А.ж. 16 қазан, аудандық кітапханада "Ұрпақ" қазақ-ағарту орталығының төрағасы Г. Н. Мұсабаева діни конфессиялардың, этномәдени бірлестіктердің, жастар ресурстық орталығының өкілдерімен, спортшылар, жастармен, Новоишим аграрлық-техникалық колледжінің студенттерімен "Этномедиация этносаралық қақтығыстардың алдын алу тәсілі ретінде" тренингін өткізді. Тренинг қатысушыларына этномедиация жанжалдарды отбасылық жанжалдардан бастап күрделі этносаралық дауларға дейін шешуге көмектесетіні туралы ақпарат берілді. Күнделікті өмірде пайдалы болуы мүмкін практикалық мысалдар да ұсынылды. Кездесу диалог форматында өтті, барлық сұрақтар бойынша түсініктемелер берілді. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.