Жария талқылауды өткізу туралы Анонс – ҚР ҚМ ММЖК Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті

       Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес Департамент қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жария талқылауын өткізуді жоспарлауда.
      Өткізу орны: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 208 мекенжайы, 4 қабат, №40 кабинет.
      Өткізу күні мен уақыты: 2026 жылғы 12 маусым, сағат 15.00.

      Сұрақтар туындаған жағдайда 8(7112) 51-21-79 телефон нөміріне хабарласу қажет.

Дата публикации
03 июня 2026