Меню

Страницы

Статья

«Қарлығаш» балалар сауықтыру лагері

"ҚАРЛЫҒАШ" балалар сауықтыру лагері

Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабат Мүсірепов атындағы аудан, Чистопол ауылдық округі

+   87757387319

 Құрметті ата-аналар!

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға арналған «ҚАРЛЫҒАШ» балалар сауықтыру лагері Сіздерге 2026 жылғы жазғы маусымға сенімді әрі сапалы қызмет ұсынады.

Біз балаларға жарқын әсер сыйлап, денсаулықтарын нығайтып, түрлі дағдыларын дамытуға және Аққанбұрлық өзенінің жағасындағы көркем табиғат аясында қауіпсіз демалыс ұйымдастыруға дайынбыз.

Не үшін «ҚАРЛЫҒАШ» БСЛ таңдайды?

«ҚАРЛЫҒАШ» — жазға қарай самғау!

Біз балалар үшін мынадай жағдайлар жасадық:

✅ Лагерь Аққанбұрлық өзенінің жағасында, экологиялық таза аймақта орналасқан.

✅ Чистополье өңірінің көркем табиғаты қаланың шуынан демалуға тамаша мүмкіндік береді.
✅ Таза ауа балалардың иммунитетін нығайтып, денсаулығын қалпына келтіруге ықпал етеді.

Біздің артықшылықтарымыз:

  • 2026 жылғы маусым бағдарламасы балалардың денсаулығын нығайтуға, дене белсенділігі мен табиғат аясында демалу арқылы дамытуға бағытталған;
  • лагерь ата-аналар үшін сенімді шешім ретінде ұсынылады, балалардың тәлімгерлердің бақылауында қауіпсіз болуына кепілдік береді;ü
  • пайдалы дағдыларды дамыту және әлеуметтену – мұнда балалар жаңа достар тауып, топта жұмыс істеуді үйренеді;ü
  • жаз мезгілін ұмытылмастай ететін жарқын әсерлерге толы демалыс.
    Әр ауысым — жаңа оқиға.

Біз балалар демалысын шынайы заманауи әрі мазмұнды етеміз:
• әр ауысымның өзіндік тақырыбы және бағдарламасы бар, атмосферасы мен іс-шаралары жағынан ерекшеленеді;
• бағдарлама балалардың ойын арқылы дамуына бағытталған: квесттер, командалық жобалар, шығармашылық тапсырмалар, шеберлік сағаттары;
• тәрбиелік-дамыту ортасы ҚР «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы негізінде ұйымдастырылған.

Балалардың сапалы демалысы үшін біз мыналарды ұсынамыз:

  • күніне 5 мезгіл тамақтану (таңғы ас, түскі ас, бесін ас, кешкі ас, кешкі жеңіл ас);
  • күн сайынғы мазмұнды бағдарлама:
  • фильмдер мен мультфильмдерді LED-экранда көру үшін Чистополь ауылдық мәдениет үйіне экскурсиялар ұйымдастыру;
  • ТЖБ, өрт сөндіру бөлімі, құқық қорғау органдары, Новоишим аграрлық-техникалық колледжі мамандарын тарта отырып кәсіптік бағдар беру іс-шараларын өткізу;

o тақырыптық іс-шаралар;

o спорттық-сауықтыру белсенділіктері;

  • күн сайын бұқаралық және топтық іс-шараларға қатысу;
  • сауықтыру рәсімдерінің кешені.

 

 

 

Дата публикации
14 мая 2026
Дата обновления
20 мая 2026
Тип

Сейчас читают

25 мая 2026
Қорытынды аттестаттау 2026: емтихандардың форматы мен кестесі
14 мая 2026
«Қарлығаш» балалар сауықтыру лагері
14 мая 2026
Летний отдых - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы