Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 және «Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 маусымдағы №382 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 706-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 100-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жекешелендіру объектілерін аукцион мен тендер, қор биржасындағы сауда-саттық, екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс нысанындағы сауда-саттықтарда, сондай-ақ тікелей атаулы сату арқылы сату тәртібін реттейді.»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:»;
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ағымдағы баға – жекешелендіру объектісінің бағаны көтеру аукционы нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын немесе бағаны төмендету аукционы нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын жарияланған баға;
2) алғашқы баға – тәуелсіз консультанттар және бағалаушы ұсынған жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есептің негізінде айқындалатын және мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия белгілейтін жекешелендіру объектісінің бағасы;»;
20) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«20) сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісі – бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен арттырылатын аукцион нысанындағы сауда-саттықта қолданылатын әдіс;
21) сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісі – бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен төмендетiлетiн сауда-саттықта қолданылатын әдіс;»;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) тізілімнің веб-порталы –мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі – тізілім) сату объектілері жөніндегі электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;»;
12-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Қағиданың 2-тармағының 7) және 9) тармақшаларында, 81-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, комиссия шешімінің негізінде әрбір жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттық нысанын айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) тендер, жабық тендер және екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс нысанындағы сауда-саттықтың шарттарын, ал осы Қағиданың 61-тармағында көзделген жағдайларда комиссия шешімінің негізінде жекешелендіру объектісі қызметінің бейінін сақтау мерзімін айқындау;»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Комиссия»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу үшін сатушы міндетті түрде комиссия құрады, оның құрамына сатушының, басқа да мемлекеттік атқарушы органдардың (аумақтық бөлімшелердің) және (немесе) өкілді органдардың, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының (жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияларда) өкілдері енгізіледі. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрайды. Сатушының өкілі комиссия төрағасы болып табылады. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.»;
15-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Қағиданың 2-тармағының 7) және 9) тармақшаларында, 81-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбір жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттық нысандары туралы шешім қабылдайды;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) әрбір жекешелендіру объектісі бойынша тендер, жабық тендер және екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс нысанындағы сауда-саттықтың шарттары туралы шешім қабылдайды, ал осы Қағиданың 61-тармағында көзделген жағдайларда жекешелендіру объектісі қызметінің бейінін сақтау мерзімін айқындайды;»;
мынадай мамұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) тендердің, жабық тендердің, екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурстың не тікелей атаулы сатудың нәтижесі болып табылатын жекешелендіру объектілерін сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды аяқтау мәселелері бойынша шешім қабылдайды.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Сауда-саттықты өткізуге дайындық»;
17-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әрбiр жекешелендiру объектiсiнiң сатылу нысаны айқындалады;»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Сауда-саттық өткiзiлетiндiгi туралы хабарламаны сатушы олар өткiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік он бес күн бұрын жариялайды.
Хабарлама қазақ және орыс тiлдерiнде тізілімнің веб-порталында жарияланады.
Монополияға қарсы заңнаманың талаптарына жататын акцияларды, ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы үлестерді, мемлекеттік кәсіпорындарды мүліктік кешендер ретінде сату туралы хабарламаны объекті (сату кестесі) бойынша ақпарат тізілімге енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн өткеннен кейін жариялауға жол беріледі.»;
25-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) тиісті биржаның биржалық саудасының қағидасына сәйкес өзге де ақпарат.»;
26-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
28-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталындағы деректерге тиісті өзгерістер енгізеді.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Аукционға, тендерге және жабық тендерге қатысушылардың өтінімдері және оларға қоса берілетін электрондық (сканерленген) құжаттардың көшірмелері тізілімнің дерекқорында сақталады және сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақытқа дейін жүктеу және қарау үшін қолжетімсіз болады.»;
39-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер сауда-саттыққа шығарылған мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар акцияларының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің жүз пайызы өткізілген үш сауда-саттық нәтижесі бойынша сатылмаған болса, аталған заңды тұлғалар қосылу не бірігу арқылы қайта ұйымдастырылуға жатады немесе таратылуға жатады.»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Аукцион өткiзу»;
40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Аукцион екі әдіспен:
1) бағаны көтеру;
2) бағаны төмендету арқылы өткізіледі.
Аукционды бағаны көтеру әдісін қолдана отырып өткiзу кезінде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады.
Аукционды бағаны төмендету әдісін қолдана отырып өткізу кезінде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы алғашқы бағаны 3-ке тең арттыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.
Жекешелендiру объектiсi екінші сауда-саттыққа аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, алғашқы бағаның елу пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп шығарылады.
Жекешелендiру объектiсi үшінші сауда-саттыққа аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, ең төмен баға белгіленбей шығарылады.
Осы Қағиданың 39-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жекешелендіру объектісі төртінші және одан кейінгі сауда-саттыққа үшінші сауда-саттықтың талаптарымен шығарылады.
Аукцион нысанындағы әрбір кейінгі сауда-саттық алдыңғы аукцион күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізіледі.»;
44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Жекешелендіру объектісі бойынша аукцион басталған сәтте тіркелген қатысушылар болмаған жағдайда, осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өтпеді деп танылады және сатушы тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын өткізілмеген аукцион туралы актіге қол қояды.
Егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және тіркелген қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда бағаны төмендету аукционы өткізілмеді деп танылады.
Егер бағаны төмендетуге арналған аукцион аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өтпеді деп танылады.
Аталған Қағиданың осы тармағында көзделген жағдайларда сатушы тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын өткізілмеген аукцион туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі өткізілмеген сауда-саттық шарттарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.»;
47 және 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Бағаны көтеру аукционы:
1) егер аукцион залында бастапқы баға расталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға ұлғайту арқылы жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растаса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады;
2) егер ағымдағы баға ұлғайғаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын ұлғайту жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;
3) егер бағаны көтеру аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз деп танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.
Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.
Бір ғана қатысушы қатысқан бағаны көтеру аукционы, егер қатысушы бастапқы бағаны растаса, өтті деп танылады.
1) егер аукцион басталған кезден бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды;
2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы ағымдағы бағасы белгіленген қадаммен азаяды.
Жекешелендіру объектісін ағымдағы баға бойынша сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету аукционының жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.
Бір ғана қатысушы қатысқан бағаны төмендету аукционы, егер қатысушы жарияланған бағаны растаса, өтті деп танылады.»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Тендердi және жабық тендерді өткiзу»;
57-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«57. Тендер ашық болуы тиіс. Ұлт қауiпсiздiгiн, қоршаған табиғи ортаны қорғауды, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Yкiметiнің шешімі бойынша тендер жабық өткiзiлуi мүмкiн.»;
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«60. Жекешелендіру объектісін екінші және үшінші тендерге немесе жабық тендерге шығару кезінде бастапқы баға алдыңғы тендердің немесе жабық тендердің бастапқы бағасының елу пайызына төмендетіледі.
