Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия

2024 жылғы 19 наурызда  аудан әкімі Р.Ә.Аңбаевтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның кәсіпкерлік бөлімінде Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Қ.Әбілмәжинов сөз сөйледі.

Шұқыркөл ауылдық округінің аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Шұқыркөл ауылдық округінің әкімі Қ.Е.Жанзақов хабарлады.

Жоғарыда аталған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша аудан әкімі тиісті органдарға ұсынымдар мен тапсырмалар берді.

Дата публикации
19 марта 2024