«Басқарушы компанияға берілген активтерді басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы №1061 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Басқарушы компанияға берілген активтерді басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы №1061 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33523 болып тіркелген) мыныдай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басқарушы компанияға берілген активтерді басқару қағидаларында:

  1. тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) арнаулы мемлекеттік қор – Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық жобаларын, сондай-ақ активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның шығыстарын қаржыландыру мақсатында түсімдерді есепке жатқызу және ақшаны жұмсау үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты;»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Заңға сәйкес қайтарылған активтерді басқарушы компанияға жарғылық капиталын.»;

11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Активке құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарындағы сипаттамалардың оның нақты жай-күйіне сәйкес келмеуі, сондай-ақ активтің алғашқы қаралымы кезінде белгіленуі мүмкін өзге де кемшіліктер (айқын кемшіліктер) анықталған жағдайда, комиссия қабылданатын активтің сәйкес келмеу актісін еркін нысанда жасайды, ол активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.

  1. Актив және (немесе) оның бір бөлігі болмаған, сондай-ақ басқарушы компанияның меншігіне активті қабылдауға кедергі келтіретін комиссия анықтаған өзге де негіздер болған жағдайда, басқарушы компания активті қабылдаудан бас тарту туралы тиісті қорытындыны активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Бас тарту туралы қорытынды еркін нысанда жасалады.

Активті басқару немесе активке байланысты қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құқық белгілейтін, сәйкестендіру немесе өзге де құжаттар болмаған жағдайда, басқарушы компания:

1) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органды жазбаша нысанда хабардар ете отырып, активті қабылдаудан бас тартуға;

2) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органды бір мезгілде хабардар ете отырып, бұрынғы меншік иесіне көрсетілген құжаттарды ұсыну немесе қалпына келтіру үшін мерзім бере отырып, активті меншікке қабылдауға құқылы. Бұрынғы меншік иесі көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынбаған немесе қалпына келтірмеген жағдайда, комиссия активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органды бұл туралы жазбаша хабардар ете отырып, активті қайта бағалаудың орындылығы туралы шешім қабылдайды.»;

13-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) сарапшыларды тарту, барлық қажетті шараларды қабылдау, сондай-ақ активтің үздіксіз жұмысын және (немесе) қызметін, активтерді ұстауды, пайдалануды және сақтауды қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтін контрагенттермен келісімдер жасайды немесе қайта жасайды.»;

37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«37. Активті мүліктік жалдауға беру (жалға алуға) жөніндегі тендер басталған сәтте тіркелген қатысушылар болмаған жағдайда, тендер өткізілмеген деп танылады.

Активті мүліктік жалдауға беру (жалға алуға) жөніндегі қайталама тендер бірінші тендер күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізіледі.

Қайталама тендер өтпеді деп танылған жағдайда, комиссия тендер шарттарын өзгерту туралы не өткізілмеген тендер шарттарында әлеуетті жалдаушыларды (жалға алушыларды) дербес іздеу туралы немесе осы Қағидаларда көзделген активке билік етудің өзге тәсілімен шешім қабылдайды.»;

53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«53. Активті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер басталған сәтте тіркелген қатысушылар болмаған жағдайда, мұндай тендер өтпеді деп танылады.

Активті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі қайталама тендер бірінші тендер күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей өткізіледі.

Қайталама тендер өтпеді деп танылған жағдайда, комиссия тендер шарттарын өзгерту туралы не өткізілмеген тендер шарттарында әлеуетті сенімгерлік басқарушыларды өз бетінше іздеу туралы немесе осы Қағидаларға көзделген активке билік етудің өзге тәсілімен шешім қабылдайды.»;

61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«61. Активтерді сату Арнаулы мемлекеттік қорды толықтыру мақсатында жүзеге асырылады және басқарушы компанияның оның мүлкінің құрамына келіп түскен, оның ішінде алдын ала мүліктік жалдауға беру (жалға алуға) берілген, сенімгерлік басқаруға, сондай-ақ консервацияланған активтерді басқарудың негізгі мақсаты болып табылады.

