Рухани келісім күні

Рухани келісім күні аудандық орталық кітапханада  Ғабит Мүсірепов атындағы «Жұманқожа» мешітінің бас имамы И.О. Мирзаевпен жастар кездесуі өтті. Шараның басты мақсаты: жас ұрпақтың бойында өз отандастарына, олардың рухани артықшылықтары мен ұлттық дәстүрлеріне толеранттылық пен өзара сыйластық сезімін тәрбиелеу.

Іс-шараны кітапхана қызметкерлері А.Кобжасарова мен С. Аржикеева ашып, қатысушыларды Рухани келісім күнімен құттықтап, Қазақстан аумағында тұратын халықтардың дініне, мәдениетіне бейбітшілік пен құрмет тіледі. Олар балаларға осы мерекеде адамдар бір-біріне жүректерінің жылуын сыйлайтындығын айтты. Бұл күн махаббат, қуаныш пен мейірімділіктің жылы нұрына толы. Олар бейбітшілікті сақтаудың маңыздылығы, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен әл-ауқаты үшін және бұл күн жанжал мен қақтығыстарға моратори күні, татуласу, мейірімділік және жақынымызға көмек күні деп жарияланғаны туралы айтты. Оқушыларға ата - бабаларының дәстүрлерін жалғастыруға-түрлі этностар мен діндер өкілдерімен келісе өмір сүруге тілектестік білдірді.

Мешіт имамы И. О. Мирзаев жастар аудиториясына арнаған сөзінде аға ұрпаққа деген құрмет ата-аналар мен мұғалімдерді құрметтеуден бастап, отбасы мен мектептен бастау алатынына баса назар аударды. Бұл күн ұлты мен дініне қарамастан барлығын біріктіретінін атап өтті. Сондай-ақ, ол қазіргі жастардың өмір сүруіне барлық жағдай жасалғанын, жастарды ұлты мен дініне қарамастан, қоғамдағы тұрақтылық пен келісім үшін бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге шақыратынын атап өтті. Әр адам екіншісінің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеуі керек деп айтты. Іс-шара барысында жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мәселелері мен келешегі жөнінде қызықты пікір алмасу өтті.

Оқушылар қойған сұрақтарына толық жауап алды.

Рухани келісім күні
Дата публикации
21 октября 2024