«Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі №362 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы 

Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20342 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидасын бекіту туралы»

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Бекітілсін:

1) «Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидасы» осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес»;

2) «Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру» мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидасы» осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

бұйрықтың 1-қағидаларының 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды  тұлғалардың тізбесі)» мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларына»;

1-қағидаларға 2-қосымша алып тасталсын;

1-қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

1-қағидаларға 5-қосымша алып тасталсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2-қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру» мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларына»;

2-қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2-қағидаларға 3-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

«Құрметті мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталының мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерін тұтынушы!».

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің цифрлық ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және  2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және  міндетті ресми жариялануға жатады. 

 

Салыстыру кесте
Дата публикации
05 мая 2026