Жекешелендіру объектісін төртінші және кейінгі тендерге немесе жабық тендерге шығару кезінде жекешелендіру объектісі осы Қағиданың 39-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, алдыңғы тендердің немесе жабық тендердің бастапқы бағасының елу пайызына төмендетілген, бірақ кепілдік жарнаның мөлшерінен төмен емес бастапқы бағамен қойылады.
Әрбір келесі тендер немесе жабық тендер алдыңғы тендер немесе жабық тендер өткізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізіледі.»;
61-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«61. Мүліктік кешендер ретінде мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акцияларының бақылау пакеттері (бақылау қатысу үлестері) сатылған жағдайда, тендердің немесе жабық тендердің шарты қызмет бейінін сақтау болып табылады.»;
62-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«62. Жекешелендіру объектісі бойынша тендер немесе жабық тендер басталған сәтте тіркелген қатысушылар болмаған жағдайда, тендер немесе жабық тендер өтпеді деп танылады. Егер қатысушы бастапқы бағадан кем емес құнды ұсынса, бір ғана қатысушы қатысқан тендер немесе жабық тендер өтті деп танылады.»;
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«69. Жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына осы Қағиданың 67 және 68-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда, сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі күші жойылған сауда-саттық талаптарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің
аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке
тиесілі бағалы қағаздарды сату»;
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурс»;
76-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сатушының жекешелендiру объектiсiн сату туралы хабарламаны тізілімнің веб-порталында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялауы, сондай-ақ тәуелсіз консультанттың әлеуетті сатып алушыларға (инвесторларға) сату туралы ұсынысты жіберуі;»;
мынадай мазмұндағы 79-1- тармақпен толықтырылсын:
«79-1. Жекешелендіру объектісін екі кезеңді рәсімдер арқылы екінші және үшінші конкурсқа шығару кезінде бастапқы баға екі кезеңді рәсімдер арқылы алдыңғы конкурстың бастапқы бағасының елу пайызына төмендейді.
Жекешелендіру объектісін екі кезеңді рәсімдер арқылы төртінші және одан кейінгі конкурсқа шығару кезінде жекешелендіру объектісі осы Қағиданың 39-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, екі кезеңді рәсімдер арқылы алдыңғы конкурстың бастапқы бағасының елу пайызына төмендетілген, бірақ кепілдік жарнаның мөлшерінен төмен емес бастапқы бағамен қойылады.»;
8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-тарау. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату»;
9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-тарау. Тiкелей атаулы сату»;
84- тармақта:
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Тікелей атаулы сату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі объектінің және стратегиялық инвестордың атауын, сондай-ақ осы тармақта көрсетілген міндеттемелер тізбесінен міндеттемелерді қабылдау туралы стратегиялық инвесторға қойылатын талаптарды және міндеттемелерді орындау мерзімдерін қамтиды.»;
алтыншы және жетінші бөліктер алып тасталсын;
86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«86. Жекешелендіру объектісін сату Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы заңнамаға сәйкес сенімгерлік басқару не мүлiктiк жалдау (жалға алу) шартын жасау сәтінде айқындалатын нарықтық құны бойынша сатып алу-сату шартын жасау арқылы жүзеге асырылады.
Мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару мерзімі ішінде нарықтық құн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне сәйкес индекстеуге жатады.
Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар осы Қағиданың 89-тармағында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«10-тарау. Есеп айырысу тәртiбi»;
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«90. Аванстық немесе түпкілікті төлем мерзімі он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге кешіктірілген жағдайда сатушы сатып алу-сату шарты бойынша кешіктірілген әрбір күн үшін төленбеген төлем сомасының 0,5% мөлшерінде өсімпұл алады. Аванстық немесе түпкілікті төлем он жұмыс күнінен астам мерзімге кешіктірілген жағдайда, сатып алу-сату шарты бір жақты тәртіппен бұзылады.»;
91-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеңімпаз қабылдап алу-беру актісіне белгіленген мерзімде қол қоймаған жағдайда сатушы бір жақты тәртіппен сатып алу-сату шартын бұзады және тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды.»;
мынадай мазмұндағы 91-1- тармақпен толықтырылсын:
«91-1. Осы Қағиданың 90 және 91-тармақтарында көзделген сауда-саттық нәтижелерінің күші жойылған жағдайда, жекешелендіру объектісі жойылған сауда-саттық талаптарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.»;
93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«93. Ықтимал бөлiп-бөлiп төлеудiң шарттары сауда-саттыққа қатысушылардың назарына алдын ала жеткiзiлген жағдайда ғана бөлiп-бөлiп төлеуге жол беріледi. Бұл ретте бастапқы жарнаның мөлшерi сату бағасының он бес пайызынан кем болмауға, ал бөлiп-бөлiп төлеу кезеңi үш жылдан аспауға тиiс.»;
94-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«94. Бастапқы жарнаны сатып алушы сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде енгізеді. Кейіннен енгізілетін сомаларға пайыздар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне сүйене отырып, есептеледі. Келесі сомаларды енгізу тоқсанына бір реттен сирек болмауы тиіс.».
2) «Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 маусымдағы №382 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., №37-38, 224-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақтың 3-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жекешелендіру объектісін екі кезеңдiк рәсiмдер түріндегі конкурс арқылы сату бойынша мәмілені сүйемелдеу мақсатында тәуелсіз консультантты тарту тәртібін айқындайды.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Тәуелсіз консультантты тарту тәртібі»;
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«жекешелендіру объектісін екі кезеңдiк рәсiмдер түріндегі конкурс арқылы сату бойынша мәмілені сүйемелдеу үшін көрсетілетін қызметтердің түріне қарай комиссияның ұсынымдары бойынша бекітеді.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Ұсыныстар сұратуды мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сатушы мемлекеттік және орыс тілдерінде өтінімдер беру мерзімі аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жариялайды. Ұсыныстар сұратуды жариялаудан басқа, сатушы осы тармақта көзделген мерзімде ұсыныстар сұратуды әлеуетті тәуелсіз консультанттардың атына жөнелтуді жүзеге асыруға құқылы.»;
31-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұсыныстар сұратуға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген және тәуелсіз консультантты тарту бойынша рәсімдер қайта өткізілген не тәуелсіз консультантты тарту бойынша рәсімдерді сатушы бұрын бекітілген шарттарда қайта өткізген жағдайда жариялау және әлеуетті тәуелсіз консультанттардың ұсыныстарды беру мерзімдері сатушы ұсыныстар сұратуды бекіткен күннен бастап күнтізбелік он бес күнге ұзартылады.».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 және «Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 маусымдағы №382 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) жекешелендіру және мемлекеттік меншікті басқару процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Түзетулерді қабылдау әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соғады, оларға: мемлекеттік меншік объектілерін сату рәсімдерін жеделдету және жекешелендіруден түсетін қаражат түсімдерін ұлғайту; республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстарын қысқарту жатады.
Жобаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі әзірледі.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №307 қаулысымен бекітілген 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспардың 2-тармағын орындау үшін, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі қорытындылары бойынша әзірленді.
Жобаның мақсаты жекешелендіру рәсімдерін жетілдіру және Заңға сәйкес келтіру, оның ішінде бірінші-екінші сауда-саттықта жалғыз қатысушыға мүлікті өткізу мүмкіндігін беру бөлігінде сәйкес келтіру; салалық не өзге де мақсаттарда одан әрі пайдалану үшін өткізілген үш сауда-саттықтың нәтижелері бойынша өткізілмеген мемлекеттік мүлікті сақтау; объектілерді бағалау (нарықтық) құнынан төмен сату тәуекелін барынша азайту және сауда-саттықтың өту уақытын теңдестіру үшін бағаны төмендету аукционын өткізу кезінде арттыру коэффициентін қолдану; баспа басылымдарында сауда-саттық туралы ақпараттық хабарламаларды жариялау жөніндегі нормаларды алып тастау; тікелей атаулы сату бойынша жекешелендіру объектілері жөніндегі мәмілелерді сүйемелдеу үшін тәуелсіз консультанттарды тарту жөніндегі нормаларды алып тастау болып табылады.
Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаражат талап етпейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері:
енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысы;
«Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 маусымдағы №382 қаулысы.
Жоба қабылданған жағдайда, заңнаманы оған сәйкес келтіру талап етілмейді.
Жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі.
Жоба 2020 жылғы 11 желтоқсанда мемлекет органдарының интернет-ресурсының бірыңғай платформасында, 2020 жылғы 11 желтоқсанда http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (файл мемлекеттік және орыс тілдерінде 252 КБ, есеп қоса беріледі).
Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.
Жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік қаржы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңеске келісуге жіберілді (2020 жылғы 15 желтоқсандағы №002-ДЮ/7648-И хат).
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері жобаны қарау қорытындылары бойынша ұсыныстар мен ескертулерді ұсынған жоқ.
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес ЖаңартылғанҚоғамдық кеңес мемлекеттік орган белгілеген мерзімде ұсынымдар бермеген жағдайда, нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертусіз келісілді деп есептеледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың 21 желтоқсандағы 2020 жылғы №003184 қорытындысы.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Е. Жамаубаев
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 және «Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 маусымдағы №382 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы бойынша
САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
|
№ р/с |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылып отырған редакция |
Негіздеме Тапсырмаларға сілтемеден басқа мыналарды: 1) түзетудің мәнін; 2) енгізілетін әрбір түзетудің нақты негіздемесін көрсету қажет |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы |
||||
|
1 |
1-тармақ |
1. Осы Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 100-бабының2-тармағынасәйкес әзірленді және аукцион, тендер, жабық тендер және екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс нысанында сауда-саттықта жекешелендіру объектілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату және акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату тәртібін реттейді. |
1. Осы Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 100-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жекешелендіру объектілерін аукцион мен тендер, қор биржасындағы сауда-саттық, екі кезеңді рәсiмдер арқылы конкурс нысанындағы сауда-саттықтарда, сондай-ақ тiкелей атаулы сату арқылы сату тәртібін реттейді. |
Редакциялық түзету. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 94-бабына сәйкес мемлекеттік мүлікті иеліктен шығарудың бір түрі тікелей атаулы сату болып табылады. Қағиданың 84-тармағына сәйкес кейiннен сатып алу құқығымен мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе сенiмгерлік басқаруға тиiсiнше жалдаушыға (жалға алушыға) немесе сенiмгерлік басқарушыға берiлген объектiлер, сондай-ақ стратегиялық инвесторға беруге жататын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған объектілер тiкелей атаулы сатуға жатады. |
|
2. |
1-тараудың тақырыбы |
1. Жалпы ережелер |
1-тарау. Жалпы ережелер |
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес көлемі ауқымды нормативтік құқықтық актілердің мазмұны жағынан жақын баптары (тармақтары) тарауларға біріктірілуі мүмкін. Мазмұны жағынан жақын бірнеше тарау – бөлімдерге, ал бөлімдер нормативтік құқықтық актінің бөліктеріне біріктірілуі мүмкін. Көлемі үлкен тараулар мен бөлімдерде тиісінше параграфтар мен кіші бөлімдер бөлініп көрсетілуі мүмкін. Кодекстерде ішкі құрылымның басқа белгілері қолданылуы мүмкін. Нормативтік құқықтық актілердегі тарау, параграф, бөлім, кіші бөлім тиісінше «тарау», «параграф», «бөлім», «кіші бөлім» деген сөздермен белгіленеді. |
|
3. |
1-тармақтың бірінші бөлігі |
1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: |
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: |
Редакциялық түзету. 1-тармақтың бірінші бөлігіне қазақ тілінде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді. |
|
4. |
2-тармақтың 1) тармақшасы |
1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ағымдағы баға – жекешелендіру объектісінің аукциондағы сауда-саттық барысында қалыптасатын бағасы;
|
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ағымдағы баға-жекешелендіру объектісінің бағаны көтеру аукционы нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын бағасы немесе бағаны төмендету аукционы нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын жарияланған баға; |
Нақтылау редакциясы. Заңның 100-бабының 3-тармағына сәйкес бір ғана қатысушы қатысқан аукциондар, егер қатысушы бастапқы немесе жарияланған бағаны растаса, өткізілді деп танылады. |
|
5. |
2-тармақтың 2) тармақшасы |
1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: ... 2) алғашқы баға – мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия белгілейтін жекешелендіру объектісінің нарықтық құнының негізінде айқындалатын баға;
|
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: ... 2) алғашқы баға – тәуелсіз консультанттар және бағалаушы ұсынған жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есептің негізінде айқындалатын және мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия белгілейтін жекешелендіру объектісінің бағасы; |
Жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасын айқындау бөлігінде Заңның 100-1-бабының 1-тармағына сәйкес келтіру. |
|
6. |
2-тармақтың 20) тармақшасы |
1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: ... 20) сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісі – бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен арттырылатын сауда-саттық әдiсi; |
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: ... 20) сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісі – бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен арттырылатын аукцион нысанындағы сауда-саттықта қолданылатын әдіс; |
Нақтылау редакциясы |
|
7. |
2-тармақтың 21) тармақшасы |
1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: ... 21) сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісі – бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен төмендетiлетiн сауда-саттық әдiсi; |
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: ... 21) сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісі – бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен төмендетiлетiн аукцион нысанындағы сауда-саттықта қолданылатын әдіс; |
Нақтылау редакциясы |
|
8. |
2-тармақтың 24) тармақшасы |
1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: ... 24) тізілімнің веб-порталы – www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі – тізілім) сату объектілері жөніндегі электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс; |
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: ... 24) тізілімнің веб-порталы –мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі – тізілім) сату объектілері жөніндегі электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс; |
«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы»Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру көзделгенін ескере отырып, Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталына (gosreestr.kz), оның ішінде оның атауын e-qazyna.kz – ға өзгерту бойынша ребрендинг жүргізу жоспарлануда. |
|
9. |
12-тармақтың 2), 2-1) тармақшалары |
12. Сатушының функциялары: 2) осы Қағиданың 2-тармағының 7) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, комиссия шешімінің негізінде әрбір жекешелендіру объектісі бойынша жекешелендіру жүргізу түрін, сауда-саттық шарттарын және нысандарын айқындау; 2-1) жоқ |
12. Сатушының функциялары: 2) осы Қағиданың 2-тармағының 7) және 9) тармақшаларында, 81-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, комиссия шешімінің негізінде әрбір жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттық нысанын айқындау; 2-1) тендер, жабық тендер және екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс нысанындағы сауда-саттықтың шарттарын, ал осы Қағиданың 61-тармағында көзделген жағдайларда комиссия шешімінің негізінде жекешелендіру объектісі қызметінің бейінін сақтау мерзімін айқындау; |
Редакциялық түзету. |
|
10. |
2-тараудың тақырыбы |
2. Комиссия |
2-тарау. Комиссия |
Негіздеме осы салыстырма кестенің 2-жолында келтірілген. |
|
11. |
14-тармақтың бірінші бөлігі |
14. Сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу үшін сатушы міндетті түрде комиссия құрады, оның құрамына сатушының және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері немесе олардың аумақтық бөлімшелері, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен өңірлік кәсіпкерлер палаталарының (жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияларға) өкілдері енгізіледі. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрайды. Сатушының өкілі комиссия төрағасы болып табылады. Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды. |
14. Сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу үшін сатушы міндетті түрде комиссия құрады, оның құрамына сатушының, басқа да мемлекеттік атқарушы органдардың (аумақтық бөлімшелердің) және (немесе) өкілді органдардың, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының (жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияларда) өкілдері енгізіледі. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрайды. Сатушының өкілі комиссия төрағасы болып табылады. Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды. |
Редакциялық түзету. |
|
12. |
15-тармақтың 2) тармақшасы |
15. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады: 2) осы Қағиданың 2-тармағының 7) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбір жекешелендіру объектісі бойынша жекешелендіруді жүргізу түрі, сауда-саттық нысандары мен әдістері туралы шешім қабылдайды; |
15. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады: 2) осы Қағиданың 2-тармағының 7) және 9) тармақшаларында, 81-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбір жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттық нысандары туралы шешім қабылдайды; |
Комиссияның сауда-саттық әдісін анықтауы бойынша функцияны алып тастау ұсынылады, өйткені сауда-саттық әдістерін пайдалану жағдайлары Заңда айқындалған. Заңға сәйкес мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару тікелей атаулы сату жолымен және Заңның 3-параграфында көзделген иеліктен шығарудың өзге де тәсілдерімен сауда-саттық түрінде жүзеге асырылады. Бұл ретте Заңның 105-бабына сәйкес кейiннен сатып алу құқығымен мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе сенiмгерлік басқаруға тиiсiнше жалдаушыға (жалға алушыға) немесе сенiмгерлік басқарушыға берiлген объектiлер, сондай-ақ Үкіметтің шешімімен айқындалған объектілер тiкелей атаулы сатуға жатады. Иеліктен шығарудың өзге де әдістерін қолдану жағдайлары да Заңмен реттеледі. Осылайша иеліктен шығарудың жалғыз түрі қалады - бұл сауда. Осыған байланысты жекешелендірудің түрін айқындау жөніндегі функцияны алып тастауды орынды деп санаймыз. |
|
13. |
15-тармақтың 6) тармақшасы |
15. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады: … 6) осы Қағиданың 61-тармағында көзделген жекешелендіру объектілерін сатуды қоспағанда, тендер шарттары туралы шешім қабылдайды; |
15. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады: … 6) әрбір жекешелендіру объектісі бойынша тендер, жабық тендер және екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс нысанындағы сауда-саттықтың шарттары туралы шешім қабылдайды, ал осы Қағиданың 61-тармағында көзделген жағдайларда жекешелендіру объектісі қызметінің бейінін сақтау мерзімін айқындайды; |
Редакциялық түзету. |
|
14. |
15-тармақтың 11) тармақшасы |
15. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады: … 11) жоқ
|
15. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады: … 11) тендердің, жабық тендердің, екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурстың не тікелей атаулы сатудың нәтижесі болып табылатын жекешелендіру объектілерін сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды аяқтау мәселелері бойынша шешім қабылдайды. |
Бұл норма бақылаудың ашықтығын және сатып алу-сату шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауға объективті, жан-жақты көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі. |
|
15. |
3-тараудың тақырыбы |
3. Сауда-саттықты өткізуге дайындық |
3-тарау. Сауда-саттықты өткізуге дайындық |
Негіздеме осы салыстырма кестенің 2-жолында келтірілген. |
|
16. |
17-тармақтың 3) тармақшасы |
17. Сауда-саттықтарды өткiзуге дайындық мынадай тәртiппен жүзеге асырылады: ... 3) әрбiр жекешелендiру объектiсiнiң сатылу нысандары мен әдiсi айқындалады; |
17. Сауда-саттықтарды өткiзуге дайындық мынадай тәртiппен жүзеге асырылады: ... 3) әрбiр жекешелендiру объектiсiнiң сатылу нысаны айқындалады; |
Комиссияның сауда-саттық әдістерін анықтауы бойынша функцияны алып тастау ұсынылады, өйткені сауда-саттық әдістерін пайдалану жағдайлары анықталған. |
|
17. |
24-тармақ |
24. Сауда-саттық өткiзiлетiндiгi туралы хабарлама олар өткiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік он бес күн бұрын жариялануы тиiс. Хабарлама қазақ және орыс тiлдерiнде «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚазақстанРеспубликасының Заңына сәйкес сатушы конкурс тәсілімен анықтаған мерзімді баспа басылымдарында және тізілімнің веб-порталында жарияланады. Монополияға қарсы заңнаманың талаптарына жататын акцияларды, ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы үлестерді, мемлекеттік кәсіпорындарды мүліктік кешендер ретінде сату туралы хабарламаны объекті (сату кестесі) бойынша ақпарат тізілімге енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн өткеннен кейін жариялауға жол беріледі.
|
24. Сауда-саттық өткiзiлетiндiгi туралы хабарламаны сатушы олар өткiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік он бес күн бұрын жариялайды. Хабарлама қазақ және орыс тiлдерiнде тізілімнің веб-порталында жарияланады. Монополияға қарсы заңнаманың талаптарына жататын акцияларды, ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы үлестерді, мемлекеттік кәсіпорындарды мүліктік кешендер ретінде сату туралы хабарламаны объекті (сату кестесі) бойынша ақпарат тізілімге енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн өткеннен кейін жариялауға жол беріледі. |
Жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу бойынша құзыретті алып тастау бөлігінде Заңның 14, 17, 18-баптарына сәйкес келтіру. |
|
18. |
25-тармақтың екінші бөлігінің 8) тармақшасы |
25. ... Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату туралы хабарламада мынадай мәліметтер қамтылады: ...
8) жоқ. |
25. ... Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату туралы хабарламада мынадай мәліметтер қамтылады: ... 8) тиісті биржаның биржалық саудасының қағидасына сәйкес өзге де ақпарат. |
Биржа саудасының қағидасына сәйкес ақпарат хабарламасының мазмұны бөлігінде нақтылаушы редакция. |
|
19. |
28-тармақтың екінші бөлігі |
28. ... Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. |
28. ... Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталындағы деректерге тиісті өзгерістер енгізеді. |
Редакциялық түзету. |
|
20. |
32-тармақ |
32. Тендерге және жабық тендерге қатысушылардың өтінімдері және оларға қоса берілетін электрондық (сканерленген) құжаттардың көшірмелері тізілімнің дерекқорында сақталады және сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақытқа дейін жүктеу және қарау үшін қолжетімсіз болады. |
32. Аукционға, тендерге және жабық тендерге қатысушылардың өтінімдері және оларға қоса берілетін электрондық (сканерленген) құжаттардың көшірмелері тізілімнің дерекқорында сақталады және сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақытқа дейін жүктеу және қарау үшін қолжетімсіз болады. |
Нақтылау редакциясы |
|
21. |
39-тармақтың екінші бөлігі |
39. ... Егер мемлекеттің қатысуы жүз пайызды құрайтын акционерлік қоғамдардың акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері өткізілген үш сауда-саттық нәтижесі бойынша сатылмаған жағдайда, аталған заңды тұлғалар таратуға жатады. |
39. ... Егер сауда-саттыққа шығарылған мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар акцияларының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің жүз пайызы өткізілген үш сауда-саттық нәтижесі бойынша сатылмаған болса, аталған заңды тұлғалар қосылу не бірігу арқылы қайта ұйымдастырылуға жатады немесе таратылуға жатады. |
Өткізілген үш сауда-саттықтың нәтижелері бойынша акциялары мен жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесі өткізілмеген акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді біріктіру не қосу жолымен қайта ұйымдастыру бөлігінде Заңның 98-бабының 4-тармағына сәйкес келтіру. |
|
22. |
4-тараудың тақырыбы |
4. Аукцион өткiзу |
4-тарау. Аукцион өткiзу |
Негіздеме осы салыстырма кестенің 2-жолында келтірілген. |
|
23. |
40-тармақ |
40. Аукцион сауда-саттықтың екі әдісімен өткізіледі: бағаны көтеру және бағаны төмендету арқылы.Аукционды өткiзу кезiнде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады. Жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасы жекешелендіру объектісінің нарықтық құнының негізінде айқындалады және оны комиссия белгілейді. |
40. 4-1. Аукцион екі әдіспен: 1) бағаны көтеру; 2) бағаны төмендету арқылы өткізіледі. Аукционды бағаны көтеру әдісін қолдана отырып өткiзу кезінде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады. Аукционды бағаны төмендету әдісін қолдана отырып өткізу кезінде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы алғашқы бағаны 3-ке тең арттыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.
|
Бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукцион кезінде арттыру коэффициентін енгізу бөлігінде Заңның 101-бабының 4-1-тармағына сәйкес келтіру. Жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасын айқындау жөніндегі норманы сауда-саттықтың басқа да нысандарына (тендер, қор биржасындағы сауда-саттық, екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс) қатысты қолдану мақсатында Қағиданың 2-тармағында ғана қалдыру ұсынылады. |
|
24. |
41-тармақ |
41. Жекешелендiру объектiсi бірінші сауда-саттыққа аукционға бағаны көтеру әдісі қолданыла отырып шығарылады. Жекешелендiру объектiсi екінші сауда-саттыққа аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, алғашқы бағаның елу пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп шығарылады. Жекешелендiру объектiсi үшінші сауда-саттыққа аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, ең төмен баға белгіленбей шығарылады. Кейінгі әрбір сауда-саттықәрбiр жиырма жұмыс күні сайын жүзеге асырылады. |
41. Жекешелендiру объектiсi бірінші сауда-саттыққа аукционға бағаны көтеру әдісі қолданыла отырып шығарылады. Жекешелендiру объектiсi екінші сауда-саттыққа аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, алғашқы бағаның елу пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп шығарылады. Жекешелендiру объектiсi үшінші сауда-саттыққа аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, ең төмен баға белгіленбей шығарылады. Осы Қағиданың 39-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жекешелендіру объектісі төртінші және одан кейінгі сауда-саттыққа үшінші сауда-саттықтың талаптарымен шығарылады. Аукцион нысанындағы әрбір кейінгі сауда-саттық алдыңғы аукцион күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізіледі. |
Жекешелендіру объектісін аукцион нысанындағы төртінші және кейінгі сауда-саттыққа қою бөлігінде нақтылайтын түзету. Келесі аукционды өткізу кезеңін белгілеу бөлігінде Заңның 101-бабы 4-1-тармағының 7-бөлігіне сәйкес келтіру. |
|
25. |
44-тармақ |
44. Егер бағаны көтеру аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда жекешелендіру объектісін сатып алуға өзінің ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз деп танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады. Егер бағаны төмендету аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өтпеді деп танылады. |
44 Жекешелендіру объектісі бойынша аукцион басталған сәтте тіркелген қатысушылар болмаған жағдайда, осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өтпеді деп танылады және сатушы тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын өткізілмеген аукцион туралы актіге қол қояды. |
Бұл норма жекешелендіру объектісін бірінші-екінші сауда-саттықтан жалғыз қатысушыға сату бөлігінде Заңның 100-бабының 3-тармағына сәйкес келтірілген және Қағиданың нормаларын ретке келтіру мақсатында Қағиданың 45-тармағынан ауыстырылды. |
|
26. |
45-тармақ |
45.Егер аукцион басталған сәтте жекешелендіру объектісі бойынша аукцион залында екі қатысушыдан аз тіркелсе және болса (жекешелендіру объектісін жалғыз қатысушыға сатуға жол берілетін аукцион бойынша үшінші және келесі сауда-саттықтарды қоспағанда), осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады. |
45. Егер аукцион залында бағаны көтеру аукционы басталғаннан бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісін бастапқы баға бойынша сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы өткізілмеді деп танылады. Егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және тіркелген қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда бағаны төмендету аукционы өткізілмеді деп танылады. Егер бағаны төмендетуге арналған аукцион аяқталатын сәтте сағат 17: 00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өтпеді деп танылады. Аталған Қағиданың осы тармағында көзделген жағдайларда сатушы тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын өткізілмеген аукцион туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі өткізілмеген сауда-саттық шарттарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады. |
Бұл нормалар жекешелендіру объектісін бірінші-екінші сауда-саттықтан жалғыз қатысушыға сату бөлігінде Заңның 100-бабының 3-тармағынасәйкес келтірілген және Қағиданың нормаларын ретке келтіру мақсатында осы тармаққа Қағиданың 44-тармағының екінші бөлігінен, 47-тармағының 1) тармақшасынан, 48-тармағының 3) тармақшасынан ауыстырылды. Егер қатысушылар өздерінің қатысуын растаған, бірақ объектіні сатып алу ниетін растамаған жағдайларда, Жекешелендіру объектісін сол сауда-саттыққа өтпеген сауда-саттық шарттарымен шығару жөніндегі норма көрсетілген жағдайларды регламенттеу мақсатында енгізіледі. |
|
27. |
47-тармақ |
47. Бағаны көтеру аукционы: 1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады; 2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады; 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады. Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға көтеруді кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. |
47. Бағаны көтеру аукционы: 1) егер аукцион залында бастапқы баға расталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға ұлғайту арқылы жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растаса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады; 2) егер ағымдағы баға ұлғайғаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын ұлғайту жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады; 3) егер бағаны көтеру аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз деп танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады. Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Бір ғана қатысушы қатысқан бағаны көтеру аукционы, егер қатысушы бастапқы бағаны растаса, өтті деп танылады. |
Аукционның жалғыз қатысушысына бірінші-екінші сауда-саттықтан жекешелендіру объектісін сату бөлігінде Заңның 100-бабының 3-тармағына сәйкес келтіру. Қағиданың нормаларын ретке келтіру мақсатында 47-тармақтың 3) тармақшасы Қағиданың 44-тармағынан ауыстырылды. |
|
28. |
48-тармақ |
48. Бағаны төмендету аукционы: 1) егер аукцион басталған кезден бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету аукционының жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады; 3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады. Осы Қағиданың 44-тармағының екінші бөлігінде, 45-тармағында, 47-тармағының 1) тармақшасында және 48-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастыратын аукционның өткізілмегені туралы актіге қол қояды. |
48. Бағаны төмендету аукционы: 1) егер аукцион басталған кезден бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы ағымдағы бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жекешелендіру объектісін ағымдағы баға бойынша сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету аукционының жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады. Бір ғана қатысушы қатысқан бағаны төмендету аукционы, егер қатысушы жарияланған бағаны растаса, өтті деп танылады. |
Қағиданың нормаларын ретке келтіру мақсатында 48-тармақтың 3) тармақшасы және 5-бөлігі Қағиданың 45-тармағына ауыстырылды. |
|
29. |
5-тараудың тақырыбы |
5. Тендердi және жабық тендерді өткiзу |
5-тарау. Тендердi және жабық тендерді өткiзу |
Негіздеме осы салыстырма кестенің 2-жолында келтірілген. |
|
30. |
57-тармақтың бірінші бөлігі |
57. Тендер ашық болуы тиіс. Мемлекеттiң қауiпсiздiгiн, қоршаған табиғи ортаны қорғауды, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындаған ерекше жағдайларда тендер жабық өткiзiлуi мүмкiн. |
57. Тендер ашық болуы тиіс. Ұлт қауiпсiздiгiн, қоршаған табиғи ортаны қорғауды, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Yкiметiнің шешімі бойынша тендер жабық өткiзiлуi мүмкiн.
|
Жабық тендер өткізу туралы шешім қабылдауға қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретін бір жақты түсіндіру мақсатында Заңның 100-бабы 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес келтіру. |
|
31. |
60-тармақ |
60. Жекешелендіру объектісін екінші және үшінші сауда-саттыққа шығару кезінде бастапқы баға алдыңғы тендердің немесе жабық тендердің бастапқы бағасының елу пайызына төмендетіледі. |
60. Жекешелендіру объектісін екінші және үшінші тендерге немесе жабық тендерге шығару кезінде бастапқы баға алдыңғы тендердің немесе жабық тендердің бастапқы бағасының елу пайызына төмендетіледі. Жекешелендіру объектісін төртінші және кейінгі тендерге немесе жабық тендерге шығару кезінде жекешелендіру объектісі осы Қағиданың 39-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, алдыңғы тендердің немесе жабық тендердің бастапқы бағасының елу пайызына төмендетілген, бірақ кепілдік жарнаның мөлшерінен төмен емес бастапқы бағамен қойылады. Әрбір келесі тендер немесе жабық тендер алдыңғы тендер немесе жабық тендер өткізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізіледі. |
Жекешелендіру объектісін екінші және үшінші тендерге немесе жабық тендерге қою бөлігінде редакциялық түзету. Жекешелендіру объектісін тендер нысанындағы төртінші және кейінгі сауда-саттыққа қою бөлігінде нақтылайтын түзету. Келесі тендерді өткізу кезеңін белгілеу бөлігінде Заңның 101-бабы 4-2-тармағының 3-бөлігіне сәйкес келтіру. |
|
32. |
61-тармақтың бірінші бөлігі |
61.Мүліктік кешендер ретінде мемлекеттік кәсіпорындар, жарғылық капиталындағы акцияларының (қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акциялары (қатысу үлестері) сатылған жағдайда, тендердің немесе жабық тендердің шарты қызмет бейінін сақтау болып табылады. |
61. Мүліктік кешендер ретінде мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акцияларының бақылау пакеттері (бақылау қатысу үлестері) сатылған жағдайда, тендердің немесе жабық тендердің шарты қызмет бейінін сақтау болып табылады.
|
Акциялардың бақыланбайтын пакетін не шарттармен бақыланбайтын қатысу үлесін сатуды болдырмау бөлігінде нақтылайтын редакция. |
|
33. |
62-тармақтың бірінші бөлігі |
62.Егер тендерге немесе жабық тендерге тiркелген қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда жекешелендiру объектiсi бiр ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықты қоспағанда, тендер немесе жабық тендер өтпеген деп жарияланады. |
62. Жекешелендіру объектісі бойынша тендер немесе жабық тендер басталған сәтте тіркелген қатысушылар болмаған жағдайда, тендер немесе жабық тендер өтпеді деп танылады. Егер қатысушы бастапқы бағадан кем емес құнды ұсынса, бір ғана қатысушы қатысқан тендер немесе жабық тендер өтті деп танылады. |
Жекешелендіру объектісін бірінші-екінші сауда-саттықтан жалғыз қатысушыға сату бөлігінде Заңның 100-бабының 3-тармағына сәйкес келтіру. |
|
34. |
69-тармақ |
69. Жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына белгіленген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда, сатушы ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі күшін жойған сауда-саттық шарттарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады. |
69. Жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына осы Қағиданың 67 және 68-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда, сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі күші жойылған сауда-саттық талаптарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады. |
Нақтылау редакциясы. |
|
35. |
6-тараудың тақырыбы |
6. Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің |
6-тарау. Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің |
Негіздеме осы салыстырма кестенің 2-жолында келтірілген. |
|
36. |
7-тараудың тақырыбы |
7. Екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурс |
7-тарау. Екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурс |
Негіздеме осы салыстырма кестенің 2-жолында келтірілген. |
|
37. |
76-тармақтың 2) тармақшасы |
76. Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс мынадай iс-шаралар жоспарын қамтиды: ... 2) сатушының жекешелендiру объектiсiн сату туралы хабарламаны мерзімді баспасөз басылымдарында және тізілімнің веб-порталында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялауы, сондай-ақ тәуелсіз консультанттың әлеуетті сатып алушыларға (инвесторларға) сату туралы ұсынысты жіберуі; |
76. Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс мынадай iс-шаралар жоспарын қамтиды: ... 2) сатушының жекешелендiру объектiсiн сату туралы хабарламанытізілімнің веб-порталында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялауы, сондай-ақ тәуелсіз консультанттың әлеуетті сатып алушыларға (инвесторларға) сату туралы ұсынысты жіберуі;
|
Жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу жөніндегі құзыретті алып тастау бөлігінде Заңның 14, 17, 18-баптарына сәйкес келтіру. |
|
38. |
79-1-тармақ |
79-1. жоқ |
79-1. Жекешелендіру объектісін екі кезеңді рәсімдер арқылы екінші және үшінші конкурсқа шығару кезінде бастапқы баға екі кезеңді рәсімдер арқылы алдыңғы конкурстың бастапқы бағасының елу пайызына төмендейді. Жекешелендіру объектісін екі кезеңді рәсімдер арқылы төртінші және одан кейінгі конкурсқа шығару кезінде жекешелендіру объектісі осы Қағиданың 39-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, екі кезеңді рәсімдер арқылы алдыңғы конкурстың бастапқы бағасының елу пайызына төмендетілген, бірақ кепілдік жарнаның мөлшерінен төмен емес бастапқы бағамен қойылады. |
Нақтылау редакциясы. |
|
39. |
8-тараудың тақырыбы |
8. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату |
8-тарау. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату |
Негіздеме осы салыстырма кестенің 2-жолында келтірілген. |
|
40. |
9-тараудың тақырыбы |
9. Тікелей атаулы сату
|
9-тарау. Тікелей атаулы сату
|
Негіздеме осы салыстырма кестенің 2-жолында келтірілген. |
|
41. |
84-тармақтың бесінші бөлігі |
84. ... Тікелей атаулы сату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі жекешелендіру объектісінің атауын, сондай-ақ осы тармақта көрсетілген міндеттемелер тізбесінен міндеттемелерді қабылдау туралы стратегиялық инвесторға қойылатын талаптарды қамтиды. |
84. .... Тікелей атаулы сату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі объектінің және стратегиялық инвестордың атауын, сондай-ақ осы тармақта көрсетілген міндеттемелер тізбесінен міндеттемелерді қабылдау туралы стратегиялық инвесторға қойылатын талаптарды және міндеттемелерді орындау мерзімдерін қамтиды. |
Тікелей атаулы сату туралы шешімдерді регламенттеу бөлігінде Заңның 105-бабы 4-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес келтіру. |
|
42. |
84-тармақтың алтыншы және жетінші бөліктері |
84. ... Стратегиялық инвесторға жекешелендіру объектісін тікелей атаулы сату тәуелсіз консультантты тарту арқылы жүргізіледі. Тәуелсіз консультантты тарту Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. |
84. ... Алып тасталсын |
Тікелей атаулы сату бойынша жекешелендіру объектілері бойынша мәмілелерді сүйемелдеу үшін тәуелсіз консультанттарды тарту жөніндегі норманы алып тастау бөлігінде Заңның 105-бабы 4-тармағының төртінші және бесінші бөліктеріне сәйкес келтіру.
|
|
43. |
86-тармақ |
86.Жекешелендіру объектісін сату Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы заңнамаға сәйкес сенімгерлік басқару не мүлiктiк жалдау (жалға алу) шартын жасау сәтінде айқындалатын нарықтық құны бойынша сатып алу-сату шартын жасау арқылы жүзеге асырылады. Мүлiктiк жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару мерзімі ішінде нарықтық құн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыруының ресми мөлшерлемесіне сәйкес индекстеуге жатады және сатып алу-сату шарты жасалған күннен кейін үш жылдан аспайтын мерзімге бөлу арқылы төленуі мүмкін. Жекешелендіру объектісін бөліп-бөліп төлей отырып, нарықтық құны бойынша сатып алу мүмкіндігі сатып алу құқығымен мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендердің шарттарына енгізіледі. Нарықтық бағаны бөліп-бөліп төлеудің мерзімі мен тәртібі сатып алу-сату шартында ескеріледі. |
86. Жекешелендіру объектісін сату Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы заңнамаға сәйкес сенімгерлік басқару не мүлiктiк жалдау (жалға алу) шартын жасау сәтінде айқындалатын нарықтық құны бойынша сатып алу-сату шартын жасау арқылы жүзеге асырылады. Мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару мерзімі ішінде нарықтық құн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне сәйкес индекстеуге жатады. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар осы Қағиданың 89-тармағында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін қолдану бөлігінде Заңның 108-бабының 4-тармағына сәйкес келтіру. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға не кейіннен сатып алу құқығымен жалға беру кезінде сенімгерлік басқарушы не жалға алушы бүкіл мерзім ішінде нарықтық құны бойынша төлем жүргізбейді. Осыған байланысты қосымша бөліп-бөліп төлеуді ұсыну мемлекет үшін тиімсіз және экономикалық тұрғыдан орынсыз деп санаймыз. Баяндалғанның негізінде бөліп-бөліп индекстеуді ескере отырып, кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға не мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жөніндегі тендер нәтижесінде белгіленген сату бағасын төлеу жөніндегі норманы алып тастауды орынды деп санаймыз. |
|
44. |
10-тараудың тақырыбы |
10. Есеп айырысу тәртiбi |
10-тарау. Есеп айырысу тәртiбi
|
Негіздеме осы салыстырма кестенің 2-жолында келтірілген. |
|
45. |
90-тармақ |
90. Аванстық немесе түпкiлiктi төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда сатушының шартты бiржақты тәртiппен бұзуына және сатып алушыдан кепiлдiк жарнамен жабылмаған бөлiгiнде iс жүзiндегi зиянды өтеуді талап етуіне жол беріледі. Бұл жағдайда мүлік күшін жойған сауда-саттық шарттарымен қайта өтетін сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.
|
90. Аванстық немесе түпкілікті төлем мерзімі он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге кешіктірілген жағдайда сатушы сатып алу-сату шарты бойынша кешіктірілген әрбір күн үшін төленбеген төлем сомасының 0,5% мөлшерінде өсімпұл алады. Аванстық немесе түпкілікті төлем он жұмыс күнінен астам мерзімге кешіктірілген жағдайда, сатып алу-сату шарты бір жақты тәртіппен бұзылады. |
Төлем бойынша рәсімдерді регламенттеу мақсатында. |
|
46. |
91-тармақтың төртінші бөлігі |
91. ... Жеңімпаз белгіленген мерзімде қабылдап алу-беру актісіне қол қоймаған жағдайда сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы мүлік сауда-саттыққа қайтадан шығарылады. |
91. ... Жеңімпаз қабылдап алу-беру актісіне белгіленген мерзімде қол қоймаған жағдайда сатушы бір жақты тәртіппен сатып алу-сату шартын бұзады және тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды. |
Редакциялық түзету. |
|
47. |
91-1-тармақ |
91-1. Жоқ
|
91-1. Осы Қағиданың 90 және 91-тармақтарында көзделген сауда-саттық нәтижелерінің күші жойылған жағдайда, жекешелендіру объектісі жойылған сауда-саттық талаптарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады. |
Қағиданың нормаларын ретке келтіру мақсатында 90 және 91-тармақтардан ауыстырылды. |
|
48. |
93-тармақ |
93. Ықтимал бөлiп-бөлiп төлеудiңшарттары сауда-саттыққанемесе кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға не мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру жөніндегі тендерге қатысушылардың назарына алдын ала жеткiзiлген жағдайда ғана бөлiп-бөлiп төлеуге жол беріледi.Бұл ретте бастапқы жарнаның мөлшерi сату бағасының он бес пайызынан кем болмауға, ал бөлiп-бөлiп төлеу кезеңi үш жылдан аспауға тиiс. |
93. Ықтимал бөлiп-бөлiп төлеудiң шарттары сауда-саттыққа қатысушылардың назарына алдын ала жеткiзiлген жағдайда ғана бөлiп-бөлiп төлеуге жол беріледi. Бұл ретте бастапқы жарнаның мөлшерi сату бағасының он бес пайызынан кем болмауға, ал бөлiп-бөлiп төлеу кезеңi үш жылдан аспауға тиiс. |
Негіздеме осы салыстырма кестенің 43-жолында келтірілген. |
|
49. |
94-тармақтың біріншібөлігі |
94.Бастапқы жарнаны сатып алушы сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде енгiзеді. Одан кейiнгi соманы енгiзген кезде, әлi енгiзiлмеген сомаға сатушы пайыздарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесіне сүйене отырып есептейдi. Кейінгі сомаларды енгізу тоқсанына бір реттен сирек болмауы тиіс.
|
94. Бастапқы жарнаны сатып алушы сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде енгізеді. Кейіннен енгізілетін сомаларға пайыздар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне сүйене отырып, есептеледі. Келесі сомаларды енгізу тоқсанына бір реттен сирек болмауы тиіс. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін қолдану бөлігінде және жекешелендіру объектілерін сатушылардың пайыздарды есептеуге нақтылауы және біркелкі тәсілі бөлігінде Заңның 108-бабының 4-тармағына сәйкес келтіру. |
|
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 қаулысымен бекітілген Тәуелсіз консультантты тарту қағидалары |
||||
|
1. |
1-тараудың тақырыбы |
2. Жалпы ережелер |
1-тарау. Жалпы ережелер |
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес көлемі ауқымды нормативтік құқықтық актілердің мазмұны жағынан жақын баптары (тармақтары) тарауларға біріктірілуі мүмкін. Мазмұны жағынан жақын бірнеше тарау – бөлімдерге, ал бөлімдер нормативтік құқықтық актінің бөліктеріне біріктірілуі мүмкін. Көлемі үлкен тараулар мен бөлімдерде тиісінше параграфтар мен кіші бөлімдер бөлініп көрсетілуі мүмкін. Кодекстерде ішкі құрылымның басқа белгілері қолданылуы мүмкін. Нормативтік құқықтық актілердегі тарау, параграф, бөлім, кіші бөлім тиісінше «тарау», «параграф», «бөлім», «кіші бөлім» деген сөздермен белгіленеді. |
|
2. |
1-тармақтың үшінші абзацы |
1. ... жекешелендіруобъектісінтікелейатаулысату немесеекі кезеңдiк рәсiмдертүріндегіконкурсарқылысату бойынша мәмілені сүйемелдеу мақсатында тәуелсіз консультантты тарту тәртібін айқындайды. |
1. ... жекешелендіру объектісін екі кезеңдiк рәсiмдертүріндегіконкурсарқылысатубойынша мәмілені сүйемелдеу мақсатында тәуелсіз консультантты тарту тәртібін айқындайды. |
Жекешелендіру объектісін сату жөніндегі мәмілені сүйемелдеу бөлігінде Заңның 105-бабы 4-тармағының 5-бөлігіне сәйкес келтіру. |
|
3. |
2-тараудың тақырыбы |
2. Комиссия |
2-тарау. Тәуелсіз консультантты тарту тәртібі |
Негіздеме осы салыстырма кестенің 2-жолында келтірілген. |
|
4. |
9-тармақтың 2) тармақшасы |
9. ... 2)жекешелендіру объектісін тікелей атаулы сату немесе екі кезеңдiк рәсiмдер түріндегі конкурс арқылы сату бойынша мәмілені сүйемелдеу үшін көрсетілетін қызметтердің түріне қарай комиссияның ұсынымдары бойынша бекітеді. |
9. ... 2)жекешелендіру объектісінекі кезеңдiк рәсiмдер түріндегі конкурс арқылы сату бойынша мәмілені сүйемелдеу үшін көрсетілетін қызметтердің түріне қарай комиссияның ұсынымдары бойынша бекітеді. |
Жекешелендіру объектісін сату жөніндегі мәмілені сүйемелдеу бөлігінде Заңның 105-бабы 4-тармағының 5-бөлігіне сәйкес келтіру. |
|
5. |
12-тармақ |
12. Ұсыныстар сұратуды мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сатушы мемлекеттік және орыс тілдерінде өтінімдер беру мерзімі аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жариялайды.Ұсыныстар сұратуды жариялаудан басқа, сатушы осы тармақта көзделген мерзімде ұсыныстар сұратуды әлеуетті тәуелсіз консультанттардың атына жөнелтуді жүзеге асыруға құқылы. |
12.Ұсыныстар сұратуды мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сатушы мемлекеттік және орыс тілдерінде өтінімдер беру мерзімі аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жариялайды. Ұсыныстар сұратуды жариялаудан басқа, сатушы осы тармақта көзделген мерзімде ұсыныстар сұратуды әлеуетті тәуелсіз консультанттардың атына жөнелтуді жүзеге асыруға құқылы. |
Жекешелендіру процесін жеделдету мақсатында және сауда-саттықты өткізу рәсімдеріне ұқсас, онда сауда-саттықты өткізу туралы хабарламаны сатушы олар өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жасауға тиіс |
|
6. |
31-тармақтыңекіншібөлігі |
31. ... Ұсыныстар сұратуға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген және тәуелсіз консультантты тарту бойынша рәсімдер қайта өткізілген не тәуелсіз консультантты тарту бойынша рәсімдерді сатушы бұрын бекітілген шарттарда қайта өткізген жағдайда жариялау және әлеуетті тәуелсіз консультанттардың ұсыныстарды беру мерзімдері сатушы ұсыныстар сұратуды бекіткен күннен бастап күнтізбелік отыз күнге ұзартылады. |
31. ... Ұсыныстар сұратуға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген және тәуелсіз консультантты тарту бойынша рәсімдер қайта өткізілген не тәуелсіз консультантты тарту бойынша рәсімдерді сатушы бұрын бекітілген шарттарда қайта өткізген жағдайда жариялау және әлеуетті тәуелсіз консультанттардың ұсыныстарды беру мерзімдері сатушы ұсыныстар сұратуды бекіткен күннен бастап күнтізбелік он бес күнге ұзартылады.
|
Жекешелендіру процесін жеделдету мақсатында және сауда-саттықты өткізу рәсімдеріне ұқсас, онда сауда-саттықты өткізу туралы хабарламаны сатушы олар өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жасауға тиіс. |
Қазақстан Республикасының
Қаржы бірінші вице-министрі Б. Шолпанқұлов