

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Жетісу облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 44 ж/қ бұйрығымен тағайындалды.
1979 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Каратал ауданы, Үштөбе қаласында дүниеге келген.
Жоғары біліміді. 2006 жылы Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған.
Үйленген, екі баласы бар.
Еңбек жолын 2000 жылғы 15 қарашада Текелі қаласы бойынша Салық комитетінде бастаған.
15.11.2000 – 13.12.2001 жж. – Текелі қаласы бойынша Салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің салық инспекторы.
01.02.2002 – 22.10.2005 жж. – «Ай Си Ж Индакшн энд Контрол Сервиз Казахстан» ЖШС Талдықорғандағы өкілдігінің инспекторы.
21.08.2007 – 04.03.2008 жж. – Алматы облысы бойынша заңды тұлғалардың салық есептілігін қабылдау және өңдеу бөлімінің жетекші салық инспекторы (м.а.).
04.03.2008 – 01.08.2008 жж. – Сол бөлімнің жетекші салық инспекторы.
01.08.2008 – 01.11.2010 жж. – Алматы облысы бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерімен жұмыс және арнаулы салық режимі басқармасының бас салық инспекторы.
01.11.2010 – 02.11.2011 жж. – Алматы облысы бойынша салық төлеушілермен жұмыс басқармасы тіркеу бөлімінің бас салық инспекторы.
02.11.2011 – 20.01.2012 жж. – Талдықорған қаласы бойынша жеке тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығының жетекші маманы – жетекші салық инспекторы.
20.01.2012 – 22.02.2012 жж. – Қапшағай қаласы бойынша салық басқармасының ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығының бас маманы – бас салық инспекторы.
22.02.2012 – 10.02.2014 жж. – Қапшағай қаласы бойынша өндірістік емес төлемдер мен арнаулы салық режимін әкімшілендіру бөлімінің бас маманы – программист.
10.02.2014 – 12.10.2017 жж. – Қапшағай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы.
04.07.2018 – 03.09.2018 жж. – Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімінің бас маманы (м.а.).
03.09.2018 – 01.01.2022 жж. – Сол бөлімнің бас маманы.
01.01.2022 – 16.08.2022 жж. – Мүлікті иелену бөлімінің бас маманы, Талдықорған қаласы.
16.08.2022 – 27.09.2022 жж. – Заңды тұлғалармен жұмыс және мүлікті иелену бөлімінің бас маманы, Талдықорған қаласы.
27.09.2022 – 06.10.2023 жж. – Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімінің басшысы, Өтеген батыр ауылы.
09.10.2023 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Жетісу облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары, Талдықорған қаласы.