шығарылады. Аукцион нысанындағы кейінгі әрбір сауда-саттық алдыңғы аукцион күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей өткізіледі. |
Мүлікті кейінгі сауда-саттыққа қою бөлігінде нақтылайтын түзету.
Нақтылау редакциясы. |
||||||||||||
|
22. |
38-тармақ |
38. Егер бағаны көтеру әдісін қолдана отырып өткізілген аукцион аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда мүлікті сатып алуға өзінің ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз деп танылады және осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады. Егер бағаны төмендету тәсілін қолдана отырып жүргізілген аукцион аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда осы мүлік бойынша аукцион өтпеді деп танылады.
|
38. Мүлік бойынша аукцион басталған сәтте тіркелген қатысушылар болмаған жағдайда, осы мүлік бойынша аукцион өтпеді деп танылады және сатушы тізілімде қалыптастырылатын аукционның өткізілмегені туралы актіге қол қояды.
|
Бұл норма бірінші-екінші сауда-саттықтан жалғыз қатысушыға мүлікті сату бөлігінде Заңның 100-бабының 3-тармағына сәйкес келтірілді және Қағиданың нормаларын ретке келтіру мақсатында Қағиданың 39-тармағынан ауыстырылды. |
||||||||||||
|
23. |
39-тармақ |
39. Егер аукцион басталған сәтте мүлік бойынша аукцион залында екі қатысушыдан аз тіркелсе және болса, онда жалғыз қатысушыға мүлікті сатуға жол берілетін аукцион бойынша үшінші және келесі сауда-саттықтарды қоспағанда, осы мүлік бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады. |
39. Егер аукцион залында бағаны көтеру аукционы басталған сәттен бастап 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі мүлікті бастапқы баға бойынша сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы мүлік бойынша бағаны көтеру аукционы өткізілмеді деп танылады. Егер мүліктің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және тіркелген қатысушылардың бірде-біреуі мүлікті сатып алу ниетін растамаса, онда бағаны төмендету аукционы өткізілмеді деп танылады. Егер бағаны төмендету аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда осы мүлік бойынша аукцион өтпеді деп танылады. Аталған Қағиданың осы тармағында көзделген жағдайларда сатушы тізілімде қалыптастырылатын өткізілмеген аукцион туралы актіге қол қояды және осы мүлік өткізілмеген сауда-саттық шарттарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады. |
Бұл норма Қағиданың нормаларын ретке келтіру мақсатында бірінші-екінші сауда-саттықтан жалғыз қатысушыға мүлікті сату бөлігінде Заңның 100-бабының 3-тармағына сәйкес келтірілді және 41-тармақтың 1) тармақшасынан ауыстырылды. 42 тармақтың 3) тармақшасынан ауыстырылды
38-тармақтың екінші бөлігі ауыстырылды
42-тармақтың бесінші бөлігі ауыстырылды |
||||||||||||
|
24. |
40-тармақ |
40. Бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді: 1) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 10 пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi; 2) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгенінен бастап 50 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 7 пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 пайыз мөлшерінде; 3) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50 000 еселенгенінен бастап 100 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi; 4) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгенінен бастап 250 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 2,5 пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді; 5) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 250 000 еселенгенінен бастап 500 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 1 пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді; 6) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500 000 еселенген мөлшерінде және одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 0,5 пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді. Аукцион төменде сипатталған екі әдістің біреуі бойынша жүргізіледі. |
40. Бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді: 1) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 10 (он) пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгiленедi; 2) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгенінен бастап 50 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 7 (жеті) пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 (бес) пайыз мөлшерінде; 3) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50 000 еселенгенінен бастап 100 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгiленедi; 4) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгенінен бастап 250 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 2,5 (екі бүтін оннан бес) пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді; 5) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 250 000 еселенгенінен бастап 500 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 1 (бір) пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді; 6) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500 000 еселенген мөлшерінде және одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.
|
Редакциялық түзету.
|
||||||||||||
|
25. |
41-тармақ |
41. Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукцион: 1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі осы Қағиданың 40-тармағына сәйкес белгіленген қадамға бастапқы бағаны арттыру жолымен мүлікті сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы мүлік бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады; 2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы Қағиданың 40-тармағына сәйкес белгіленген қадамға бастапқы бағаны арттыру жолымен мүлікті сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады; 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі ағымдағы бағаны арттыру жолымен мүлікті сатып алу ниетін растамайтын болса, онда мүлікті сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады. Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Мүліктің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. |
41. Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукцион өткізу: 1) егер аукцион залында бастапқы баға расталған сәттен бастап 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірі мүліктің бастапқы бағасын осы Қағиданың 40-тармағына сәйкес белгіленген қадамға арттыру жолымен мүлікті сатып алуға өзінің ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады; 2) егер аукцион залында бастапқы баға расталған сәттен бастап 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі бастапқы бағаны арттыру жолымен мүлікті сатып алуға өзінің ниетін растамайтын болса, онда бастапқы бағаны растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады. 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі ағымдағы бағаны арттыру жолымен мүлікті сатып алу ниетін растамайтын болса, онда мүлікті сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады; 4) егер бағаны көтеру аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда мүлікті сатып алу ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз деп танылады және осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады. Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Бір ғана қатысушы қатысқан бағаны көтеру аукционы, егер қатысушы бастапқы бағаны растаса, өтті деп танылады. |
Бұл норма Қағиданың нормаларын ретке келтіру мақсатында бірінші-екінші сауда-саттықтан жалғыз қатысушыға мүлікті сату бөлігінде Заңның 100-бабының 3-тармағына сәйкес келтірілді және Қағиданың 41-тармағының 2) тармақшасы ауыстырылды
Бұл норма егер сауда-саттыққа бірнеше қатысушы қатысқан және бұл ретте тек бастапқы баға расталған жағдайда ұсынылады.
Қағиданың 41-тармағының 3) тармақшасы ауыстырылды
38-тармақтың бірінші бөлігі ауыстырылды.
Редакциялық түзету. |
||||||||||||
|
26. |
42-тармақ |
42. Бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукцион: 1) егер аукцион басталған сәттен бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда мүлікті сатып алу ниетін растамайтын болса, мүліктің бастапқы бағасы осы Қағиданың 40-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі мүлікті сатып алу ниетін растамайтын болса, мүліктің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша мүлікті сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукцион жеңімпазы болып танылады және осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады; 3) егер мүліктің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-біреуі мүлікті сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады. Осы Қағиданың 38-тармағының екінші бөлігінде, 39-тармағында, 41-тармағының 1) тармақшасында және 42-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда сатушы тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын аукционның өткізілмегені туралы актіге қол қояды. |
42. Бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукцион өткізу: 1) егер аукцион басталған сәттен бастап 2 (екі) минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда мүлікті сатып алу ниетін растамайтын болса, мүліктің бастапқы бағасы осы Қағиданың 40-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін 2 (екі) минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі мүлікті сатып алу ниетін растамайтын болса, мүліктің соңғы ағымдағы бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Ағымдағы баға бойынша мүлікті сатып алуға өзінің ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукцион жеңімпазы болып танылады және осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады. Бір ғана қатысушы қатысқан бағаны төмендету аукционы, егер қатысушы жарияланған бағаны растаса, өтті деп танылады. |
Бұл норма бірінші-екінші сауда-саттықтан жалғыз қатысушыға мүлікті сату бөлігінде Заңның 100-бабының 3-тармағына сәйкес келтірілді
Нақтылау редакциясы.
Нақтылау редакциясы.
Редакциялық түзету. |
||||||||||||
|
27.
|
45-тармақ |
45. Сатып алу-сату шартына сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып сатушы мен жеңімпаз қол қояды. Шартта сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға шартты жасасу негіздемесі ретінде сілтеме көрсетіледі. Сатып алу-сату шартын сатушы қалыптастырады және сауда-саттық өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей жеңімпазға келісуге жібереді. |
45. Сатып алу-сату шартына сауда-саттық өткізілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде тізілімде ЭЦҚ пайдалана отырып сатушы және жеңімпаз қол қояды. Шартта сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға шартты жасасу негіздемесі ретінде сілтеме көрсетіледі. Сатып алу-сату шартын сатушы қалыптастырады және сауда-саттық өткізілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жеңімпазға келісуге жібереді. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасымен шарттарға қол қою мерзімдерін үйлестіру мақсатында. |
||||||||||||
|
28. |
54-тармақ |
54. Аванстық немесе түпкiлiктi төлемнiң мерзiмi өткен не белгіленген мерзімде қабылдап алу-беру актісіне жеңімпаз қол қоймаған жағдайда, сатушы сатып алу-сату шартын сатып алушыға тиісті хабарлама жібергеннен кейін бiржақты тәртiппен бұзады. Бұл ретте сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды, содан кейін мүлік күшін жойған сауда-саттық талаптарымен сауда-саттыққа қайта шығарылады. |
54. Аванстық немесе түпкілікті төлем мерзімі 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге кешіктірілген жағдайда сатушы сатып алу-сату шарты бойынша кешіктірілген әрбір күн үшін төленбеген төлем сомасының 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыз мөлшерінде өсімпұл алады. Аванстық немесе түпкілікті төлем он жұмыс күнінен астам мерзімге кешіктірілген жағдайда, сатып алу-сату шарты бір жақты тәртіппен бұзылады. Жеңімпаз қабылдап алу-беру актісіне белгіленген мерзімде қол қоймаған жағдайда, сатушы сатып алу-сату шартын бір жақты тәртіппен бұзады. Сатушы сатып алу-сату шартын бұзған кезде тізілімде қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды, содан кейін мүлік күші жойылған сауда-саттық талаптарымен сауда-саттыққа қайта шығарылады. |
Төлем бойынша рәсімдерді регламенттеу мақсатында. |
||||||||||||
|
29. |
1-қосымша |
Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті Нысан Мүлікті сату бойынша __________ қатысуға (аукцион әдісі көрсетіледі) ӨТІНІМ1. Мүліктің сатылуы туралы жарияланған хабарламаны қарап және Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасымен танысып, ___________________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе заңды тұлғаның сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің Т.А.Ә.) ___________ 20 ___ жылғы « ___» _______ ____________ мына мекенжай бойынша _______________________болатын аукционға қатысуға ниет білдіреді. 2. Мен (біз) сауда-саттыққа қатысу үшін мүлік бойынша сауда-саттық нәтижелері айқындалғанға дейін тізілімнің веб-порталы бұғаттайтын кепілдік жарнаны енгіздім(дік):
3. Қатысушыға қойылатын талаптарға мен (біз) сәйкес емес екенім(із) анықталған жағдайда мен (біз) аукционға қатысу құқығынан айырылатынымен, мен (біз) қол қойған аукцион нәтижелері туралы хаттама және сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылатынымен келісемін(з). 4. Егер мен (біз) аукцион жеңімпаз(дар)ы деп танылған жағдайда өзімізге сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға өткізілген күні қол қоюды және ол өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сатып алу-сату шартына қол қоюды міндетім(ізг)е аламын(з). 5. Мынадай: 1) сауда-саттық өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған; 2) белгіленген мерзімдерде сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайларда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтынына және сатушыда қалатынына келісемін(з). 6. Осы өтінім сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен бірге сатып алу-сату шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарттың күшіне ие. 7. Өзім(із) туралы мынадай: Заңды тұлғалар үшін: Атауы ___________________________________ БСН ____________________________________ Басшының Т.А.Ә. ________________________ Мекенжайы:______________________________ Телефон (факс) нөмірі: ________________ Кепілдік жарнасын қайтару үшін банк деректемелері: Жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ЖСК) __ Банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК) _ Банктің атауы ____________________________ Бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) __________ Кепілдік жарнасын төлеген тұлғаның ЖСН/БСН:_ Өтінімге мыналар қоса беріледі (аукционға өтінім бергенде толтырылмайды): 1) _________________________________ 2) _________________________________ 3) _________________________________ 4) _________________________________ Жеке тұлға үшін: Т.