GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Бөлім туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Все материалы
Кәсіпкерлік
Сауда
14 октября 2026
«Көшпенділер» жәрмеңкесі

Ағымдағы жылдың 13 қазанында Новоишим ауылында «Көшпенділер» жәрмеңкесі өтіп, оған Астана қаласындағы шағын орта бизнес өкілдері қатысты. Жәрмеңкеде сүт, ет, бал өнімдері, шұжық, кондитерлік өнімдер мен көкөністер сатылды. Бұл өнімдер төмендетілген бағамен сатылды.

09 октября 2026
Новоишим ауылының тұрғыны «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысу мәселесі бойынша жүгінді.

А.ж. 28 қыркүйекте кәсіпкерлік бөліміне Новоишим ауылының тұрғыны «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысу мәселесі бойынша жүгінді. Өтініш барысында азаматқа бағдарламаға қатысу шарттары, құжаттарды тапсыру тәртібі және қаржыландыру бағыттары бойынша егжей-тегжейлі түсініктемелер берілді. Бұдан бөлек, бөлім басшысы «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуға өтінім беру кезінде іс жүзінде сүйемелдеу көрсетті. Өтініш берушіге өтінімді рәсімдеу және алдағы іс-қимылдар тәртібі бойынша қажетті кеңестік және практикалық көмек көрсетілді.

30 сентября 2026
Ғабит Мүсірепов ауданының кәсіпкерлік бөлімі маманы ауылдық округ маманымен бірлесіп, Чистополье ауылының сауда нысандарына барды.
2026 жылғы 29 қыркүйекте Ғабит Мүсірепов ауданының кәсіпкерлік бөлімі маманы ауылдық округ маманымен бірлесіп, Чистополье ауылының сауда нысандарына барды.
Іс-шара барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) тізбесіне енгізілген негізгі азық-түлік өнімдерінің бөлшек саудадағы бағалары тексерілді. Мониторингтің негізгі мақсаты – белгіленген сауда үстемесінің сақталуын бақылау және негізгі азық-түлік өнімдері бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу.
Мониторинг қорытындысы бойынша сауда нысандарының иелерімен заңнама талаптарын сақтау, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тұрақты бағасын қамтамасыз ету, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өткізу және осы саладағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кәсіпкерлік
Сауда
24 сентября 2026
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің мамандары ауылдық округ маманымен бірлесіп, Рузаев ауылының сауда объектілерін аралады

2026 жылғы 23 қыркүйекте Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің мамандары ауылдық округ маманымен бірлесіп, Рузаев ауылының сауда объектілерін аралады.

Сапар барысында олар әлеуметтік маңызы бар ӘМАТ тізіміне кіретін негізгі тамақ өнімдерінің бөлшек сауда бағаларын тексерді. Мониторингтің басты мақсаты — жол берілетін сауда үстемесінің сақталуын бақылау және базалық өнімдер бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу. Тексеру қорытындысы бойынша дүкен иелерімен тұрғындар үшін тауарлардың тұрақты құнын сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

24 сентября 2026
Рузаевкада Мобильді фронт-офис жұмысы аясында кездесу өтті

2026 жылғы 23 қыркүйекте Рузаевка ауылының Мәдениет үйінде Мобильді фронт-офис жұмысы аясында кәсіпкерлермен кездесу өтті. Шара аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қуанышұлы Аманжоловтың төрағалығымен ұйымдастырылды.

Кездесу жұмысына шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсететін қаржы институттары мен ұйымдардың өкілдері қатысты:

Жанар Хадесқызы Тайпақова — «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалының бағдарламаларды ілгерілету жөніндегі бас менеджері;

Салтанат Шоқанқызы Уәлихан — «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалының клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджері;

Бексұлтан Қайрұлы Манап — «Солтүстік» ӘКК шағын және орта бизнес саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бөлімінің бас маманы;

Егор Александрович Сапунов — «Alatau City Bank» АҚ ШОБ-ты кредиттеу бөлімінің бастығы.

Кездесу барысында кәсіпкерлерге бизнесті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары, соның ішінде «Іскер Аймақ» субсидиялау бағдарламалары, кепілдік қолдау, «Ауыл аманаты» бағдарламасы, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдаудың басқа да құралдары туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді.

Ұйым өкілдері жеңілдікпен кредит алу, қаржыландыру, субсидиялау және кепілдік қолдау мүмкіндіктері туралы айтып берді. Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу шарттарына және жұмыс істеп тұрған бизнесті дамыту мен жаңа кәсіпкерлік жобаларды іске асыру үшін қаржылық қолдау алу механизмдеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында кәсіпкерлер мамандардан жеке кеңестер алып, бизнесті қаржыландыруға, кеңейтуге және одан әрі дамытуға қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.

