Жариялануға жататын мәліметтер тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 7 ақпандағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2025 жылғы 7 ақпанда № 35710 болып тіркелді.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 9-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса берiлiп отырған жариялануға жататын мәліметтер тізбесі бекітілсін.
- "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жариялануға жататын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 6 қазандағы № 3 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 10 қазанда № 14316 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Әкімшілік-құқықтық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: