А.ж. сәуір-қыркүйек айлары аралығында «Демеу» балалық шақ мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығы» ЖМУ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы іске асырылды.
Жоба аясында аудан мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер конкурсы және колледж студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік мақала конкурсы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ, жоба аясында маусым айында Рузаевка ауылында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы баннер шығарылды және әлеуметтік желілерде «Сыбайлас жемқорлықсыз өмір» әлеуметтік ролигі орналастырылды.