GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Бөлім туралы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
19 октября 2026
«Сенің таңдауың – сенің болашағың»

     2026 жылғы 19 қазанда білім бөлімі полиция бөлімімен бірлесіп, 9–11-сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Сенің таңдауың – сенің болашағың» атты аудандық форум ұйымдастырды. Форумға аудан мектептерінен 300 оқушы қатысты.

  Форум барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, заң талаптарын сақтау, буллинг пен кибербуллингке жол бермеу, нашақорлықтың, алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін тұтынудың алдын алу, сондай-ақ интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

  Іс-шара аясында нашақорлықтың, буллингтің және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

19 октября 2026
Онлайн бюджеттік мониторинг

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2026 жылғы 8 қазанда Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында Есіл, Тимирязев аудандарының, Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның және Шал ақын ауданының мемлекеттік мекемелерінің өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында талдау, жоспарлау, есептілік және сапаны бақылау бөлімінің басшысының міндетін атқарушы онлайн-бюджеттік мониторингті қолдану мәселелері бойынша түсініктемелер берді. Камералдық бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік аудиторы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған жиі кездесетін бұзушылықтарды қарастырды. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар талқыланды.

Төлемдерге онлайн-бюджеттік мониторинг тұрақты негізде жүзеге асырылады. Мониторинг нәтижелері жеке тұлғалардың шоттарына еңбекақы төлеу түрінде артық ақша аудару фактілерінің бар екенін көрсетеді. Олардың қатарына жалақы, сыйлықақылар, еңбек демалысына ақы төлеу, уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақылар және өзге де төлемдер жатады.

Онлайн-бюджеттік мониторингті қолдану бюджет қаражатын негізсіз аударудың алдын алуға, тиісті тәуекелдерді азайтуға, сондай-ақ жеке тұлғаларға төлемдер жүргізу кезінде бюджет заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

 

16 октября 2026
№ 2 Новоишим орта мектебі базасында жас педагогтердің «Дебют» аудандық байқауы өтті

Новоишим орта мектебі № 2 базасында жас педагогтерге арналған «Дебют» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқауға педагогикалық еңбек өтілі 3 жылға дейінгі ауданымыздың 21 жас педагогі қатысты.
Байқаудың негізгі мақсаты — жас педагогтердің кәсіби және шығармашылық әлеуетін ашу, педагог мамандығының беделін арттыру, талантты мамандарды анықтау және олардың кәсіби дамуына жағдай жасау.
Байқау барысында қатысушылар өздерінің кәсіби білімдері мен педагогикалық шеберліктерін, оқыту мен тәрбиелеудегі шығармашылық тәсілдерін, сондай-ақ заманауи білім беру технологиялары мен интерактивті оқыту әдістерін қолдану дағдыларын көрсетті.
Байқау жас мамандар үшін өз қабілеттерін танытуға, тәжірибе алмасуға, қызықты педагогикалық идеяларын ұсынуға және қазылар алқасы мүшелерінен құнды ұсыныстар алуға тамаша мүмкіндік болды.
Мұндай іс-шаралар жас педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, педагогикалық қауымдастықты нығайтуға және аудандағы білім беру сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Байқау қорытындысы бойынша облыстық кезеңге қатысу үшін үздік деп танылған екі жұмыс жолданады.
Барлық қатысушыларға кәсіби табыс, шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер және өз күшіне деген сенімділік тілейміз!

16 октября 2026
«Кәкімбек оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті

2026 жылғы 16 қазанда облыстық «Кәкімбек оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға ауданның 16 мектебінен 42 оқушы қатысып, ақын, жазушы Кәкімбек Салықовтың шығармашылығын насихаттауға және оның әдеби мұрасын кеңінен танытуға өз үлестерін қосты.
Байқау 3 номинация бойынша ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, әдеби білімдері мен өнерге деген қызығушылықтарын көрсетті.
Кәкімбек оқулары – жас ұрпақтың ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, көрнекті тұлғаның рухани мұрасын дәріптеуге бағытталған тағылымды шара.
Байқау қорытындысы бойынша I орын иегерлері облыстық кезеңде аудан намысын қорғайтын болады. Жеңімпаздарға алдағы кезеңде сәттілік тілейміз!

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру
16 октября 2026
«Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың республикалық зияткерлік конкурсының аудандық кезеңі өтті.

2026 жылғы 15 қазанда «Новоишим № 1 орта мектебі» КММ базасында 9–10 сынып оқушылары арасында «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың республикалық зияткерлік конкурсының аудандық кезеңі өтті. Конкурсқа ауданның бес мектебі қатысты.

Аудандық кезең екі турдан тұрды: бірінші тур – тестілеу, екінші тур – тиісті номинация бойынша стендтік жұмысты қорғау.

Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

*II орын* – Воронцов Арсений, Урожайное орта мектебінің 10-сынып оқушысы;

*III орын* – Роговская Снежанна, Ковыльное орта мектебінің 10-сынып оқушысы;

*III орын* – Бадугулова Карина, Червонное орта мектебінің 9-сынып оқушысы.

Конкурс жүлдегерлерін құттықтаймыз! Облыстық кезеңге қатысушыларға сәттілік пен толағай табыс тілейміз!

09 октября 2026
«Дауылпаз баба – Қожаберген» байқауының аудандық кезеңі өтті

2026 жылғы 9 қазанда «Дауылпаз баба – Қожаберген» облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға 8–11-сынып оқушылары қатысып, қазақ халқының жыраулық өнерін, әдеби мұрасын және ұлттық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған өз өнерлері мен шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
Байқау оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жас ұрпақтың бойында ұлттық тарих пен әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға және көрнекті жырау Қожаберген Толыбайұлының мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталды.
Қатысушылар төрт номинация бойынша бақ сынады:
«Жырыма барша жұртым құлақ салсын!» – мәнерлеп оқу;
«Өлеңнен салып жүрмін ою-өрнек» – жас ақындар байқауы;
«Қожаберген жырау және тарих тағылымы» – зерттеу жұмыстары;
«Ән бар ма “Елім-айдай” елжіреткен?!» – кез келген өлеңге ән шығару.
Әр номинация бойынша оқушылар өздерінің білімін, ізденісін, шығармашылық шеберлігін және өнерге деген қызығушылығын көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша I орын иегерлері облыстық кезеңде аудан намысын қорғайтын болады. Жеңімпаздарға алдағы кезеңде сәттілік тілейміз!

06 октября 2026
2026 жылғы 6 қазанда аудандық Мәдениет үйінде кәсіби мереке — Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

 

Бұл мерекелік күні еңбегін тек сандар мен нәтижелермен өлшеу мүмкін емес жандар — күн сайын балаларға білім әлемінің есігін ашып, олардың қабілеттерін дамытуға ықпал етіп, еліміздің болашағын қалыптастырып жүрген ұстаздар қауымы ұлықталды.

Салтанатты іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының Әдістемелік орталығының директоры Сәркен Р.С., Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі Анбаев Р.А., аудан әкімінің орынбасары Сапанов Б.А. қатысты.

Мерекелік шараның ерекше бөлігі — педагогтерді салтанатты түрде марапаттау рәсімі болды. Жоғары кәсіби шеберлігі, білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі, өз ісіне деген адалдығы және педагогикалық қызметтегі жетістіктері үшін ұстаздарға Құрмет грамоталары, Алғыс хаттар және басқа да лайықты марапаттар табысталды.

Аудан педагогтеріне арнап мазмұнды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Сахна төрінен жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылып, ұстаз еңбегіне деген алғыс пен құрметтің белгісі ретінде музыкалық шығармалар мен шығармашылық қойылымдар ұсынылды.

Бұл мерекелік кеш ұстаздарға ең маңызды сөздерді тағы бір мәрте жеткізуге мүмкіндік берді: балаларға деген мейірімі, қамқорлығы мен сүйіспеншілігі, төзімі мен даналығы, әрбір шәкірттің болашақ жетістігіне негіз болатын білімі үшін алғысымыз шексіз!

Әр ұстаздың әрбір күні шәкірттері мен ата-аналарының құрметі мен алғысына, кәсіби жетістіктерге және өз еңбегінің нәтижесінен қуаныш табуға толы болсын!

Мерекелеріңізбен, құрметті ұстаздар! Ұстаздар күні құтты болсын!

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру
06 октября 2026
Бүгін «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де 8–9 сынып оқушыларына арналған педагогикалық сыныптың салтанатты ашылуы өтті

Педагогикалық сынып — оқушылардың педагог мамандығын саналы түрде таңдауына жасалған алғашқы қадам. Бұл — мұғалім мамандығымен жақынырақ танысуға, көшбасшылық, қарым-қатынас жасау және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік.

Іс-шараның құрметті қонақтары Ғ. Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары Б.А. Сапанов, «СҚО әдістемелік орталығы» КММ директоры Р.С. Сәркен, «М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КММ директоры Г.Ш. Жаканова және «Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» КММ басшысы Э.М. Карабаева болды.

Педагогикалық еңбек ардагері А.П. Штранина мен мектебіміздің педагог-шебері, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.В. Горохводацкаяның оқушыларға айтқан ақ тілектері мен берген батасы іс-шараның ерекше әсерлі сәттерінің бірі болды. Олар өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, жас өрендерге өздеріне сенімді болуды, мақсаттарына табандылықпен ұмтылуды және таңдаған мамандықтарына бастар жолда табысқа жетуді тіледі.

Іс-шара аясында колледж директоры Гүлжан Шамильевна символикалық капсуланы салтанатты түрде табыстады. Сондай-ақ «№ 2Новоишим  орта мектебі» КММ мен «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КММ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, педагогикалық сынып оқушыларына «Мағжан жастары» төсбелгілері табысталды.

Педагогикалық сыныптың ашылуы оқушыларымыз үшін үлкен әрі қызықты жолдың бастауы болып, олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына және келешекте білікті де ұлағатты ұстаздар қатарын толықтыруына ықпал етсін!

Педагогикалық сынып — ұстаздыққа бастар алғашқы қадам!

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС
01 октября 2026
«Ақберен» өнер байқауында аудан оқушылары жүлдеге ие болды

2026 жылғы 30 қыркүйекте жас дарындардың шығармашылық қабілетін шыңдап, ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі өтті.
Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Шарбекова Аяулым «Көркем сөз» номинациясында жүлделі І орынды иеленіп, байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.
Сонымен қатар, 1 Новоишим орта мектебінің 9-сынып оқушысы Бозгулан Диас «Ұлттық аспапта орындау» номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болды.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Аяулымға республикалық кезеңде сәттілік тілеп, биік белестерден көрінуіне тілектеспіз!

25 сентября 2026
«Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі өтті

2026 жылғы 24 қыркүйекте ауданымызда жас дарындардың шығармашылық қабілетін шыңдауға бағытталған «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқау барысында өнерлі де талантты оқушылар ұлттық аспапта өнер көрсету, эссе жазу, көркем сөз оқу, шешендік білгірлік номинациялары бойынша бақ сынасты.
Қатысушылар әр бағытта өздерінің өнері мен білімін, шығармашылық ізденісі мен шеберлігін көрсетіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметін танытты. Байқау жас өрендердің шығармашылық қабілетін дамытуға, сөз өнері мен ұлттық өнерді дәріптеуге мүмкіндік берді.
Аудандық кезең қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, олар алдағы облыстық кезеңде ауданымыздың намысын қорғайтын болады.
Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, облыстық кезеңде сәттілік, шығармашылық шабыт және биік белестер тілейміз! 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы