Мемлекеттік мүлік тізілімінде таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін қайта бөлу бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
8-бабының 7-тармағына, 14-бабының 23-2) тармақшасына және 130-бабының
2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1.    Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлік тізілімінде таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін қайта бөлу бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

          1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

          2) осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

          3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2027 жылғы 31 тамызға дейін қолданылады.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 



Дата публикации
22 сентября 2026