А.Ә. ___________________________________ ЖСН ____________________________________ Паспорт деректері ________________________ Мекенжайы: _____________________________ Телефон (факс) нөмірі: ____________________ Кепілдік жарнасын қайтару үшін банк деректемелері: ЖСК ____________________________________ БСК ____________________________________ Банктің атауы ____________________________ Кбе _____________________________________ Кепілдік жарнасын төлеген тұлғаның ЖСН/БСН:__ Өтінімге мыналар қоса беріледі (аукционға өтінім бергенде толтырылмайды): 1) __________________________________ 2) __________________________________ 3) __________________________________ 4) __________________________________ (қолы) (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе заңды тұлғаның сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің Т.А.Ә.) 20 __ жылғы «___» _________ Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы 20__ жылғы «___» ______ _____ сағат ___ минутта қабылдады. Қатысушының аукцион нөмірі ______________
|
Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті Нысан Мүлікті сату бойынша __________ қатысуға (аукцион әдісі көрсетіледі) ӨТІНІМ1. Мүліктің сатылуы туралы жарияланған хабарламаны қарап және Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасымен танысып, _________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе заңды тұлғаның сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің Т.А.Ә.) ___________ 20 ___ жылғы «___» _______ ____________ мына мекенжай бойынша ________________________ болатын аукционға қатысуға ниет білдіреді. 2. Мен (біз) сауда-саттыққа қатысу үшін мүлік бойынша сауда-саттық нәтижелері айқындалғанға дейін тізілім бұғаттайтын кепілдік жарнаны енгіздім(дік):
3. Қатысушыға қойылатын талаптарға мен (біз) сәйкес емес екенім(із) анықталған жағдайда, мен (біз) аукционға қатысу құқығынан айырылатыныммен (айырылатынымызбен), электрондық аукцион нәтижелерінің хаттамасы және мен (біз) қол қойған сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылатынымен келісемін(з). 4. Егер мен (біз) аукцион жеңімпаз(дар)ы деп танылған жағдайда, өзім(ізг)е электрондық аукцион нәтижелерінің хаттамасына өткізілген күні қол қоюды және сауда-саттық өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сатып алу-сату шартына қол қоюды міндетім(ізг)е аламын(з). 5. Мынадай: 1) сауда-саттық өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған; 2) белгіленген мерзімдерде сатып алу-сату шартына қол қоймаған; 3) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайларда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтынына және сатушыда қалатынына келісемін(з). 6. Осы өтінім электрондық аукцион нәтижелерінің хаттамасымен бірге сатып алу-сату шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарттың күшіне ие. 7. Өзім(із) туралы мынадай: Заңды тұлғалар үшін: Атауы ___________________________________ БСН _____________________________________ Басшының Т.А.Ә. ________________________ Мекенжайы:______________________________ Телефон (факс) нөмірі: ________________ Кепілдік жарнасын қайтару үшін банк деректемелері: Жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ЖСК) ___ Банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК) __ Банктің атауы _____________________________ Бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) ___________ Кепілдік жарнасын төлеген тұлғаның ЖСН/БСН:_ Жеке тұлға үшін: Т.А.Ә. ___________________________________ ЖСН ____________________________________ Паспорт деректері _________________________ Мекенжайы: _______________________________ Телефон (факс) нөмірі: ______________________ Кепілдік жарнасын қайтару үшін банк деректемелері: ЖСК ____________________________________ БСК _____________________________________ Банктің атауы _____________________________ Кбе ______________________________________ Кепілдік жарнасын төлеген тұлғаның ЖСН/БСН:__ (қолы) (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе заңды тұлғаның сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің Т.А.Ә.) 20 __ жылғы «___» ____________ Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы 20__ жылғы «___» ______ _____ сағат ___ минутта қабылдады. Қатысушының аукцион нөмірі ______________
|
Редакциялық түзету. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына ұқсас сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда (қабылдап алу-беру актісіне қол қоймау, төлемді белгіленген мерзімде енгізбеу) кепілдік жарнаны қайтармау ұсынылады |
||||||||||||