
республикалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру;
республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді республикалық бюджетке алу;
республикалық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті, сондай-ақ "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңыны сәйкес мемлекет кірісіне айналдырылған мүлікті (активтерді) есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорды жүргізу;
мемлекеттiк мүлiктiң мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды және артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлiктi алып қоюды республикалық мүлiкке қатысты үш жылда кемiнде бiр рет жүзеге асыру;
мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың республикалық меншікке берілетін мүлкі жөнінде сыйға тарту шартын жасасу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен қабылдау;
оларға меншік құқығын мемлекет сыйға тарту шарты бойынша иеленген мүлiктi есепке алуды мемлекеттiк мүлік тізіліміне ол туралы мәліметтер енгізу жолымен жүргізу;
"Байқоңыр" кешені объектілерінің сақталуы мен оларды пайдалану шарттарына бақылауды жүзеге асыру;
Мүліктік жалдауға (жалға) беруге ұсынылатын мемлекеттік мүлік объектілері туралы барлық ақпарат e-«Мемлекеттік мүлік тізілімі» веб-порталындағы (www.qazyna.kz) сайтындаорналастырылған. Бұл ресурстың мүмкіндіктерін пайдалану үшін (объектілермен танысу, онлайн өтінімдер беру, аукциондарға, тендерлерге қатысу, шарттар жасау және т.б.) электрондық цифрлық кілтті (ЭЦҚ) пайдалана отырып сайтта қарапайым тіркелуден өту жеткілікті. Мемлекеттік меншікке жататын, жалға беруге ұсынылатын мемлекеттік мүлік объектілері «Мүліктік жалдау (жалға беру) шарттарының тізілімі» қосымшасында орналасқан.