О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 11 сентября 2025 года № 491 «Об утверждении Плана развития Министерства финансов Республики Казахстан на 2023-2027 годы»

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы                                              11 қыркүйектегі № 491 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 36-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 56-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторингін жүргізу және түзету әдістемесінің 124 және 125-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:       1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 491 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары осы бұйрыққа               қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Даму және Министрліктің қызметін бағалау департаменті:

1) осы бұйрықты Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне жеткізсін;

2) осы бұйрықтың қол қойылған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің аппарат басшысы Э.Б. Ержановқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі                                                                        М. Такиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

____________________

20___ жылғы «____» ________

Дата публикации
22 июня 2026