«M.S. Narikbaev atyndaģy KAZGUU Universiteti» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 105-бабы 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде 45000000 (қырық бес миллион) теңге мөлшерінде инвестициялар енгізу;
2) 2021-2025 жылдар аралығындағы кезеңде жылына кемінде 300 (үш жүз) адам Университет түлектерінің орташа санын қамтамасыз ету;
3) 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін Университет қызметінің бейінін сақтау;
4) 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін Университеттің жұмыс орындарының санын сақтау;
5) 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін штат санының кемінде үштен екісін Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын Университет қызметкерлерімен қамтамасыз ету;
6) Университеттің заңнамада белгіленген мерзімде 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мынадай салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша ағымдағы кредиторлық берешегін өтеуін қамтамасыз ету:
әлеуметтік салық – 7105507 (жеті миллион жүз бес мың бес жүз жеті) теңге;
әлеуметтік аударымдар - 2114900 (екі миллион жүз он төрт мың тоғыз жүз) теңге;
МӘМС-ға аударымдар - 1477501 (бір миллион төрт жүз жетпіс жеті мың бес жүз бір) теңге;
7) 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақының уақтылы төленуін қамтамасыз ету;
8) 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін сатушының жазбаша келісімімен ғана жекешелендіру объектісін басқаруға беру жөнінде мәмілелер жасау және жекешелендіру объектісін иеліктен шығаруға және кепілге салуға тыйым салу жөніндегі міндеттемелер белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А.Ұ.Маминге
«M.S. Narikbaev atyndaģy KAZGUU Universiteti» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.
Жоба «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 105-бабының 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының 1.2-тармағын, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрдің 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 21-14/5367 тапсырмасы орындау мақсатында әзірленді.
Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.
Осы жобаны қабылдау мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін одан әрі арттыруға, мемлекеттің ел экономикасына қатысу үлесін қысқартуға, мемлекеттік мүліктің тиімді жеке меншік иелерінің қолына өтуіне және Ұлттық қорды жекешелендіруден түсетін түсімдермен толықтыруға мүмкіндік береді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Жобаны қабылдау «M.S. Narikbaev atyndaģy KAZGUU Universiteti» акционерлік қоғамының орнастырылған жай акцияларының жалпы санынан 35 (отыз бес) пайыз мөлшерінде акцияларының мемлекеттік пакетін «Павлодар Білім» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тікелей атаулы сатуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері жоқ.
Талап етілмейді.
Халықаралық шарт болып табылмайды.
Рұқсат етіледі.
Жоба мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай тұғырнамасында (www.gov.kz) 2020 жылғы 5 қарашада орналастырылған, ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) орналастыру талап етілмейді.
Талап етілмейді.
Сәйкес келеді.
Талап етілмейді.
Талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Е. Жамаубаев