
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратында әдеп жөніндегі уәкілдің міндеттері аудан әкімінің орынбасары Берік Айсаұлы Сапановқа жүктеледі.
Берік Айсаұлы, 1973 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Сарыбұлақ ауылында туған. 1995 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын «Орыс мектебіндегі қазақ тілі мұғалімі» мамандығы бойынша, 2005 жылы Леонид Борисович Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін «қолданбалы экология» мамандығы бойынша аяқтаған.
Мемлекеттiк қызметтегi жалпы еңбек өтiлi 19 жыл.
Мемлекеттiк қызметшiлер Әдеп кодексiнiң нормаларын бұзған жағдайда 8(71535) 21-4-24 нөмiрiне хабарласуға болады.
Мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Новоишим ауылы , Абылай хан көшесi 28, № 18 кабинет.
Құрметтi сайтқа кiрушiлер! Сiздерге өңiрiмiздiң бей-жай емес және белсендi азаматы ретiнде сiздерге өтiнiш бiлдiремiн. Бiзге Сiздiң Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмi аппаратының және ауданның мемлекеттiк органдарының қызметi туралы ойыңызды бiлу өте маңызды. Сауалнаманы толтырған кезде сұрақтарды және олардың түсiндiрмелерiн мұқият оқыңыз. Ұсынылған нұсқалардың сiздiң ойыңызша сәйкес келетiн нұсқасын таңдаңыз және белгiлеңiз.
Сiздiң шынайылығыңыз бен әдiлдiгiңiз мемлекеттiк органдар жұмысын бағалауда және жоспарлауда дұрыс қорытынды жасауға көмектеседi.
Сiздi мемлекеттiк органда (Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмiнiң аппараты, аудандық бөлiмдер, ауылдық округтерi әкiмдерiнiң аппараттары) әдеп нормаларын сақтау жөнiнде қабылданған шаралар қаншалықты тиiмдi екенiне
https://docs.google.com/forms/d/1ONzlYPCM-fJpLpFn2QGCuNdoj9NEz3gX7n8wJjIkAT0/edit
сiлтеме бойынша жауап беруiңiздi сұраймыз
Әдеп жөнiндегi уәкiл
Берік Айсаұлы Сапанов