Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесінде 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
2. |
«Qarmet» АҚ |
Бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесінде есепке алынған. |
».
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік онкүн өткен соң қолданысқа енгізіледі.