А.ж. 25 ақпанында ауданға Дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы келді. Спортшылармен; Новоишим аграрлық-техникалық колледжінің студенттерімен; пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен; аудандық кітапхананың кітапханашыларымен, сондай - ақ жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен, аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен кездесулер диалог форматында өткізілді, дін саласындағы, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары түсіндірілді. Қойылған сұрақтарға түсініктемелер берілді.