«СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығы мен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес 2027 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жарияталқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жарияталқылау 2026 жылғы 16 қазан мен 2026 жылғы 30 қазан аралығында 10 жұмыс күні ішінде онлайн формата өткізіледі. Сұрақтар, түсініктемелер, ұсыныстар, ескертулер жазбаша түрде (электрондық мекенжайға ovpmusrepova@yandex.kz ) ауызша түрде де (тел. 8 7153522606) қабылданады, сондай-ақтүсініктемелерді сайтта қалдыруға болады.
Жобалар тізіміне сілтеме: https://www.gov.kz/org/gmusrep-ovp/discussion-documents/details/1259
Анықтама телефоны: 8 7153522606
2026 жылғы 2 қыркүйекте Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Көрнекі ақпарат – қала айнасы» акциясы аясында аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында кәсіпкерлік нысандарындағы деректемелер мен көрнекі ақпараттардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне мониторинг жүргізілді.
Бөлім мамандары кәсіпкерлерге көрнекі ақпаратты мемлекеттік тілде дұрыс және сауатты рәсімдеуге қойылатын талаптар мен нормаларды түсіндіріп, көрнекі ақпаратты орналастыру бойынша әдістемелік кеңес берді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілеріне көрнекі ақпаратты рәсімдеу талаптары және тіл заңнамасының нормалары қамтылған ақпараттық материалдар ұсынылды.
Қазақстан Республикасы халқының Тілдері күнін мерекелеу аясында «Әділет» партиясы аудандық филиалының ғимаратында этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың өкілдерін біріктіретін дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты этносаралық және мәдениетаралық диалогты нығайту, Мемлекеттік тілді насихаттау, сондай-ақ елімізде тұратын барлық этностардың тілдік және мәдени мұраларын сақтау және дамыту болды.
Этномәдени бірлестіктердің өкілдері ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтауға бағытталған мәдени-ағарту іс-шараларын өткізу тәжірибесімен бөлісті. Ашық диалог форматында қатысушылар пікір алмасып, бірлескен жұмыстың одан әрі бағыттарын ұсынды.
Іс-шара түрлі қоғамдық және мемлекеттік құрылымдар өкілдері арасындағы ашық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін жылы, мейірімді атмосферада өтті. Соңында қатысушылар үшін ұлттық тағамдармен үстел ұйымдастырылды.
1 шілдеден бастап Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға арналған жыл сайынғы сыйлықақы беру байқауына өтінім қабылдау басталды.
Кейінгі тоғыз жыл ішінде бұл сыйлықақы 558 үкіметтік емес ұйымға табысталды. Жыл сайын олардың қатарында аудандар мен ауылдық елді мекендердің дамуына үлес қосып жүрген 10-ға жуық ауылдық үкіметтік емес ұйым бар.
Егер ұйымыңыз қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға белсенді қатысып, өз саласында нәтижелі жұмыс атқарып, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге үлес қосып жүрсе, сіздерді үздік үкіметтік емес ұйымдарды анықтауға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.
✔️Өтінім қабылдау 2026 жылғы 1 қыркүйекте сағат 18:30-да (Астана уақытымен) аяқталады.
Байқауға қатысу талаптары туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы білуге болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/1035722?lang=kk
Қосымша ақпарат бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:
8 (7172) 74-07-41, 74-09-97, 74-02-17.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Новоишим ауылында орталық аудандық кітапханада «Отбасылық құндылықтарды насихаттауға, ауданның қоғамдық-саяси өміріндегі әйелдердің рөлін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы, «Демеу» балалық шақ мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығы» ЖМУ аясында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының 1 кезеңі өткізілді Ғабит Мүсірепов.
Байқауға 5 отбасы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 2 отбасы: Ставропол ауылынан Лысенко, Көкалажар ауылынан Айтқожиндер Петропавл қаласында 2 кезеңге қатысады.
Барлық отбасыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
2026 жылғы 22 маусымда комиссия отырысы өткізілді, оның шеңберінде 3 мәселе қаралды:
- «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу»;
- «Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейін Бірлік және Возвышенка ауылдық округтерінде отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру».
Отырыс барысында мемлекеттік мекемелер басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің тиісті бағыттар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есептері тыңдалды.
Мәселелерді қарау нәтижелері бойынша комиссия мүшелері аудан аумағында отбасылық және гендерлік саясат қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірлеп, берді.
2026 жылғы 10 наурызда комиссия отырысы өткізілді, оның шеңберінде 3 мәселе қаралды:
- «Отбасындағы жанжалдардың алдын алу және әлеуметтік тәуекел саласындағы отбасын қолдау орталығы жұмысының тиімділігі»;
- «Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейін Шұқыркөл және Андреев ауылдық округтерінде отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру».
Отырыс барысында мемлекеттік мекемелер басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің тиісті бағыттар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есептері тыңдалды.
Мәселелерді қарау нәтижелері бойынша комиссия мүшелері аудан аумағында отбасылық және гендерлік саясат қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірлеп, берді.