|
№ |
өзектімәселе |
Өңір |
Орындаушы |
Орындаумерзімі |
Мәртебесі |
|
1 |
«Sin Yuan Steel» ЖШС-нің құрылтайшылары инвестиция тартып Шымкент қаласында ен ірі өндірістік кәсіпорнына айналды, алайда заң талабына сәйкес рұқсат ету құжаттары сай емес, соған қарамастан әлі де қызметтерін жалғастырып келе жатыр, бұл мәселе жөнінде Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына өтініш және сотқа талап арыз жолданған болатын, талап арыз Еңбекші ауданы бойынша МКБ-ның жауабына сәйкес соттан қайтарылған, осының себебін анықтап бақылауға алуыңызды сұраймын. Сондай-ақ аталған ЖШС-нің заңды тұлға ретінде тіркелген орны Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, алайда өндіріс кәсіпорны зауыттың қызметіне қажеттерін Шымкент қаласынан алып отыр, салық не себепті Түркістан облысына төленеді? |
Шымкент қаласы
|
Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Қасымбеков Ғ.М. |
2026 жылғы 4 тоқсан
2026 жылғы 2 қазан сағ. 11.00с |
Орындалып жатыр |
|
2 |
Құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметшілерге жалға берілген тұрғын үйлерді жекешелендіріліп жатыр, ал заңгерлер мен адвокаттарға жалға берілген пәтерлер жекешелендіруден бас тартылып жатыр, заңгерлер мен адвокаттар да мемлекет пен халық үшін қызмет атқарып жатыр. Жалға берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру бойынша мәселесі заңгерлерге, адвокаттарға да қатысты болса деген сұрақты қарастыруыңызды сұраймын және осы мәселе қашан қолға алынады? |
Шымкент қаласы
|
Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Қасымбеков Ғ.М. |
2026 жылғы 4 тоқсан 2026 жылғы 2 қазан сағ. 16.00с |
Орындалып жатыр |