А.ж. 14 ақпанында Новоишим аграрлық-техникалық колледжінің студенттері арасында полиция бөлімінің қызметкерімен, әлеуметтік қорғау бөлімінің қызметкерімен және Жастар ресурстық орталығының директорымен кездесу өтті. Кездесу «Адам денсаулығына қоршаған ортаның әсері», «Жастар тәжірибесі», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыптарында өтіп, мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық брошюралар таратылды.