Мұндай кездесулерді Мобильді фронт-офис форматында өткізу кәсіпкерлерге қолжетімді мемлекеттік қолдау шаралары туралы өзекті ақпаратты тікелей жергілікті жерлерде алуға және бейінді мамандардан тәжірибелік кеңестер алуға мүмкіндік береді.

Осы іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсетіп, септігін тигізгені үшін «Рузаев ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ ұжымына ерекше алғысымызды білдіреміз.

22 сентября 2026
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда

Бұл бағдарлама ауылдық елді мекендер тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға және жергілікті бизнесті дамытуға бағытталған.

Бағдарлама аясында Возвышенка ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Анар Әнуарқызы Өтеева шаруашылық қызметі саласындағы қызметтерді дамыту бойынша жобаны іске асырды. Қажетті техниканы сатып алу үшін кәсіпкерге 10 млн теңге көлемінде несиелік қаржыландыру берілді. Бөлінген қаражатқа тиегіш (погрузчик) сатып алынды. Бұл техника көрсетілетін қызметтер тізімін кеңейтуге, өндірістік мүмкіндіктерді арттыруға және кәсіпкерлік қызметті одан әрі дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мұндай жобаларды жүзеге асыру ауылдағы шағын бизнестің дамуына және ауыл тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктердің ашылуына ықпал етеді.

 

22 сентября 2026
Бірыңғай есеп беру күні
Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде сағат 11:00-де Солтүстік Қазақстан облысының бақылау және қадағалау органдарының «Бірыңғай есеп беру күні» өтеді. Қатысуға облыс кәсіпкерлері шақырылады.
Есептің бірыңғай күні кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың профилактикасын жүзеге асыру нәтижелерін талқылау бойынша, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту, бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелері бойынша сындарлы шешімдер тұжырымдау, қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметі реформасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері заңнамасының міндетті талаптарын талқылау бойынша өткізіледі.
Бірыңғай есеп күні мына мекен-жайда өткізіледі: Новоишим ауылы, Абылай-хана көшесі, 28, 1 қабат (үлкен зал). Іс-шараға қатысу туралы ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (71535) 21-7-45 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» КММ.
21 сентября 2026
Ведомствоаралық комиссия

2026 жылғы 17 қыркүйекте  кәсіпкерлік бөлімінің басшысы аудан әкімі Р.Ә. Аңбаевтың төрағалығымен өткен «Заң және тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі аудан әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысты. Отырыс барысында алкоголь және темекі өнімдерінің айналымы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, елді мекендерді абаттандыру, сондай-ақ интернет-алаяқтық пен есірткі қылмыстарының алдын алу мәселелері қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар беріліп, тапсырмалар жүктелді.

21 сентября 2026
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы

В рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» 18-19 сентября т.г. состоялся выезд по высадке саженцев, в котором приняли участие сотрудники отдела предпринимательства. В ходе мероприятия участники внесли свой вклад в озеленение территории, высадив саженцы и проведя работы по благоустройству. Подобные экологические инициативы направлены на формирование бережного отношения к окружающей среде, сохранение природных ресурсов и создание благоприятной и комфортной среды для жителей. Участники акции отметили важность совместных усилий в вопросах озеленения и благоустройства территории.

Кәсіпкерлік
16 сентября 2026
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жаңа жоба іске асырылды.

«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Рузаев ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Ерлан Сертайұлы Кенжахимов жүк тасымалы саласындағы қызметтерді дамыту жобасын іске асырды.

Қажетті көлік құралын сатып алу үшін кәсіпкерге 10,8 млн теңге көлемінде несиелік қаржыландыру берілді.

Бөлінген қаражатқа жүк тасымалын жүзеге асыруға арналған «Газель» автокөлігі сатып алынды.

Бұл жобаны жүзеге асыру ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамытуға, халық пен шағын бизнес субъектілері үшін жүк тасымалдау қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ кәсіпкердің табысын ұлғайтуға жағдай жасауға септігін тигізеді.

Жоба ауылдық жерде жеке істі дамыту және қызмет көрсету аясын кеңейту үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың жарқын мысалы болып табылады. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы ең тиімді несиелеу шарттарын ұсынатынын еске сала кетейік. Шағын несиелер жылдық небәрі 2,5 пайыздық мөлшерлемемен беріледі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы