
Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциялары кәмелетке толмағандардың, оның ішінде жетім балалар мен бала асырап алуға мұқтаж ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, оларды асырап алушы отбасына беру, оларға қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат белгілеу, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, қорғаншылықта немесе қамқоршылықта, патронатта болады.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімінде қорғаншылық және қамқоршылық органының қызметін екі қызметкер жүзеге асырады: бала құқықтарын қорғау жөніндегі бас маман олекеева Айнур Женисовна, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі әдіскер Ақанбай Алуа Аскерғалиқызы.
Аудан бойынша 54 бала қорғаншылық пен қамқоршылықта, 6 бала патронаттық тәрбиеде. Барлығы-60 бала. Оның ішінде 26 жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 34 бала бар.
Қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен 9 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
- "Бала асырап алғысы келетін адамдарды есепке қою"
- "Кәмелетке толмағандардың мүлкіне билік ету үшін анықтамалар беру"
- "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу"
"Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау"
- "Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау"
- "Баланы (балаларды) асырап алушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды күтіп-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау"
- "Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем тағайындау"
- "Балаға теріс әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуге рұқсат беру"
- "Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімін беру"