Талдау анықтамасы 2025 жылғы 4-тоқсанда қызметтер көрсету мәселесі бойынша

Талдау анықтамасы

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша жұмыс қорытындылары туралы есепке «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ бойынша 2025 жылғы 4-тоқсанда

         Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ 15 қызмет түрін көрсетеді:

  1. 1. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын беру/жою;
  2. 2. Құрылыс және қайта жаңарту (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;
  3. 3. Эскизді (эскиздік жобаны) келісу;
  4. үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру;
  5. тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірмені беру;
  6. 6. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдаудың маршруттары мен қозғалыс кестелерін бекіту;
  7. 7. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру;
  8. 8. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу;
  9. 9. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша ауданаралық (облысішілік қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау;
  10. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру;
  11. 11. Тұрғын үй сертификаттарын беру;
  12. 12. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару;
  13. 13. Ағаштарды кесуге рұқсат беру;
  14. 14. Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу);
  15. 15. Объектілерді кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу).

2025 жылдың 4 тоқсанында 98 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді, атап айтқанда:

  1. 1. Құрылыс және қайта жаңарту (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну - 39;
  2. 2. Эскизді (эскиздік жобаны) келісу - 39;
  3. 3. Ауданаралық (облысішілік қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау - 9;
  4. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру - 3;
  5. 5. Объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) - 8.

Өзге мемлекеттік қызметтер бойынша есептік кезеңде көрсетілетін қызметті алушылардан өтініш түскен жоқ.

Сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпараттық кітапшалар бар. Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына көрсетілетін қызметті алушылардан шағым түскен жоқ.

Сәулет, құрылыс, ТКШ, КБ және АҚ саласында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-zhkh ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде, Фейсбук әлеуметтік желісінде және әкімшілік ғимараттың фойесінде орналастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдау анықтамасы
Дата публикации
21 января 2026