«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;
2) осы қаулыны «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру;
3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңдарда белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтиды.
Солтүстік Қазақстан облысы Р.Аңбаев
Ғабит Мүсірепов
атындағы аудан әкімі