Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында:

- меншік нысанына қарамастан, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында жұмыс істейтін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін үйлестіру;

 - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының жылдық және перспективалық бағдарламаларын дайындау;

- ауданның тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени тұрмыстық объектілерін күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;

 - күзгі-қысқы жылыту кезеңін өткізуді бақылауды және мониторингтеуді ұйымдастыру;

- алдағы жылыту кезеңіне арналған Әлеуметтік сала объектілерінің қажеттіліктеріне отын қажеттілігін тексеру және есептеулерді негіздеу және аудан әкіміне бекітуге ұсыну;

- бюджеттік тұтынушыларға отынды ұйымдастырылған сатып алу бойынша Тапсырыс берушінің функциясын орындау және оны жеткізу барысында туындайтын мәселелерді реттеу;

 - ғылыми әзірлемелер мен жобалық ұсыныстар негізінде аудан әкіміне бекітуге, елді мекендерді сумен жабдықтауды жақсарту жөніндегі іс-шараларды дайындау, осы іс-шараларды бюджеттік және өзге де жоспарлаудың құны мен қажеттілігін негіздеу;

 - ауданның су шаруашылығы іс-шаралары жоспарының орындалуын ұйымдастыру және мониторингілеу;

- елді мекендерді аудан орталығымен байланыстыратын тұрақты ауданішілік қызмет көрсету, жолаушылар мен багажды тасымалдау құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткізу, олардың маршруттарын, маршруттар бойынша қозғалыс кестелерін бекіту және осы функцияларды орындаумен байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

 - осы бағыттарға қызмет көрсету құқығына куәлік беру;

 - ауданішілік қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды дамыту бағдарламасын әзірлеу;

- жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемаларын әзірлеу және ауданішілік қатынаста жол жүрісін ұйымдастыру жобалары;

- автожолдардағы қауіпсіздікті, жолдардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелерінде ҚР Үкіметі шешімдерінің және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің орындалуына бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау бойынша орындалған жұмыстардың сапасын бақылауды және қабылдауды жүзеге асыру;

 - ауданда жұмыстарды, тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;

 - АҚ және ТЖ және басқа да жағдайларда аудандық коммуналдық-техникалық автокөлік және жол қызметінің құрамына кіретін құрылымдардың іс-қимылдары жөніндегі іс-шаралар жоспары мен шаралар жүйесінің орындалуына бақылауды әзірлеу және жүзеге асыру;

 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
Дата публикации
11 июня 2024