Меню

Страницы

Статья

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ФАКТІСІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАН НЕМЕСЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛҒА ӨЗГЕШЕ ТҮРДЕ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТЕТІН (КӨРСЕТКЕН) АДАМДАРДЫ КӨТЕРМЕЛЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ФАКТІСІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАН НЕМЕСЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛҒА ӨЗГЕШЕ ТҮРДЕ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТЕТІН (КӨРСЕТКЕН)

АДАМДАРДЫ КӨТЕРМЕЛЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ

(Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу қағидалары (ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 тамыздағы № 270 бұйрығымен бекітілген)

Параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1 000 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын немесе залал келтірілмеген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК;

2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК;

3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК;

4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК;

5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.

Пара немесе келтірілген залал сомасы не ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны 1000 АЕК-тен асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал не ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының 10% құрайды, бірақ 4000 АЕК-тен көп емес.

Көтермелеу алу үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адам сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органға не әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы іс қозғаған органға көтермелеу туралы өтінішті, жеке басын куәландыратын құжатты және қолданыстағы банктік шоты көрсетілген екінші деңгейдегі банктің анықтамасын ұсына отырып жүгінеді.

Көтермелеу әкімшілік жаза қолдану туралы сот шешімі немесе айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін ғана төленеді.

қылмыстық құқық бұзушылық жасалғаны туралы

КӨРІНЕУ ЖАЛҒАН СӨЗ ЖЕТКІЗГЕНІ ҮШІН
12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру

түріндегі ең жоғары жазамен қылмыстық жауаптылық көзделген

(Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабы).

Анықтама телефондары:

8 (7152) 469493, 8 (7152) 462643

Дата публикации
09 апреля 2025
Дата обновления
09 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

29 апреля 2025
Ақпарат
09 апреля 2025
Сенім телефоны
Ақпарат
09 апреля 2025
Әдеп жөніндегі уәкілі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы