
Ағымдағы жылы Ғабит Мүсірепов ауданында бір жазғы сауықтыру лагері – "Қарлығаш", лагерінің жұмысы ұйымдастырылады. Лагерьде мектеп оқушылары үшін жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен 4 маусым және коммерциялық негізде 2 маусым ұйымдастыру жоспарлануда. Алғашқы ауысымның келуі маусым айының бірінші онкүндігіне жоспарланған. Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен 240 оқушыны және коммерциялық жолдамалар арқылы 120 оқушыны сауықтыру көзделіп отыр.Тәрбиешілер аудан мектептерінің педагогтері қатарынан жіберіледі.
Қазіргі уақытта балалардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру үшін лагерьге баратын оқушылардың тізімдері жасақталуда.
Жалпыға бірдей білім беру қорынан 8 млн 880 мың теңге, кәсіподақ есебінен 300 мың теңге бөліну жоспарланған, сондай-ақ демеушілік көмек есебінен шамамен 50 жолдама қарастырылған.
Жолдаманың болжамды құны – 37 000 теңге. Жолдама құнына қаржылық қызметтер, балалар мен техникалық қызметкерлердің тамақтануы, дәрі-дәрмек, кеңсе және шаруашылық тауарларын сатып алу, электр энергиясын төлеу және өзге де шығындар кіреді.
Мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысы ұйымдастырылады, қамту көрсеткіші – 98%.
Ұйқымен ұйымдастырылатын лагерьлер – 2, қамтылуы – 100 оқушы;
Ұйқысыз лагерьлер – 39, қамтылуы – 5071 оқушы;
Тамақтанумен ұйымдастырылатын лагерьлер – 24, қамтылуы – 1218 оқушы.
Балалардың еңбек жасақтары мен көгалдандыру бригадалары (мектеп жанындағы учаскелерде, жылыжайларда жұмыс істеу) – 68 жасақ, қамтылуы – 1199 оқушы.
Шығармашылық бағыттағы жұмыстар (қолөнер, қызықты математика, «Оқы да біл», бейнелеу өнері үйірмелері) – 97 үйірме, қамтылуы – 1509 оқушы.
Спорттық-туристік бағыттағы жұмыстар (табиғатқа бір күндік жорықтар, экскурсиялар) – 59 жасақ, қамтылуы – 1464 оқушы.
Зияткерлік бағыттағы жұмыстар (мектептік өзін-өзі басқару ұйымдары, «Жас Ұлан», «Жас Қыран» көшбасшылар ұйымдары, тілдік мектептер, дебат лагерьлері) – 35 мектеп, қамтылуы – 899 оқушы.
Сонымен қатар жазғы кезеңде қосымша білім беру ұйымдары арқылы да балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Өнер мектебінде 120 оқушыны қамту жоспарланып отыр. Оқушылар хореография, домбыра, қобыз, қолөнер және бейнелеу өнері студияларының үйірмелеріне қатысады.
Биылғы жылы этноауыл ұйымдастыру дәстүрлі түрде жалғасады. Лагерьге келу кестесі жасалып, жұмыс ұзақтығы 10 күн болып жоспарлануда