ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі»

  1. ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы

    «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі»

     

     

    Новоишимское ауылы                                                14 маусым 2024 жыл

     

     

    «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» басшының 2024 жылғы 29 мамырдағы № 9 бұйрығы негізінде.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2024 жылғы 6 мамырынан 14 маусым аралығында жүргізілді.

    Ішкі талдаумен «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 1 маусымнан 2024 жылғы 30 сәірге дейінгі жұмыс кезеңі қамтылды.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес жүргізілді.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтаманы Бөлім басшысының 2024 жылғы 29 мамырдағы № 9 бұйрығымен құрылған жұмыс тобы жасады: Роза Сүйіндікқызы Исмагамбетова – бөлім бас маман-бухгалтері, Манат Мақзұмұлы Дүйселеков – бөлім бас маманы, Аяжан Кенжеқызы Бердиярова – бөлім басшысының хатшысы, Наталья Николаевна Сидоренко – «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ бас маманы, Нұрсадық Қыстаубайұлы Баракаев –  Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның қоғамдық кеңесінің мүшесі (келісім бойынша).

     

    Талдау жүргізу барысында «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» КММ (бұдан әрі-Бөлім) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде заңнамалық актілер бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

     

    Персоналды басқарумен байланысты анықталған тәуекелдердің саны, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен расталған лауазымдарды айқындау 2 (бірлік).

     

    1.1. Өткен кезеңде бөлім қызметкерлерінің ешқайсысы жұмыстан шыққан жоқ, сәйкесінше ауысымдылық - 0% құрайды.

    Тәртіптік практика мониторингін жүзеге асыру кезінде бөлім қызметкерлеріне бір жыл ішінде 1 тәртіптік жаза қолданылғаны, оның ішінде 1 – і мерзімінен бұрын алынып тасталғаны анықталды.

    Бөлімде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.

    Ішкі талдау барысында жұмыс тобы персоналды басқару бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелін анықтады.

    Бөлімде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап келісу комиссиясы құрылмаған.

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 22-бабы 1-тармағының 16-тармақшасына сәйкес қызметкердің жеке еңбек дауын қарауға осы Кодексте көзделген тәртіппен келісу комиссиясына, сотқа дәйекті түрде жүгінуге құқығы бар.

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағының 26-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші осы Кодексте белгіленген тәртіппен келісім комиссиясын құруға міндетті.

    Осылайша, Бөлім қызметкерлердің жеке еңбек дауын келісу комиссиясы мен сотқа дәйекті түрде қарау үшін жүгіну құқығына нұқсан келтіреді.

     

    Оны жою жөніндегі ұсыныс:

    кадрлар жөніндегі маман Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен келісім комиссиясын құру туралы бұйрық дайындасын;

      бөлім басшысына келісім комиссиясын құру туралы бұйрыққа қол қойылсын

     

    1.2. ҚР Еңбек Кодексінің 23 - бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші қызметкерлерден еңбек, ұжымдық шарттардың, еңбек тәртібі қағидаларының және жұмыс берушінің басқа да актілерінің талаптарын орындауды талап етуге құқылы. Еңбек тәртібі қызметкердің жұмысына тікелей байланысты болғандықтан, оның болуы және кәсіпорын қызметкерлерінің онымен танысуы міндетті болып табылады.  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде бөлімде ішкі тәртіп Ережелерімен танысу журналы болмаған.

     

    Оны жою жөніндегі ұсыныс:

    - кадрлар жөніндегі маманға ішкі тәртіп Ережелерімен танысу журналын ресімдеу, Бөлімнің барлық қызметкерлерін, оның ішінде жаңадан қабылданғандарды қол қою арқылы таныстыру.

     

    Мүдделер қақтығысын реттеуге байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

     

    «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 1-бабының 17) тармақшасына сәйкес, мүдделер қақтығысы мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық болып табылады, бұл ретте мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері оның өз лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін.

    Жақын туыстары (ата-аналары (ата-аналары), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты бос лауазымдарға орналасу кезінде аффилиирлену фактілері анықталған жоқ. Талдау барысында бөлімнің мемлекеттік қызметшілері арасында мүдделер қақтығысы анықталған жоқ. Бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлықтың көріну фактісі бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

     

    Мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

     

    Бөліммен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.

     

    Рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

     

    Бөлім рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.

     

    Бақылау-тексеру функцияларын іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

     

    «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» КММ 2023 жылғы 1 маусымнан 2024 жылғы 30 сәуірге дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы кодексінің 193-баптарында (төртінші және бесінші бөліктерінде) көзделген талаптарын сақтамайтын адамдарды анықтау және әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша бақылау), 199, 202, 204, 204-2, 204-3, 204-4 жүргізген жоқ, әкімшілік іс жүргізілмеді.

     

    Бюджет және қаржы қаражатын игеруге және бөлуге байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

     

    «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» КММ Мемлекеттік сатып алу порталында сатып алу жоспары уақтылы орналастырылды, 2023 жылғы 1 маусымнан 2024 жылғы 31 сәірге дейінгі кезеңде бюджет қаражаты 100% игерілді.

     

    Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

     

    Жұмыс тобы мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізді.

    Бөлімнің барлық мемлекеттік сатып алулары бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады 22023 жылғы 1 маусымнан 2024 жылғы 31 сәірге дейінгі кезеңде 32 мемлекеттік сатып алу өткізілді, оның ішінде тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен – 2 шарт, баға ұсыныстарын сұрату – 14 шарт, өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден – 13 шарт, конкурстың екінші кезеңі бойынша негіздемелік келісімді пайдалана отырып-3 шарт.

    Ішкі талдау нәтижесінде бөлімде Мемлекеттік сатып алуды жүргізуге жауапты адамдардың жақын туыстары, жұбайлары немесе жекжаттары болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің өткізілетін Мемлекеттік сатып алуға қатысу фактілері анықталған жоқ.

    Тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жасалған барлық шарттарда «Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы есеп» қалыптастырылды, онда осы әдісті қолдану туралы шешім қабылдаудың барлық негіздемелері және жасалған шарттардың жеткізушілері мен бағаларын таңдаудың негіздемесі бар.

     

    Ақпараттық жүйелерді әзірлеуге және пайдалануға байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

     

    Жұмыс тобы 2023 жылғы 1 маусымнан 2024 жылғы 31 сәірге дейінгі кезеңде ақпараттық жүйелерді пайдалану саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізді.

    Бөлім электрондық іс жүргізудің технологиялық базасы болып табылатын және Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жүйесіндегі бизнес-процестерді жетілдіруге арналған «Е-қызмет» ИАЖ жүйесінде жұмыс істейтіні анықталды.

    Жүйе 9 блоктан және 31 функционалды ішкі жүйеден тұрады.

    «Е-қызмет» жүйесі арқылы мынадай мақсаттарға қол жеткізіледі:

    - мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтерінің қызметін автоматтандыру;

    - кандидаттар мен мемлекеттік қызметшілерді тестілеу нәтижелерін алу;

    - мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу.

    - барлық деңгейлерде тәртіптік бақылауды қамтамасыз ету;

    - үздік халықаралық практикаға сәйкес мемлекеттік қызмет персоналын басқаруды қамтамасыз ету;

    - «Оnline» режимінде орталық және өңірлік деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер туралы толық кадрлық ақпарат алу;

    - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің меморандумында және стратегиялық жоспарында көзделген мақсаттар мен түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізу.

    «Е-қызмет» ақпараттық жүйесін зерделеу барысында бұзушылық фактілері анықталған жоқ, барлық қойындылар уақтылы толтырылады.

    Бөлімде мемлекеттік органның қызметінде ақпараттық қауіпсіздікті сақтау бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізілуде.

    Вирусқа қарсы базаларды жүйелі түрде жаңарту, жұмыс станцияларының, серверлер мен ноутбуктардың вирусқа қарсы профилактикасы, бөлімнің ақпараттық жүйелері үшін логиндерді өзектендіру және мониторингілеу, жұмыс станцияларында парольдерді ауыстыру жүргізіледі.

     

    Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдер саны 1 (бірлік).

     

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 113-бабының 2-бөлігіне сәйкес жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші тиісті кезең үшін өзіне тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшері мен негіздері, оның ішінде ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтер туралы әр қызметкерге жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті, ал сондай-ақ төлеуге жататын жалпы ақша сомасы туралы.

    СЖТІТ жүргізу барысында бас маман бухгалтер жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарлама жібермейтіні анықталды.

     

    Оны жою жөніндегі ұсыныс:

     

    - бас маман бухгалтерге ай сайын Бөлім қызметкерлеріне жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарлама жіберілсін.

     

     

    ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

     

    Ұсыныстың жалпы тізімі:

     

    1. Қорытынды Талдамалық анықтамаға қол қойылғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жұмыс тобының басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдын алу жөніндегі іс шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
    2. Орындаушы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданған (қабылданатын) шаралар туралы ақпаратты кәсіпкерлік бөлімінің ресми интернет ресурсында орналастырсын;
    3. Сыбайлас жемқорлық факторларын анықтау мақсатында бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерге тұрақты негізде мониторинг жүргізу. Мұндай факторлар анықталған жағдайда нормативтік-құқықтық актілерді түзету жөнінде ұсыныс енгізілсін.
    4. Кадрлар жөніндегі маман Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен келісім комиссиясын құру туралы бұйрық дайындасын жәнеде бөлім басшысына келісім комиссиясын құру туралы бұйрыққа қол қойылсын
    5. Кадрлар жөніндегі маманға ішкі тәртіп Ережелерімен танысу журналын ресімдеу, Бөлімнің барлық қызметкерлерін, оның ішінде жаңадан қабылданған қызметкерлерді қолтаңбамен таныстыру
    6. Бас маман бухгалтерге ай сайын Бөлім қызметкерлеріне жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарлама жіберілсін.

     

     

    ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ

     

    бөлім бас маман-бухгалтер                                                  Исмагамбетова р. С

     

    бөлім бас маманы                                                                 Дүйселеков М. М

     

    бөлім басшының хатшыс                                                     Бердиярова А. К

     

    «Солтүстік Қазақстан облысы

    Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

    әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және

     тілдерді дамыту бөлімі» КММ бас маманы                       Сидоренко Н. Н

     

    Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның

    қоғамдық кеңесінің мүшесі

    (келісім бойынша)                                                                Баракаев Н. Қ 

     

     

     

     

    Таныстым:

     

    Басшы

    кәсіпкерлік бөлімі                                                     М. К. Әбілмажинов

     

     

     

     

     

     

    Қосымша

     

     

    "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" КММ-нің талданатын провизиялық актілері мен ішкі құжаттарының тізбесі

     

    1. 1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген үлгілік қағидалар.
    2. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясымен.
    3. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі"КММ ережесі
    4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы.
    5. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 әдеп кодексі.
    6. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кәсіпкерлік Кодексі.
    7. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі
    8. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434 Мемлекеттік сатып алу туралы заң-Views.
    9. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414 V Еңбек кодексі.
    10. Бөлім қызметкерлерінің жеке істері.
    11. Бөлім қызметкерлеріне сыйлықақы беру туралы бұйрықтар.
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
02 июля 2024