Заңға сәйкес қайтарылған активтерді басқарушы компанияның өз мүлкімен бірлесіп өткізуге жол беріледі.»;

64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«64. Активтерді өткізу Заңның және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес мынадай тәсілдермен:

1) аукцион нысанындағы сауда-саттықты өткізу немесе коммерциялық конкурс ұйымдастыру жолымен (оның ішінде электрондық);

2) қор биржасында активтерді сату (биржа қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады);

3) бағалау құнынан төмен емес баға бойынша және төлемді бөліп төлеуді мүмкіндігін бермей, Қазақстан Республикасының аумағында немесе шетелде жұмыс істейтін электрондық сауда алаңдарындағы сатып алуларға өнім беруші ретінде қатысу арқылы;

4) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін тұлғаларға стратегиялық маңызы бар, сондай-ақ өзге де ерекше сипаттамалары бар активтерді өткізу;

5) осындай еншілес ұйымдағы үлесті кейіннен өткізу мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың не басқарушы компанияның еншілес ұйымының жарғылық капиталына салым салу және (немесе) мүлкіне жарна енгізу арқылы.

Жарғылық капиталға салым және (немесе) мүлікке жарна ретінде басқарушы компанияның өз қаражатын, сондай-ақ Заңға сәйкес қайтарылған активтерді енгізуге жол беріледі;

6) активті өткізу фактісі болмаған жағдайда, басқарушы компания активті бұрынғы меншік иесіне өткізеді, ал ол активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган ұсынған бағалау туралы есепке сәйкес бағалаудан құны төмен емес бағамен оны сатып алады;

7) активтің орналасқан тіркелген елінің заңнамасының талаптарына сәйкес өзге де тәсілдермен жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 64-1-тармақпен толықтырылсын:

«64-1. Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша Басқарушы компанияның Заңға не активті басқаруға беру туралы келісімге сәйкес айқындалған тұлғаның активті өткізу балама тәсілін қарауына, егер мұндай тәсіл Қазақстан Республикасының және актив орналасқан мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, жол беріледі. Активті өткізу алынған ақша қаражаты Басқарушы компанияның шотына есепке жатқызылады және кейіннен осы Қағидалардың 87-тармағына белгіленген тәртіпте аударылуға жатады.»;

65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«65. Басқарушы компания заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін сату туралы шешім қабылдаған кезде «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында не заңды тұлға қызметін жүзеге асыратын елдің заңнамасында көзделген талаптар сақталады.»;

69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«69. Осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген мән-жайларды факторларды ескере отырып, басқарушы компания активтерді осы Қағидалардың 64-тармағында көзделген тәсілдердің кез келгенімен өткізеді.»;

«73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«73. Аукциондық нысанындағы алғашқы сауда-саттыққа актив бастапқы бағаның 100 (жүз) пайызы мөлшерінде бастапқы бағаны белгілей отырып қойылады.

Аукцион нысанындағы екінші сауда-саттыққа актив бастапқы бағаның 85 (сексен бес) пайызы мөлшерінде бастапқы бағаны белгілей отырып қойылады.

Аукцион нысанындағы үшінші сауда-саттыққа актив бастапқы бағаның 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде бастапқы бағаны белгілей отырып қойылады.

Үшінші сауда-саттық нәтижелері бойынша актив өткізілмеген жағдайда, белгіленген сауда-саттық реттілігі осы Қағидаларға сәйкес актив өткізілген  немесе өзге шешім қабылданған сәтке дейін қайта қолданылады.

Басқарушы компания аукцион нысанындағы әрбір келесі сауда-саттықты алдыңғы аукцион күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жариялайды.

Егер актив бірінші, екінші және үшінші сауда-саттықтан тұратын екі толық циклінің нәтижелері бойынша өткізілмесе, Басқарушы компания оны кейіннен өткізу мақсатында активтің өзекті нарықтық құнын айқындау үшін активті қайта бағалауды жүргізеді.

Егер жалғыз қатысушы бастапқы бағадан төмен емес баға ұсынса, актив сауда-саттықтың жалғыз қатысушысына өткізіледі.

Бағаны өзгерту қадамы мынадай тәртіппен белгіленеді:

1) активтің айлық есептік көрсеткіштің 20000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшердегі бастапқы немесе ағымдағы бағасы кезінде өзгеріс қадамы 10 (он) пайыз мөлшеріндегі бағаны көтеруге арналған аукционда белгіленеді;

2) активтің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіштің 20000-нан 50000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгеріс қадамы 7 (жеті) пайыз мөлшерінде бағаны көтеруге арналған аукционда белгіленеді;

3) активтің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселігінен 100000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді;

4) активтің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіштің 100000 еселенген мөлшерінен 250000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгеріс қадамы бағаны 2,5 пайыз мөлшерінде көтеруге арналған е аукционына белгіленеді;

5) активтің айлық есептік көрсеткіштің 250000 еселігінен 500000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшердегі бастапқы немесе ағымдағы бағасы кезінде өзгеріс қадамы 1 (бір) пайыз мөлшердегі бағаны көтеруге арналған аукционда белгіленеді;

6) активтің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500000 еселенген мөлшерінен және одан жоғары болған кезде өзгеріс қадамы бағаны 0,5 пайыз мөлшерінде көтеруге арналған аукционда белгіленеді.

Бағаны өзгерту қадамын белгілеу аралығы 5 (бес) минутты құрайды.»;

77- тармақ алып тасталсын;

78 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«78. Егер активті өткізу активтің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуетті сатып алущыға қойлатын ерекше талаптар мен шарттарды қосудыталап етсе, Басқарушы компания тізілімнің веб-порталында мынадай мәлеметтерді көрсете отырып, коммерциялық конкурс жариялауға құқылы:

1) активті өткізудің бастапқы бағасы;

2) кепілдік жарнаның мөлшері;

3) 60 (алпыс) айдан аспайтын бөліп төлеу мерзімін (активті бөліп төлеу арқылы өткізу кезінде). Бұл ретте бөліп төлеуге активтің бағалау құнының 50 (елу) пайызынан аспайтын сома беріледі, кейіннен енгізілетін сомаларға сатып алу-сату шарты жасалған күні қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі негізге алына отырып, сыйақы есептеледі (активті бөліп төлеу арқылы өткізу кезінде);

4) активті өткізудің өзге де шарттары;

5) әлеуетті сатып алушыға қойылатын талаптар.»;

мынадай келесі мазмұндағы 78-1, 78-2, 78-3, 78-4, 78-5, 78-6, 78-7, 78-8, 78-9, 78-10, 78-11, 78-12 және 78-13 - тармақтармен толықтырылсын:

«78-1. Бірінші коммерциялық конкурсқа актив алғашқы бағасының 100 (жүз) пайызы мөлшерінде бастапқы бағаны белгілей отырып қойылады.

Екінші коммерциялық конкурсқа актив алғашқы бағасының 100 (жүз) пайызы мөлшерінде бастапқы баға белгіленіп, бөліп төлеу қолдана отырып қойылады.

Үшінші коммерциялық конкурсқа актив алғашқы бағасының 85 (сексен бес) пайызы мөлшерінде бастапқы бағаны белгілей отырып қойылады.

Төртінші коммерциялық конкурсқа актив алғашқы бағасының 85 (сексен бес) пайызы мөлшерінде бастапқы баға белгіленіп, бөліп төлеуді қолдана отырып қойылады.

Бесінші коммерциялық конкурсқа актив алғашқы бағасының 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде бастапқы бағаны белгілеп бөліп .

Алтыншы коммерциялық конкурсқа актив алғашқы бағасының 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде бастапқы бағаны белгілеп, бөліп төлеуді қолдана отырып қойылады.

Басқарушы компания коммерциялық конкурс нысанындағы әрбір келесі сауда-саттықты алдыңғы коммерциялық конкурс өткізілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жариялайды.

Егер актив алтыншы сауда-саттықтың нәтижелері бойынша өткізілмесе, Басқарушы компания оны кейіннен өткізу мақсатында активтің өзекті нарықтық құнын айқындау үшін қайта бағалау жүргізеді.

78-2. Коммерциялық конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін Басқарушы компания Басқарушы компанияның қызметкерлері қатарынан конкурстық комиссия құрады. Конкурстық комиссияның құрамы мен хатшысын Басқарушы компанияның атқарушы органы бекітеді.

78-3. Коммерциялық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қатысуға жіберілген қатысушыларды айқындау мақсатында конкурстық комиссияның мүшелері тізілімнің веб-порталында қарайды.

78-4. Басқарушы компания тіркеген және (немесе) коммерциялық конкурсқа қатысуға жіберген қатысушылар болмаған жағдайда, коммерциялық конкурс өткізілмеді деп танылады.

78-5. Конкурстық комиссия коммерциялық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер ашылған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде ұсынылған өтінімдерді (конкурстық өтінім мен баға ұсынысын қоспағанда) қарайды және коммерциялық конкурс қатысушыға оның өтінімінде сауда-саттық туралы хабарлама талаптарына анықталған сәйкессіздіктер (болған кезде) оның электрондық поштасына хабарлама жіберу арқылы коммерциялық конкурсқа қатысушыға хабарлайды.

78-6. Хабарлама коммерциялық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер ашылған күннен бастап күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде конкурстық комиссияның хатшысы тізілімнің веб-порталында қалыптастыратын өтінімдерді ашу хаттамасының негізінде жасалады.

Өтінімдерді ашу хаттамасына конкурстық комиссияның мүшелері өтінімдер ашылған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.

Конкурстық комиссия мүшесінің өтінімдерді ашу хаттамасына қол қою мүмкіндігі болмаған жағдайда, конкурстық комиссияның хатшысы осы хаттамада ЭЦҚ-ның болмау себебі туралы ақпаратты көрсетеді.

78-7. Өтінімдерді ашу хаттамасында мыналар айқындалады:

1) конкурстық комиссия өтінімдерді ашу хаттамасына қол қойған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күннен ерте емес мерзімге тағайындалатын коммерциялық конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін қайта ашу күні мен уақыты;

2) коммерциялық конкурс шарттарына сәйкес келетін қатысушылардың тізімі;

коммерциялық конкурс шарттарына сәйкес келмейтін қатысушылардың тізімі және олардың сәйкес келмеу себептері. Мұндай қатысушылар өтінімдер қайта ашылатын күнге дейін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған қосымша өтінімді (конкурстық өтінім мен баға ұсынысын қоспағанда) қалыптастыру арқылы анықталған сәйкессіздіктерді жояды.

78-8. Конкурстық комиссия өтінімдер ашылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде (конкурстық комиссия қол қойған өтінімдерді ашу хаттамасына сәйкес коммерциялық конкурсқа қатысушылардың өтінімдеріне ескертулер болмаған кезде) не өтінімдер қайта ашылған күннен бастап коммерциялық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді, оның ішінде конкурстық өтінімді қарайды және конкурстық комиссияның хатшысы тізілімнің веб-порталында қалыптастырған коммерциялық конкурсқа жіберу туралы хаттамаға қол қояды.

Конкурстық комиссия мүшесінің коммерциялық конкурсқа жіберу туралы хаттамаға қол қою мүмкіндігі болмаған жағдайда, конкурстық комиссияның хатшысы осы хаттамада ЭЦҚ-ның болмау себебі туралы ақпаратты көрсетеді.

78-9. Конкурстық комиссияның коммерциялық конкурсқа қатысушыларды аукционға жіберу туралы шешімі конкурстық комиссияның барлық мүшелері коммерциялық конкурсқа жіберу туралы хаттамаға ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойған сәттен бастап тізілімнің веб-порталында автоматты түрде жарияланады және коммерциялық конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық қатысушыларға электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабарлама жіберіледі.

78-10. Коммерциялық конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама мынадай ақпаратты қамтиды:

1) аукционға қатысуға жіберілмеген қатысушылардың себептері көрсетілген тізімі;

2) аукцион өткізілетін күні мен уақыты көрсетілген, аукционға қатысуға жіберілген қатысушылардың тізімі.

78-11. Аукционды өткізу күні мен уақытын тізілімнің веб-порталы конкурстық комиссияның коммерциялық конкурсқа қатысушыларды аукционға жіберу туралы шешімі тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап бірінші жұмыс күніне автоматты түрде тағайындайды.

78-12. Аукционға жіберілген коммерциялық конкурсқа қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ-ны және тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді.

78-13. Аукцион тізілімнің веб-порталы тағайындаған уақытта Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі кезеңде басталады, бұл ретте аукцион сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталып, мынадай тәртіппен өткізіледі:

1) аукцион басталған кезде аукцион залында коммерциялық конкурсқа қатысушылардың өтінімде көрсетілген, Басқарушы компания белгілеген бастапқы бағадан төмен болмайтын баға ұсыныстары көрсетіледі және ағымдағы баға қалыптастырылады;

2) аукцион басталған сәттен бастап қатысушыға басқа қатысушының ең жоғары ағымдағы бағасын осы Қағидалардың 73-тармағына сәйкес белгіленген қадамға ұлғайту мүмкіндігі беріледі;

3) егер аукцион басталғаннан кейін 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың ешқайсысы ең жоғары ағымдағы бағаны ұлғайтпаса, оны ұсынған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша аукцион өткізілді деп танылады;

4) егер аукцион басталғаннан кейін 20 (жиырма) минут ішінде аукцион залындағы қатысушылардың бірі басқа қатысушының ең жоғары ағымдағы бағасын осы Қағидалардың 73-тармағына сәйкес белгіленген қадамға ұлғайту арқылы активті сатып алуға ниетін растаса, ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады;

5) егер ағымдағы баға ұлғайтылғаннан кейін 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың ешқайсысы ағымдағы бағаны ұлғайту арқылы активті сатып алуға ниетін растамаса, активті сатып алуға ниетін соңғы болып растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал аукцион өткізілді деп танылады.

Егер бағаны көтеру аукционы сағат 17:00-де аяқталған кезде аукцион жеңімпазы айқындалмаса, активті сатып алуға ниетін соңғы болып растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады және осы актив бойынша аукцион өткізілді деп танылады.

Егер аукцион басталған кезде екі және одан да көп қатысушының баға ұсыныстарында актив үшін бірдей ең жоғары баға көрсетілсе және осы ағымдағы баға 20 (жиырма) минут ішінде ұлғайтылмаса, осы қатысушылардың арасынан өтінімі бірдей ең жоғары баға ұсынылған басқа қатысушылардың өтінімдерінен бұрын қабылданған қатысушы аукцион жеңімпазы деп танылады.»;

79-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«79. Егер Қазақстан Республикасында орналасқан актив осы Қағидалардың 64-тармағында көзделген тәсілдермен өткізілмесе, активті өткізу оны нақты өткізгенге дейін, оның ішінде басқарушы компанияның халықаралық алаңдарда және (немесе) платформаларда активті өткізу құқығымен жүзеге асырылады.»;

86-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«86. Активті өткізу кезінде активке меншік құқығын қайта ресімдеуге байланысты шығыстар активті сатып алушыға жүктеледі.»;

87-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«87. Заң шеңберінде қайтарылған активтерді басқару бойынша әрекет нәтижесінде түскен қаражат басқарушы компанияның жеке шотында жинақталады және 7 (жеті) жұмыс күні ішінде активтерді меншікке қабылдауға, басқаруға және (немесе) өткізуге байланысты Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомаларын, сондай-ақ төлеу осы Қағидалардың 10-тарауында айқындалған комиссиялық сыйақыны шегергенде арнаулы мемлекеттік қорға аударылады.».

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
  • осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
  • осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды.
  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                           Аты-жөні

Дата публикации
18 сентября 2026