Меню

Страницы

Статья

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау өткізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы

 аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ-де

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі

 талдау өткізу нәтижелері бойынша

талдамалық анықтама

 

2025 ж. 13 маусым                                                                         Новоишим а.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасымен 2016 жылғы 19 қазандағы            № 12 бұйрығымен бекітілген, 2025 жылғы 5 мамырдағы № 19 сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес бөлім басшысының  бұйрығы негізінде бөлімнің бас маманы Құралсын Қайратұлы Даиров, бөлімнің бас маманы Айнұр Қаиржанқызы Шаймерденова, бөлімнің бас маманы-есепші Зарина Қаиржанқызы Калишева, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның қоғамдық кеңесінің төрағасы Алтыншаш Жұлдызбекқызы Тайшабаева жұмыс тобы құрамындағы «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-жер қатынастары бөлімі) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Талданатын кезең: 2024 жылғы 8 мамырдан бастап 2025 жылғы 13 мамырға дейін.

Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 14 мамырдан бастап 2025 жылғы 17 маусымға дейін.

 

  1. ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ, ІШКІ ҚҰЖАТТАРДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге жүргізілген талдау нәтижелері бойынша құқықтық актілер ережелерінің мынадай құқықтық олқылықтары мен және құқықтық актілер ережелерінің соқтығысулар анықталды.

Құқықтық актілерде анықталған тәуекелдер саны 2 (бір.), ішкі құжаттарда 0 (бір.).

1.1 Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, Қазақстан Республикасы Министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы бұйрығына сәйкес «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалар

          Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 37 бабының 2 тармағы:

«Өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған уақытша өтеулi жер пайдаланушының (жалға алушының), егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе жалға алу шартында өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстің 43-бабы»  Жер кодексінің 43-бабында көзделген тәртіп: «43-баптың 7-тармағының 4-тармағы Сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (тегін) жер пайдалану шарты жасалады облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақта), ауданның тиісті уәкілетті органы жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің негізінде шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады» ал мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 1-қосымшасында көрсетілген «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды және көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі және жер учаскесін өтеулі жер пайдалануға (жалға) уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) шарт жасасу не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.» немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.», яғни мемлекеттік қызметті көрсету үшін 10 күн ішінде шарт жасасу жатады, ал Жер кодексінің 43-бабында көзделген тәртіпте жер учаскесін жалдау шартын шешім қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жасауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілердің негізінде Қазақстан Республикасының Жер кодексі мен Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының арасында қайшылық, атап айтқанда, қайшылық бар екенін атап өтуге болады.

Ұсыныс: Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу саласындағы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен Солтүстік Қазақстан облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына хат жолдау.

 

1.2 Қазақстан Республикасының Жер кодексі:

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабы 3-тармағының 2-1), 16) тармақшаларына сәйкес аудандардың уәкілетті органдарының (жер қатынастары бөлімінің) құзыретіне: пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеумен және барлаумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін мемлекеттік сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау; жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын және жер учаскелерін жалдау және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылау. Алайда, ҚР Жер кодексінің 69-бабының 4,6-тармақтарына сәйкес «4. Жария сервитуттар, егер бұл мемлекеттiң және жергiлiктi халықтың мүдделерiн қамтамасыз ету немесе пайдалы қазбаларды барлауды немесе геологиялық зерттеуді жүргізу мақсаттары үшін қажет болған жағдайларда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің шешімдері негізінде жер учаскелерiн алып қоймастан, олардың жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреттері шегінде белгiленуi мүмкiн; 6. Мемлекеттік меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерi бойынша жария сервитут белгiленген кезде, пайдалы қазбаларды барлауды немесе геологиялық зерттеуді жүргізу мақсаттары үшін белгіленетін сервитутты қоспағанда, сервитут үшiн төлемақы бюджетке түседi». Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жоғарыда аталған баптарын салыстыру негізінде мемлекеттік сервитут шарттарын жасасу өкілеттігі қарастырылмаған және телекоммуникация ұйымдарының субъектілері, табиғи монополия (Электр энергиясын тарату) субъектілері үшін сервитут белгіленген жағдайларда мемлекеттік сервитутты пайдаланғаны үшін бюджетке төленетін алымдарды есептеулер және т.б.

Ұсыныс: Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу саласындағы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен Солтүстік Қазақстан облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына хат жолдау.

 

2.ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

2.1. Персоналды басқару.

Персоналды басқарумен байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бір.).

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ штат саны 8 бірлікті құрайды. Нақты саны-6 адам

2024 жылғы 8 мамырдан бастап 2025 жылғы 13 мамырға дейінгі кезеңде кадрлардың ауысу деңгейі жоқ.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, әдеп нормаларын және Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтауы бөлігінде:

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның             18-бабына сәйкес азаматтар мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде белгіленген шектеулерді өзіне қабылдайды. Мәселен, талдау жүргізу кезінде бөлімнің барлық мемлекеттік қызметшілерінің істерінде шектеулерді қабылдау туралы міндеттемелер бар.

2024 жылғы 8 мамырдан бастап  2025 жылғы 13 мамырға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бұзғаны үшін тәртіптік жазалар қолданылмады.

Тәртіптік іс-әрекеттерге мониторинг жүргізу барысында ағымдағы жылдың тексерілетін кезеңінде мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолданылмағаны анықталды.

Барлық мемлекеттік қызметшілер бөлім басшысының бұйрығымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Еңбек тәртібін бұзу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, қылмыстық құқық бұзушылық фактілері болған жоқ. Бөлімде анонимді сауалнама жүргізу қажеттілігі жоқ.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартылған жоқ.

2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысына байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бір.).

Фактілер жоқ:

мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен аффилиирленуі;

мемлекеттік сатып алу, мүлікті, активтерді сатып алу кезінде лауазымды тұлғалардың үлестестігі;

жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмысы), лауазымды адамдардың қызметтік өкілеттіктерін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдауы және бұзушылықтар, лауазымды адамдар үшін қолданыстағы заңнамада белгіленген қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдар анықталған жоқ;

өзіне немесе жақын туыстарының, жекжаттарының, таныстарының пайдасына шешім қабылдау;

лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілеттіктерін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдауы;

қолданыстағы заңнамамен лауазымды адамдар үшін белгіленген қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу.

2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бір.).

2.3.1. Бөлімнің талданатын кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсетуі ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес жүргізілді,онда қандай да бір мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері нақты регламенттелген.

2.3.2. Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы                  31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес бөлім мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

          - «Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту».

Барлығы 377 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген - 377 мемлекеттік қызмет, оның ішінде:

- Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту барлығы-377 мемлекеттік қызмет;

Талданып отырған кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсетудің нормативтік мерзімдерін бұзу анықталған жоқ, әкімшілік кедергілер, көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері анықталған жоқ.

2.4. Рұқсат беру функцияларын көрсету.

Бақылау функциясын іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бір.).

Бөлім «Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде рұқсат беру функцияларын орындайды. Осы қызметті көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

          2.5 Мемлекеттік сатып алу.

Мемлекеттік сатып алумен байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

Барлық мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Жабдықтаушы шарттарда көрсетілген мерзімде қызметтерді көрсетеді және ұйымның келісім-шартты орындау сапасына қатысты шағымдары жоқ.

2024 жылғы 8 мамырдан бастап 2025 жылғы 13 мамырға дейінгі кезеңде 25 мемлекеттік сатып алу өткізілді, оның ішінде бір көзден алу тәсілімен 5 шарт тікелей жасасу, 5 шарт баға ұсынысы әдісімен, 14 шарт бір көзден алу тәсілімен өтпеген сатып алулар бойынша, 1 шарт алдын ала конкурс арқылы өткізілді.

Мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізу кезінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға пайдаланылатын бюджет қаражатын тиімді пайдалану, мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындылығы қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

Ішкі талдау нәтижесінде әлеуетті өнім берушілердің жүргізіліп жатқан мемлекеттік сатып алуларына департамент басшылығының жақын туыстарының, жұбайларының немесе құдаларының қатысу фактілері анықталған жоқ.

  1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдер саны _ 0 __ (бір.).

3.1 Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау

2024 жылдың 8 мамыры мен 2025 жылдың 13 мамыры аралығында департаментке 33 өтініш түсті, оның ішінде: 18 жеке тұлғалардан, 15 заңды тұлғалардан.

Барлық өтініштер заңмен белгіленген мерзімде қанағаттандырылды және қаралды.

Жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардың өкілдерінен түскен барлық өтініштерге ӘРПК сәйкес заңнамада белгіленген мерзімде жауаптар берілді және «Е-өтініш» бағдарламасына тіркеледі; мерзімдерін бұзу фактілері болған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық істері бойынша арыздар мен арыздар түскен жоқ. Барлық өтініштер шағымдану құқығын түсіндіре отырып, уақтылы қаралады, уақтылы орындамау немесе орындаудан бас тарту фактілері жоқ.

Қызметтің ашықтығы мен жариялылығы.

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ қызметі бөлімнің ресми интернет-ресурсында, әлеуметтік желілер беттерінде жарияланады. Бюджеттік бағдарламалардың жобалары мен бюджеттің атқарылуы туралы есептер «Ашық бюджеттер» порталында орналастырылады.

Қорытынды бөлім.

Ұсыныстардың жалпы тізімі:

  1. Талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
  2. Алты ай ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша жұмыс тобы берген ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізу.

Қосымша: 2 парақта

 

 

ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ:

 

Жер қатынастары бөлімнің

бас маманы                                             _____________ Қ.Қ. Даиров

 

Жер қатынастары бөлімнің

бас маманы                                             _____________ А.Қ. Шаймерденова

 

Жер қатынастары бөлімнің

бас маман-есепші                                   _____________ З.Қ. Калишева

 

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

қоғамдық кеңестің төрағасы                 _____________ А.Ж. Тайшабаева

 

 

Танысты:

Жер қатынастары

бөлім басшысы                                                                   Ж. Қабдуннасов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                            қосымша

Талданған құқықтық актілердің/ішкі құжаттардың тізбесі

 

  1. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексі.
  2. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
  3. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
  4. «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы қаулысы;
  5. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы                     4 желтоқсандағы № 434-V Заңы;
  6. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы;
  7. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңы;
  8. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысы;
  9. «Мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығы;
  10. «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы№ 393 бұйрығы;
  11. Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы № 540 бұйрығы;
  12. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы
  13. «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығы;
  14. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
  15. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген
  16. «Қазақстан Республикасының шегінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қызметтік іссапарлары туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы;
  17. «Қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттер есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысы
  18. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 21 «Сынақ мерзімінен өту қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді бекіту тәртібін бекіту туралы» бұйрығы;
  19. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу қағидалары;
  20. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары;
  21. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді тағылымдамадан өткізу қағидалары;
  22. «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысы;
  23. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы;
  24. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
  25. «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы.
  26. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
  27. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі қызметкерлерінің жеке істері;
  28. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары;
  29. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі қызметкерлеріне сыйақы беру туралы өкімдер.

 

 

 

 

Дата публикации
01 июля 2025
Дата обновления
01 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
Жалпыға бірдей құқықтық оқыту
13 октября 2026
хабарлама
12 октября 2026
азаматтарды қабылдау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы