2024 жылғы 28 маусымда "отбасылық құндылықтарды насихаттауға, ауданның қоғамдық-саяси өміріндегі әйелдердің рөлін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру" мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде "Демеу "балалық шақ мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығы" ЖМУ Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының 1 кезеңін өткізді.
Байқауға 5 отбасы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды Новоишим ауылынан Абдуллиндер отбасы, 2 орынды Петропавл қаласында 2 кезеңге қатысатын Гаршино ауылынан Жаңбырбаевтар отбасы иеленді. 3 отбасы Айтжановтар, Исмагуловтар, Шалтықовтар қатысқаны үшін марапатталды.
Барлық отбасыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.