|
1 |
Электрондық аукциондарда лоттарды қарау кезінде E-qazyna порталында шектеулер, тыйым салулар және т.б. тұрған мүліктер, атап айтқанда автокөлік құралдары бар. Оларды қалай алып тастауға болады және бұл мүлікті сатып алушылар қосымша шығындарды көтере ме?
|
Иә, тәркіленген мүліктерде, атап айтқанда, Сіз айтып өткендей, автокөлік құралдарында сот орындаушыларынан, тергеушілерден, соттардан шектеулер, тыйым салынған. Сатып алу-сату шартын жасасқаннан кейін, толық төлем жасалғаннан кейін және мүлікті беру актісіне қол қойылғаннан кейін Сіз өтінішпен тікелей тиісті тыйым салған адамдарға, органдарға жүгінесіз, сатып алынған мүлік бойынша құжаттардың көшірмелерін қоса бересіз (сауда-саттық нәтижелерінің хаттамасы, сатып алу-сату шарты, қабылдау-тапсыру актісі) және олар шектеулер мен тыйымдарды заңда белгіленген мерзімде толық алып тастайды. Сіз ешқандай қосымша қаржылық шығынға ұшырамайсыз. |
|
2 |
Электрондық әмиянға (кашелекке) ақшалай қаражатты басқа сауда-саттықтарға қайта пайдалана аламын ба? |
Иә, қаражатты электрондық кашелектен міндетті түрде шығарудың қажеті жоқ. Ақшалай қаражатты басқа сауда-саттықтарға қатысу үшін қайта пайдалануға болады. |
|
3 |
Сауда-саттыққа шығарылған мемлекеттік мүліктің сақталуына кім жауапты? Оны сауда-саттық өткізілгенге дейін қарап шығуға құқығым бар ма? |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес, мемлекеттік мүлікті өткізу бөлігінде баланс ұстаушы жекешелендіру объектісінің сақталуына және сатып алушыға меншік құқығы өткенге дейін жекешелендіру объектісі туралы мәліметтердің дұрыстығына жауапты болады. Хабарландыру жарияланғаннан кейін баланс ұстаушы жекешелендіру объектісін сатып алғысы келетін тұлғаларға объектіні еркін қарап шығуға мүмкіндік береді.
|