

Байғазиев Нұржан Дамирұлы 1981 жылы 1 мамырда Орал облысы, Казталов ауылында дүниеге келген.
2002 ж.., Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
2008 ж., Қарағанды қаржы институты
2016 жыл – «Қаржы академиясы» АҚ
Өзінің еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитеті Батыс Қазақстан облысының соттар әкімшісі мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында бастады.
2003 жылдан бастап 2004 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінде жетекші маманы.
2004 жылдан бастап 2005 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының Конкурстық және оңалту ісін жүргізуді бақылау бөлімінің бас маманы.
2005 жылы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының кәсіпорындарға мониторинг жүргізу бөлімінің бастығы.
2005 жылдан бастап 2006 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Салықтарды әкімшілендіру басқармасының мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы.
2006 жылы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Салықтарды әкімшілендіру басқармасының акциздер және мұнай өнімдерін әкімшілендіру бөлімінің бас маманы.
2006 жылдан бастап 2008 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Акциздерді әкімшілендіру басқармасы бастығының орынбасары.
2008 жылдан бастап 2009 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы.
2009 жылдан бастап 2012 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Атырау облысы бойынша Салық департаментінің Атырау қаласы бойынша Салық басқармасының бастығы, Атырау облысы.
2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Атырау облысы бойынша Салық департаментінің басшысы.
2014 жылдан бастап 2015 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Астана – жаңа қала» мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.
2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.
2017 жылы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Сот медицинасы орталығы» ШЖҚ РМК экономисі.
2017 жылдан бастап 2018 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Сот медицинасы орталығы» ШЖҚ РМК бас инженері.
2024 жылы - «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі.
2024 жылдан бастап 2026 жылға дейін - «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.